О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 3 мая 1999 года № 128 "О квоте иммиграции на 1999 год"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 мая 1999 года № 532

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 3 мая 1999 года № 128 "О квоте иммиграции на 1999 год" U990128_ Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Возложить на Агентство Республики Казахстан по миграции и демографии организацию исполнения и соответствующий контроль за реализацией Указа Президента Республики Казахстан от 3 мая 1999 года № 128 "О квоте иммиграции на 1999 год".
      2. Акимам областей, городов Астаны и Алматы в месячный срок представить в Агентство Республики Казахстан по миграции и демографии перечень районов, населенных пунктов для компактного расселения семей репатриантов (оралман).
      3. Министерству иностранных дел совместно с Агентством Республики Казахстан по миграции и демографии:
      обратиться по дипломатическим каналам к правительствам соответствующих государств по вопросам выезда и транзитного проезда репатриантов (оралман) и оказания им содействия при переезде через границы государств выезда;
      проработать с соответствующими государственными органами зарубежных стран меры, связанные с защитой гражданских и имущественных прав соотечественников, изъявивших желание возвратиться на историческую родину.
      4. Министерству обороны Республики Казахстан при необходимости организовать временные контрольно-пропускные пункты для осуществления пограничного контроля прибывающих репатриантов (оралман) из государств, не входящих в СНГ.
      5. Министерству внутренних дел Республики Казахстан обеспечить

 

личную и имущественную безопасность репатриантов (оралман) в пути

следования по территории Казахстана и в местах расселения.

     6. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.


     Исполняющий обязанности

       Премьер-Министра

     Республики Казахстан



(Специалисты: Э.Жакупова

              И.Сельдемирова)     






Қазақстан Республикасы Президентінің "1999 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 1999 жылғы 3 мамырдағы N 128 Жарлығын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 6 мамыр N 532

      Қазақстан Республикасы Президентінің "1999 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 1999 жылғы 3 мамырдағы N 128 U990128_ Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "1999 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 1999 жылғы 3 мамырдағы N 128 Жарлығын орындауды ұйымдастыру және оның іске асырылуына тиісінше бақылау жасау Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларын жинақы орналастыру үшін аудандардың, елді мекендердің тізбесін ұсынсын.
      3. Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігімен бірлесіп:
      дипломатиялық арналар арқылы тиісті мемлекеттердің үкіметтеріне репатрианттардың (оралмандардың) шығу және транзитті жол жүру, шығатын мемлекеттердің шекараларынан өткен кезде оларға жәрдем көрсету мәселелері жөнінде өтініш жасасын;
      шет елдердің тиісті мемлекеттік органдарымен тарихи отанына оралуға ниет білдірген отандастардың азаматтық және мүліктік құқығын қорғауға байланысты шараларды пысықтасын.
      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қажет болған жағдайда ТМД елдеріне кірмейтін мемлекеттерден келетін репатрианттарға (оралмандарға) шекаралық бақылауды жүзеге асыру үшін уақытша бақылау-өткізу бекеттерін ұйымдастырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстанның аумағы бойынша жол жүргенде және орналасқан жерлерінде репатрианттардың (оралмандардың) жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.
      Омарбекова А.