О финансировании строительства подстанции 110/10 кВ "Астана"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 1999 года № 603

      В целях реализации поручений Президента Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Министерству финансов Республики Казахстан выделить из резерва Правительства Республики Казахстан Министерству энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан для открытого акционерного общества "Акмолинская РЭК" в целях окончания строительства в первом полугодии 1999 года подстанции 110/10 кВ "Астана" 123 млн.тенге (сто двадцать три миллиона тенге) и 1 091 899 дойчмарок (один миллион девяносто одна тысяча восемьсот девяносто девять дойчмарок) в тенговом эквиваленте.
      2. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от

 

24 февраля 1999 года № 161 


P990161_


  "О развитии города Астаны в 1999 году"

следующие изменения:            

     1) в подпункте 2) пункта 3 слово "783,0 млн.тенге (семьсот

восемьдесят три миллиона тенге)" заменить словами "709,1 млн.тенге

(семьсот девять миллионов сто тысяч тенге)";

     2) в приложении 4 к указанному постановлению:

     в строке "Всего по всем источникам" цифру "783,0" заменить цифрой

"709,1";

     строки:

     "Акционерное общество "Акмолинская РЭК"      73,9

     а) подстанция 110/10 кВ "Астана" г. Акмола   73,9" исключить.

     3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.


     Премьер-Министр

   Республики Казахстан



     (Специалисты: Кушенова Д.

                   Жакупова Э.)





"Астана" 110/10 кВ кіші станциясының құрылысын қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 мамыр N 603

      Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Астана" 110/10 кВ кіші станциясының құрылысын 1999 жылдың бірінші жарты жылдығында аяқтау мақсатында Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне "Ақмола РЭК" ашық акционерлік қоғамы үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 123 млн. теңге (жүз жиырма үш миллион теңге) және теңге бағамында 1 091 899 неміс маркасын (бір миллион тоқсан бір мың сегіз жүз тоқсан тоғыз дойчмарка) бөлсін.
      2. "Астана қаласын 1999 жылы дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 161 P990161_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 3-тармақтың 2-тармақшасындағы 783,0 млн. теңге (жеті жүз сексен үш миллион теңге) деген сөздер 709,1 млн. теңге (жеті жүз тоғыз миллион жүз мың теңге) деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) аталған қаулының 4-қосымшасында:
      "Көздер бойынша барлығы" деген жолдағы "783,0" деген сан "709,1" деген санмен ауыстырылсын;
      "Ақмола РЭК" акционерлік қоғамы" 73,9
      а) Ақмола қаласындағы "Астана" 110/10 кВ кіші станциясы 73,9" деген жолдар алынып тасталсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Омарбекова А.
      Қасымбеков Б.