О неотложных мерах защиты населения от туберкулеза в Республике Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 сентября 1998 года N 839. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2007 года N 1261, за исключением пункта 11 .

     Внимание пользователей!

      Сноска. Постановление Правительства РК от 4 сентября 1998 г. N 839 утратило силу, за исключением пункта 11, постановлением Правительства РК от 21 декабря 2007 г. N 1261 .



     В связи с ростом заболеваемости и смертности от туберкулеза, принявшим характер эпидемии, Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:


     1. Акимам областей, городов Астаны и Алматы и районов организовать областные, городские и районные советы по борьбе с туберкулезом, утвердив положения о них и их персональный состав. <*>

     Сноска. Пункт 1 с изменениями - постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2003 года N 317; от 1 сентября 2004 года N 922 .

     2. Акимам областей, городов Астаны и Алматы:

     в двухмесячный срок пересмотреть механизм финансирования противотуберкулезной службы;

     в месячный срок рассмотреть на заседаниях советов по борьбе с туберкулезом вопрос о состоянии противотуберкулезной работы с принятием конкретных мер, обеспечивающих предотвращение дальнейшего распространения туберкулеза;

     рекомендовать ежегодное выделение из областного бюджета централизованных средств на приобретение медицинского оборудования и капитальный ремонт противотуберкулезных учреждений;

     совместно с органами Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке рассмотреть и решить вопросы госпитализации и лечения в стационарах больных, выделяющих микобактерии туберкулеза, а также вопросы организации охраны территорий этих стационаров;

     руководствоваться требованиями статьи 118 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" при предоставлении жилищной площади из государственного жилищного фонда больным активными формами туберкулеза, выделяющим микобактерии туберкулеза.

     3. Министерству финансов Республики Казахстан:

     не допускать в республиканском бюджете секвестрирование расходов, предназначенных на приобретение противотуберкулезных препаратов и вакцин;

     ежегодно предусматривать бюджетные ассигнования на централизованный закуп противотуберкулезных препаратов и медицинского оборудования;

     периодически проверять целевое использование средств, выделяемых на противотуберкулезные мероприятия;

     ввести отдельную строку в местном бюджете для отражения расходов на содержание противотуберкулезной службы.

     4. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан до конца 1998 года разработать и внести в установленном порядке на утверждение в Правительство программу профилактики и борьбы с туберкулезом и бруцеллезом среди сельскохозяйственных животных и птиц.

     5. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан, акимам областей, городов Астаны и Алматы обеспечить:

     соблюдение физическими и юридическими лицами, независимо от формы собственности, занимающимися производством и реализацией животноводческой продукции, установленных ветеринарно-санитарных требований;

     безопасные условия труда работников животноводческих ферм;

     укрепление ветеринарной службы, особенно в районах, где нет крупных хозяйств.

     6. Министерству внутренних дел, Министерству юстиции, Министерству здравоохранения Республики Казахстан:

     обеспечить обязательное флюрографическое обследование на туберкулез лиц, пребывающих в Республику Казахстан с целью приобретения гражданства Республики Казахстан;

     обеспечить обязательное флюорографическое обследование подследственных в следственных изоляторах - при поступлении и через каждые полгода, осужденных в исправительных учреждениях - два раза в год;

     принять необходимые меры по лечению больных, находящихся в следственных изоляторах и исправительных учреждениях;

     создать единый банк данных больных туберкулезом, освобождающихся из мест заключения;

     в исправительно-трудовых колониях Актюбинской, Восточно-Казахстанской, Северо-Казахстанской, и Южно-Казахстанской областей открыть специализированные отделения для лечения больных туберкулезом осужденных в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете на содержание учреждений уголовно-исполнительной системы. <*>

     Сноска. Пункт 6 с изменениями - постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2003 года N 317.

     7. Министерству обороны, Министерству здравоохранения Республики Казахстан:

     принять необходимые меры по выявлению больных туберкулезом среди лиц призывного возраста;

     при выявлении больных туберкулезом среди военнослужащих направлять их на лечение в территориальные противотуберкулезные учреждения по месту службы с последующим переводом, после полного излечения, в ближайшее военно-лечебное учреждение для принятия экспертного решения. <*>

     Сноска. Пункт 7 с изменениями - постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2003 года N 317.

     8. Министерству здравоохранения Республики Казахстан:

     определить приоритетное финансирование противотуберкулезной службы республики;

     внедрить во всех противотуберкулезных учреждениях методы ранней бактериологической диагностики и контролируемую краткосрочную химиотерапию туберкулеза по методике Всемирной организации здравоохранения. <*>

     Сноска. Пункт 8 с изменениями - постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2003 года N 317.

     9. Министерству здравоохранения Республики Казахстан совместно с Министерством труда и социальной защиты населения Республики Казахстан по согласованию с Министерством финансов Республики Казахстан рассмотреть вопрос о поэтапном установлении 30-процентной надбавки к должностному окладу (тарифной ставке) работникам и научным сотрудникам противотуберкулезных учреждений за инфекционный характер работы. <*>

     Сноска. Пункт 9 с изменениями - постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2003 года N 317.

     10. Министерству культуры, информации и спорта Республики Казахстан обеспечить широкую пропаганду санитарно-гигиенических знаний среди населения по профилактике туберкулеза с бесплатным предоставлением эфирного времени врачам-специалистам, организацию постоянно действующих рубрик. <*>

     Сноска. Пункт 10 с изменениями - постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2003 года N 317 ; от 20 марта 2004 г. N 364 ; от 28 января 2005 г. N 73 .

     11. Переименовать Научно-исследовательский институт туберкулеза в Национальный центр проблем туберкулеза Республики Казахстан. <*>

     Сноска. Пункт 11 с изменениями - постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2003 года N 317.

     12. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на Министерство здравоохранения Республики Казахстан.

     Министерству здравоохранения Республики Казахстан ежеквартально, к 15 числу месяца, следующего за кварталом, информировать Правительство Республики Казахстан о ходе выполнения настоящего постановления. <*>

     Сноска. Пункт 12 с изменениями - постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2003 года N 317.

     13. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.


       Премьер-Министр

     Республики Казахстан



Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 839 қаулысы

       Ескерту. ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 839 Қаулысының 11-тармағын қоспағанда күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы  N 1261 Қаулысымен.

      Эпидемиялық сипат алған туберкулезбен ауырудың және қайтыс болудың көбеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының және аудандардың әкімдері туберкулезбен күрес жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық кеңестерді, олар туралы Ережелер мен олардың жеке құрамын бекіте отырып ұйымдастыратын болсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.04.02. N 317   қаулысымен ,   1-абзацтың күші жойылды -  2004.09.01. N 922   қаулысымен .

      2. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері: 
      екі ай мерзім ішінде туберкулезге қарсы күрес қызметін қаржыландыру тетігін қайта қарасын; 
      бір ай мерзім ішінде туберкулезбен күрес жөніндегі кеңестердің отырыстарында туберкулезге қарсы жұмыстардың жай-күйі туралы мәселені туберкулездің одан әрі таралуына жол бермеуді қамтамасыз ететін нақты шараларды қабылдай отырып қарайтын болсын; 
      облыстық бюджеттен жыл сайын медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға және туберкулезге қарсы мекемелерді күрделі жөндеуден өткізуге арналған орталықтандырылған қаражат бөлуге ұсыныс жасасын; 
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі органдарымен бірлесе отырып туберкулездің микробактерияларын бөліп шығаратын ауруларды ауруханаға жатқызу және стационарларда емдеу жөніндегі мәселелерді, сондай-ақ осы стационарлардың аумағын қорғауды ұйымдастыру мәселелерін заңда белгіленген тәртіппен қарайтын және шешетін болсын; 
      Туберкулездің микробактерияларын бөліп шығаратын туберкулездің белсенді түрімен ауырғандарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғын үй алаңын берген кезде Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынасы туралы" Заңының 118-бабының талаптарын басшылыққа алатын болсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: 
      республикалық бюджетте туберкулезге қарсы препараттар мен вакциналар сатып алуға арналған шығыстарды секвестрлеуге жол бермейтін болсын; 
      туберкулезге қарсы препараттар мен медициналық құрал-жабдықтарды орталықтандырылған сатып алуға бюджеттік қаражат бөлуді жыл сайын қарастырып отыратын болсын; 
      туберкулезге қарсы шараларға бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын мерзімді түрде тексеріп отырсын; 
       жергілікті бюджетте туберкулезге қарсы қызметті ұстауға арналған шығыстарды көрсету үшін жеке жол енгізсін.

      4. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі 1998 жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының арасында туберкулез бен бруцеллездің алдын алу және оған қарсы күрес бағдарламасын жасап, белгіленген тәртіппен Үкіметтің бекітуіне енгізетін болсын.

      5. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері: 
      меншік түріне қарамастан мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен және сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарды сақтауын; 
      мал шаруашылығы фермалары қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек ету шартын; 
      ветеринарлық қызметті, әсіресе ірі шаруашылықтары жоқ аудандарда нығайтуды қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі: 
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мақсатында Қазақстан Республикасына келген адамдарды туберкулезге қарсы міндетті флюрографиялық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін; 
      тергеу оқшаулауларындағы тергеуге алынған адамдарды - түскен кезінде және жарты жыл сайын, түзету мекемелеріндегі сотталғандарды - жылына екі рет міндетті флюрографиялық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін; 
      тергеу оқшаулауларындағы және түзету мекемелеріндегі ауруларды емдеу жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын; 
      бас еркінен айыру мекемелерінен босанған туберкулезбен ауыратындардың бірыңғай банкін жасасын; 
      республикалық бюджетте қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін ұстау үшін қарастырылған қаражаттың шегінде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының еңбекпен түзеу колонияларында туберкулезбен ауыратын сотталғандарды емдеуге арналған мамандандырылған бөлімшелер ашсын.
       Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.02. N 317   қаулысымен .

      7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі: 
      әскерге шақырылу жасындағы адамдардың ішінде туберкулезбен ауыратындарды айқындау жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;
      әскери қызметкерлер арасында туберкулезбен ауыратындар анықталған жағдайда, оларды қызмет етіп жатқан жеріндегі аумақтық туберкулезге қарсы мекемелерге емдеуге жіберіп, соңынан толық емделіп шыққаннан кейін, сараптама шешім шығару үшін, таяу маңдағы әскери-емдеу мекемесіне ауыстырсын.
       Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.02. N 317   қаулысымен .

      8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі: 
      республиканың туберкулезге қарсы қызметін басым қаржыландыруды айқындасын; 
      барлық туберкулезге қарсы мекемелерде ерте бактериологиялық диагностика әдістері мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әдістемесі бойынша туберкулездің бақыланатын қысқа мерзімді химиялық терапиясын енгізсін.
       Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.02. N 317   қаулысымен

      9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып туберкулезге қарсы мекемелердің қызметкерлері мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына (тарифтік ставкасына) жұмыстың жұқпалылық сипатына байланысты 30-проценттік үстеме ақы қосуды кезең- кезеңмен енгізу мәселесін қарасын.
       Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.02. N 317   қаулысымен .

      10. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi дәрігер-мамандарға эфирлік уақытты тегін бере отырып халық арасында туберкулездің алдын алу бойынша санитарлық-гигиеналық білімді кеңінен насихаттауды, тұрақты жұмыс істейтін айдар ашуды қамтамасыз етсін. <*>
       Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.04.02. N 317   қаулысымен , 2004.03.20. N 364   қаулысымен ,   2005.01.28. N 73   қаулысымен .
        11. Туберкулез ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы деп қайта аталсын. <*>
       Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.04.02. N 317   қаулысымен .

      12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін. <*>
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі тоқсан сайын сол тоқсаннан кейінгі айдың 15-ші күнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы ақпарат беріп отыратын болсын. <*>
       Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.02. N 317   қаулысымен .
      13. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі