О распределении обязанностей между Премьер-Министром, заместителями Премьер-Министра и Руководителем Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 18 марта 2009 года № 41-р. Утратило силу распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 5 мая 2010 года № 61-р.

      Сноска. Утратило силу распоряжением Премьер-Министра РК от 05.05.2010 № 61-р.

      1. Утвердить прилагаемое распределение обязанностей между Премьер-Министром, заместителями Премьер-Министра и Руководителем Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан.
      2. Установить, что министры и председатели агентств несут персональную ответственность за деятельность возглавляемых ими государственных органов по реализации стратегических приоритетов и программных документов Правительства Республики Казахстан.
      3. Признать утратившим силу распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 24 января 2008 года № 18-р.

       Премьер-Министр                            К. Масимов

Утверждено        
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан   
от 18 марта 2009 года № 41-р

Распределение обязанностей
между Премьер-Министром,
заместителями Премьер-Министра и Руководителем Канцелярии
Премьер-Министра Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан
Масимов К.К.

      Руководство деятельностью Правительства.
      Стратегические вопросы экономической, финансовой, фискальной и таможенной политики, государственного бюджета.
      Вопросы межгосударственных отношений и международного сотрудничества.
      Вопросы деятельности регионального финансового центра г. Алматы, регулирования и надзора финансового рынка и финансовых организаций.
      Вопросы информатизации и связи.
      Вопросы обороны и правопорядка.
      Вопросы развития нефтегазового сектора.
      Координация законотворческой деятельности.
      Кадровые вопросы Правительства.
      Руководство работой Республиканской бюджетной комиссии, Совета по экономической политике, Государственной комиссии по вопросам модернизации экономики и другими консультативно-совещательными органами, возглавляемыми Премьер-Министром Республики Казахстан.
      Вопросы развития государственного языка.
      Представление Правительства в отношениях с Президентом Республики Казахстан, а также с Парламентом, Конституционным Советом, Верховным Судом, Генеральной прокуратурой и другими конституционными органами.

Первый заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан
Шукеев У.Е.

      Вопросы оперативного управления экономикой, региональной и инвестиционной политики.
      Вопросы сельского хозяйства и агропромышленного комплекса, развития сельских территорий, земельных и водных отношений, охраны окружающей среды, использования природных ресурсов и строительства.
      Вопросы чрезвычайных ситуаций и мобилизационной работы.
      Вопросы деятельности социально-предпринимательских корпораций.
      Вопросы реализации Стратегии индустриально-инновационного развития и прорывных проектов.
      Вопросы торговой политики, вступления Казахстана во Всемирную торговую организацию, взаимоотношений со странами СНГ и их интеграционными объединениями.
      Вопросы сотрудничества в рамках Евразийского экономического сообщества (ЕврАзЭС).
      Замещает Премьер-Министра Республики Казахстан в период его отсутствия.

Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан
Орынбаев Е.Т.

      Обеспечение реализации административной реформы государственных opганов.
      Вопросы макроэкономической политики.
      Вопросы занятости, демографической и миграционной политики.
      Вопросы развития образования, науки, информации, культуры, здравоохранения, туризма и спорта, социальной политики и социального пapтнерства.
      Вопросы координации и реализации проектов Всемирного Банка, Организации экономического сотрудничества и развития (ОЭСР), в том числе проекта "Диверсификация казахстанских ресурсов для прямых иностранных инвестиций и совершенствования программ по развитию секторальных инвестиций", проектов Европейской комиссии и Американско-Казахстанской инициативы государственно-частного экономического партнерства.

Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан
Ахметов С.Н.

      Вопросы развития транспорта и его инфраструктуры, реализации Транспортной стратегии.
      Вопросы развития малого и среднего предпринимательства, координация взаимосвязи бизнес-сообщества с государственными органами.
      Вопросы координации деятельности государственных органов по развитию и модернизации жилищно-коммунального хозяйства.
      Вопросы повышения доли национального содержания при осуществлении закупок товаров, работ и услуг государственными органами, национальными компаниями, недропользователями и системообразующими предприятиями.
      Вопросы развития государственно-частного партнерства.
      Вопросы развития оборонно-промышленного комплекса.
      Сноска. Раздел с изменениями, внесенными распоряжением Премьер-Министра РК от 13.07.2009 N 99-p .

Руководитель Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан
Абдрахимов Г.Р.

      Координация деятельности центральных и местных исполнительных органов, ведомств в части подготовки решений Правительства и организации их исполнения, по вопросам соблюдения государственной и исполнительской дисциплины, защиты государственных секретов и обеспечения информационной безопасности.
      Организация работы по реализации кадровой политики Правительства.
      Обеспечение взаимодействия Канцелярии Премьер-Министра с Администрацией Президента, аппаратами палат Парламента и акиматами областей.
      Обеспечение деятельности Совета директоров АО "ФНБ "Самрук-Казына".

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 41-ө Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 61-ө Өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2010.05.05 № 61-ө Өкімімен

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.
      2. Министрлер мен агенттіктердің төрағалары өздері басқаратын  мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық басымдықтары мен бағдарламалық құжаттарын іске асыру жөніндегі қызметі үшін дербес жауаптылықта болады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы N 18-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2009 жылғы 18 наурыздағы
N 41-ө өкімімен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов

      Үкіметтің қызметіне басшылық жасау.
      Экономикалық, қаржы, фискалдық және кеден саясатының, мемлекеттік бюджеттің стратегиялық мәселелері.
      Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелері.
      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қызметінің, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері.
      Ақпараттандыру және байланыс мәселелері.
      Қорғаныс және құқық тәртібі мәселелері.
      Мұнай-газ секторын дамыту мәселелері.
      Заң шығару қызметін үйлестіру.
      Үкіметтің кадр мәселелері.
      Республикалық бюджет комиссиясының, Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің, Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басшылық ететін басқа да консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына басшылық ету.
      Мемлекеттік тілді дамыту мәселелері.
      Қазақстан Республикасының Президентімен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкіметтің атынан өкілдік ету.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеев

      Экономиканы жедел басқару, өңірлік және инвестициялық саясат мәселелері.
      Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешен, ауылдық аумақтарды дамыту, жер және су қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану және құрылыс мәселелері.
      Энергетика және өндірістік саланы дамыту мәселелері.
      Төтенше жағдайлар және жұмылдыру жұмысы мәселелері.
      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінің мәселелері.
      Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын және серпінді жобаларды іске асыру мәселелері.
      Сауда саясаты, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, ТМД елдерімен және олардың ықпалдастық бірлестіктерімен өзара қарым-қатынастар мәселелері.
      Еуразия экономикалық қоғамдастығы (ЕурАзЭҚ) шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері.
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болмаған кезде оны алмастырады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев

      Мемлекеттік органдардың әкімшілік реформаны іске асыруын қамтамасыз ету.
      Макроэкономикалық саясат мәселелері.
      Жұмыспен қамту, демографиялық және көші-қон саясаты мәселелері.
      Білім беруді, ғылымды, ақпаратты, мәдениетті, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты, әлеуметтік саясат пен әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері.
      Дүниежүзілік Банктің, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ЭЫДҰ) жобаларын, оның ішінде "Қазақстандық ресурстарды тікелей шетелдік инвестициялар және секторалдық инвестицияларды дамыту жөніндегі бағдарламаларды жетілдіру үшін әртараптандыру" жобасын, Еуропа комиссиясы мен Американдық-қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік экономикалық әріптестік бастамасы жобаларын үйлестіру және іске асыру мәселелері.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.Н. Ахметов

      Көлікті және оның инфрақұрылымын дамыту, Көлік стратегиясын іске асыру мәселелері.
      Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен өзара байланысын үйлестіру мәселелері.
      Мемлекеттік органдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және жаңғырту жөніндегі қызметін үйлестіру мәселелері.
      Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, жер қойнауын пайдаланушылар және жүйе құраушы кәсіпорындар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған кезде ұлттық қамту үлесін арттыру мәселелері.
      Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мәселелері.
      Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері.
      Ескерту. Бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2009.07.13. N 99-ө Өкімімен.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Ғ.Р. Әбдірахымов

      Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың Үкіметтің шешімдерін дайындау және олардың орындауын ұйымдастыру бөлігіндегі, мемлекеттік және орындаушылық тәртіпті сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.
      Үкіметтің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
      Премьер-Министр Кеңсесінің Президент Әкімшілігімен, Парламент палаталары аппараттарымен және облыс әкімдіктерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің қызметін қамтамасыз ету.