Аварияны азайту, көлiк кешенi жұмысының қауiпсiздiгiн арттыру, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен ведомстволарының көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi iс-әрекетiн үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1.2.
Ескерту. 1.2-тармақтар күшін жойды- ҚР Үкіметінің 2002.04.16. N 440
қаулысымен. P020440_
3. Облыстар мен Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерi:
көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық (қалалық) комиссиялар құрып, комиссия төрағасының функцияларын әкiмнiң орынбасары - төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық (қалалық) комиссияның төрағасына (лауазымы бойынша) немесе облыс (қала) әкiмiнiң жол шаруашылығы және көлiк мәселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктесiн;
1998-1999 жылдардың iшiнде көлiктегi аварияны азайту, қала және поселке көше жүйелерiн қайта жаңарту мен дамыту, жол қозғалысын реттейтiн техникалық құралдарды тиiстi жағдайда ұстау жөнiнде шаралар кешенiн әзiрлесiн және жүзеге асырсын;
көлiктегi аварияны азайту, жол қозғалысын реттейтiн техникалық құралдарды дамыту мен ұстау жөнiндегi шараларды қаржыландыруды жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi:
1998-2000 жылдардың iшiнде автомобиль жолдарын, жол құрылысының элементтерiн, көпiрлердi және басқа да инженерлiк құрылғыларды тиiстi жағдайға келтiру жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеп, жүзеге асырсын;
техникалық пайдалану ережелерiнiң пайдалану-техникалық талаптарына сәйкес жол шаруашылығының, техникалық және жасанды құрылғылардың, жылжымалы құрамның, темiр жол көлiгiндегi автоматика құралдарының жағдайын жақсартсын:
ұшу қауiпсiздiгiнiң жай-күйiне әуе кемелерiнiң және
аэродромдардың (әуежайлардың) техникалық жағдайына және
пайдаланылуына бақылау жасасын.
5. "Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi
ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 жылғы 3 мамырдағы N 552
P960552_
қаулысының күшi жойылған деп
танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 28 сәуiрдегi
N 391 Қаулысына
қосымша
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.30. N 1082 қаулысымен.
P991082_
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.06. N 678 қаулысымен.
P000678_
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.28. N 1117 қаулысымен.
P011117_
Көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Нұрқаділов - Қазақстан Республикасы Төтенше
Заманбек Қалабайұлы жағдайлар жөніндегі агенттігінің
төрағасы, комиссия төрағасы
Бижанов - Қазақстан Республикасының
Нұрахмет Құсайынұлы Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттігі төрағасының бірінші
орынбасары, комиссия төрағасының
орынбасары
Белоног - Қазақстан Республикасының
Анатолий Александрович Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
агенттігі төрағасының, Қазақстан
Республикасы Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігерінің орынбасары
Жақыпов - Қазақстан Республикасының
Қабиболла Қабенұлы Көлік және коммуникациялар
бірінші вице-министрі
Донақов - Қазақстан Республикасының
Талғат Советбекұлы Әділет бірінші вице-министрі
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Тұрсынұлы Білім және ғылым бірінші вице-
министрі
Кесікбаев - Қазақстан Республикасының
Сұлтанғали Қабденұлы Қаржы министрлігі Мемлекеттік
органдарды қаржыландыру
департаментінің директоры
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Әбілғазы Қалиақпарұлы Көлік және коммуникациялар
министрлігі Автомобиль жолдары
комитетінің төрағасы
Мамин - Қазақстан Республикасының
Асқар Ұзақбайұлы Көлік және коммуникациялар вице-
министрі
Мырзабеков - Қазақстан Республикасының Ішкі
Нұркәрім Төлеутайұлы істер министрлігі Жол полициясы
комитетінің төрағасы
Мұсатаев - Қазақстан Республикасының
Мұрат Қабділжаппарұлы Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау вице-министрі
Оглов - Қазақстан Республикасының
Вадим Валерьевич Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттігі Төтенше жағдайларды
мемлекеттік қадағалау, техникалық
және тау-кен қадағалау жөніндегі
департаментінің директоры
Петров - Қазақстан Республикасының
Валерий Викторович Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттігі төрағасының орынбасары
Шәріпов - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Қайтпас Шәріпұлы сақтау ісі жөніндегі агенттігі
Апаттар медицинасы орталығының
директоры
Адамова - Қазақстан Республикасы Төтенше
Алма Берікқожақызы жағдайлар жөніндегі агенттігінің бас
маманы, комиссия хатшысы
Асқаров Әлібек - Қазақстан Республикасының
Асылбайұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі Мемлекеттік
баспагерлік бағдарламаларды
қалыптастыру жөніндегі
департаментінің директоры;
Жаңабаев Т.М. - Қазақстан Республикасының Көлiк
жүргiзушiлерi одағының орталық
кеңесiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Жапаров Е.М. - "Отан" қоғамдық бiрлестiгi орталық
комитетiнiң төрағасы
Молдажанов Р.К. - Қазақстан Кәсiптiк одақтар федерациясы
төрағасының орынбасары (келiсiм
бойынша)
Мырзахметов А.И. - "Қазақстан темiр жолы" РМК
директоры
Мырзахметов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асқар Исабекұлы шаруашылығы вице-министрi
Ахметов Әшімжан - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Сүлейменұлы және ғылым вице-министрi
Бахмутова - Қазақстан Республикасының
Елена Леонидовна Қаржы министрлігі Бюджет
департаментінің директоры
Қалқабаев - Қазақстан Республикасының Көлік
Ержан Шойбекұлы және коммуникациялар министрлігі
Көліктік бақылау комитетінің
төрағасы
Есмұқанов - Қазақстан Республикасы
Кәрім Есмұқанұлы Тұтынушылар кооперациясы одағының
басқармасы төрағасының орынбасары
Сабалақов - Қазақстан Республикасы Қарулы
Жұмағали Бекенұлы Күштерінің Бас әскери полиция
басқармасы әскери жол полициясы
басқармасының бастығы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 28 сәуiрдегi
N 391 Қаулысымен
бекiтiлген
Көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi
ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етумен, мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларды әзiрлеумен және iске асырумен, осы мақсаттарға бөлiнетiн қаражатты тиiмдi пайдаланумен байланысты мәселелер жөнiндегi министрлiктердiң, ведомстволардың, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiк нысанына қарамастан, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң қызметтiк үйлестiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге арналған консультативтiк-кеңесшi үкiметтiк орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiн мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:
көлiктегi аварияның себептерiн зерделеу мен талдау және жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу;
көлiктегi аварияны азайту жөнiндегi мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларды, жобалар мен шараларды әзiрлеу мен iске асыруға көмектесу;
ғылыми-техникалық әлеуметтiң және олардың материалдық-техникалық ресурстармен және бюджеттiк қаржыны дамытуға көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң басым бағыттарына автомобиль және темiр жолдарын, аэродромдарды (әуежайларды), теңiз және өзен порттарын, қалалар мен елдi мекендердiң көше жүйелерiн салу мен қайта жаңарту бағдарламаларында, жылжымалы құрамның техникалық сипаттамаларын жақсартуда көлiктегi қозғалысты реттейтiн қазiргi заманғы техникалық құралдарды енгiзуде, көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң кәсiби деңгейiн көтеруде, Жол полициясы департаментiнiң қызметкерлерi мен көлiк құралдарын жүргiзушiлердi жол-көлiк оқиғаларынан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйретуде шоғырландыруға көмектесу;
Қазақстан Республикасының көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қолданылып жүрген заңдары мен нормативтiк актiлерiне тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды дайындауға қатысу;
министрлiктердiң, ведомстволардың және басқа да орталық және жергiліктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң және қоғамдық бiрлестiктердiң көлiк оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауыртпалығын төмендету мәселелерi жөнiндегi жұмыс тәжiрибелерiн зерделеу, осы жұмыстың оң тәжiрибесiн тарату;
министрлiктердiң, ведомстволардың, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын талдау және көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу;
көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша жергiлiктi, ведомстволық қызметтерге және қоғамдық бiрлестiктерге жәрдемдесу мен көмек көрсету;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы барлық жас деңгейiндегi халыққа жол қауiпсiздiгi ережелерiн оқытуға, жол қозғалысы қауiпсiздiгi жөнiндегi бiлiмдi насихаттауға жәрдемдесу;
көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi алдыңғы қатарлы шетел тәжiрибесiн зерделеу, көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң халықаралық ұйымдастырушылық тетiктерiн енгiзу жөнiнде ұсыныстар дайындау.
3. Комиссияның:
министрлiктерден, ведомстволардан, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан олардың көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қызметтерiн бейнелейтiн деректердi сұратуға және алуға;
министрлiктерде, ведомстволарда, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, меншiк нысандарына қарамастан, кәсiпорындарда және ұйымдарда көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша тексеру жүргiзудi ұйымдастыруға;
өз мәжiлiстерiнде министрлiктердiң, ведомстволардың, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың көлiктегi қауiпсiздіктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi баяндамаларын және есептерiн тыңдауға;
министрлiктерге, ведомстволарға, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға ведомствоға қарасты көлiктерде қауiпсiздiктi қамтамасыз етпейтiн басшыларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныстар енгiзуге;
тиiстi министрлiктердiң, ведомстволардың, өзге де орталық және атқарушы органдар мен мекемелердiң басшыларымен келiсе отырып, көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысты материалдарды дайындауға қатысу үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы мәселелер жөнiндегi қаулыларын министрлiктердiң, ведомстволардың, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын зерделеу мен талдау үшiн бiлiктi мамандарды тартуға;
көлiктегi қауiпсiздiктi арттыру мәселелерi бойынша заң және үкiмет актiлерiнiң жобаларын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық туралы шарттарды әзiрлеуге қатысуға құқығы бар.
4. Комиссия өз жұмысын Комиссия төрағасы бекiткен жоспарға сәйкес жүргiзедi. Комиссия мәжiлiсi кемiнде тоқсанына бiр рет өткiзiледi. Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және олар ұсыным сипатында болады.
5. Комиссия жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң аппараты жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң төрағасы (лауазымы бойынша) Комиссияның төрағасы болып табылады.