О подготовке и проведении рабочего визита в Республику Казахстан Специального докладчика ООН по вопросу предотвращения пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания - Представителя Комиссии ООН по правам человека Манфреда Новака

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 13 мая 2009 года № 66-р

      В соответствии со статьей 12 Факультативного Протокола к Конвенции против пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания (далее - Факультативный протокол) и в связи с визитом в Республику Казахстан Специального докладчика ООН по вопросу предотвращения пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания - Представителя Комиссии ООН по правам человека Манфреда Новака в период с 4 по 14 мая 2009 года (далее - визит):
      1. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить протокольно-организационные мероприятия по подготовке и проведению визита.
      2. Министерству внутренних дел Республики Казахстан, Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию) обеспечить безопасность Специального докладчика в аэропорту города Астаны, в местах проживания и посещения, сопровождение по маршрутам следования.
      3. Министерству культуры и информации Республики Казахстан обеспечить освещение визита в средствах массовой информации, а также организовать встречи Специального докладчика со средствами массовой информации и неправительственными организациями.
      4. Министерствам внутренних дел, обороны, юстиции, здравоохранения, образования и науки, Комитету национальной безопасности (по согласованию) Агентству по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) (по согласованию) Республики Казахстан:
      обеспечить посещение Специальным докладчиком подведомственных учреждений в соответствии со статьями 1, 4 и 14 Факультативного протокола;
      предоставить ему необходимые материалы о своих подведомственных учреждениях, условиях содержания в них и другие данные в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      определить ответственных лиц за организацию посещений.
      5. Рекомендовать Уполномоченному по правам человека сопровождать Специального докладчика на территории республики.
      6. Контроль за реализацией настоящего распоряжения возложить на Министерство иностранных дел Республики Казахстан.

       Премьер-Министр                              К. Масимов

БҰҰ-ның Азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін болдырмау мәселесі бойынша арнайы баяндамашысы - БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының өкілі Манфред Новактың Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 13 мамырдағы N 66-ө Өкімі

      Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға факультативтік хаттаманың (бұдан әрі - Факультативтік хаттама) 12-бабына сәйкес және БҰҰ-ның Азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін болдырмау мәселесі бойынша арнайы баяндамашысы - БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының өкілі Манфред Новактың 2009 жылғы 4 - 14 мамыр кезеңінде Қазақстан Республикасына сапарына (бұдан әрі - сапар) байланысты:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Арнайы баяндамашының Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Арнайы баяндамашының бұқаралық ақпарат құралдарымен және үкіметтік емес ұйымдармен кездесуін ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер, Қорғаныс, Әділет, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (келісім бойынша):
      Факультативтік хаттаманың 1, 4 және 14-баптарына сәйкес Арнайы баяндамашының ведомстволық бағынысты мекемелерде болуын қамтамасыз етсін;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған өздерінің ведомстволық бағынысты мекемелері, онда ұстау жағдайлары туралы қажетті материалдарды және басқа деректерді берсін;
      мекемелерде болуды ұйымдастыруға жауапты тұлғаларды анықтасын.
      5. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Арнайы баяндамашымен республика аумағында бірге жүру ұсынылсын.
      6. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов