Туберкулезбен күрес жөнiндегi республикалық үйлестiру кеңесi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 317 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1261 Қаулысымен

       Ескерту. ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 317 Қаулысының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы   N 1261 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.01. N 922   қаулысына .

      2. "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi N 839  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 30, 265-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақтағы "құрылып, 1 және 2-қосымшаларға сәйкес құрамы мен Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
      "құрылсын".
      6-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі";
      7, 8, 9, 12-тармақтарда:
      "Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi" деген сөздер "Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақта "Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Туберкулез ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы деп қайта аталсын";
      12-тармақтың "Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздер "Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады