Об организации проведения Республиканского конкурса на соискание диплома Премьер-Министра Республики Казахстан "Таза болса табиғат - аман болар адамзат"

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 5 апреля 2011 года № 42-р

      В целях организации и проведения Республиканского конкурса на соискание диплома Премьер-Министра Республики Казахстан "Таза болса табиғат - аман болар адамзат" (далее - Конкурс) среди учащихся средних школ Республики Казахстан в период с 30 марта по 1 июля 2011 года:
      1. Министерству охраны окружающей среды Республики Казахстан:
      1) принять необходимые меры по организации и проведению Конкурса;
      2) создать Комиссию по присуждению званий дипломантов Конкурса.
      2. Министерству образования и науки Республики Казахстан совместно с акиматами областей, городов Астана и Алматы обеспечить сбор творческих произведений учащихся средних школ и представление их на рассмотрение Комиссии.
      3. Министерству связи и информации Республики Казахстан организовать информационное сопровождение проведения Конкурса в средствах массовой информации, в том числе опубликование списка дипломантов Конкурса.
      4. Контроль за реализацией настоящего распоряжения возложить на Министерство охраны окружающей среды Республики Казахстан.

      Премьер-Министр                            К. Масимов

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Таза болса табиғат - аман болар адамзат" атты дипломын алуға республикалық конкурс өткізуді ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 42-ө Өкімі

       2011 жылғы 30 наурыз - 1 шілде кезеңінде Қазақстан Республикасының орта мектеп оқушыларының арасында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Таза болса табиғат - аман болар адамзат» атты дипломын алуға республикалық конкурс (бұдан әрі - Конкурс) ұйымдастыру және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі:
      1) Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
      2) Конкурс дипломанттары атақтарын беру жөнінде комиссия құрсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, орта мектеп оқушыларының шығармашылық туындыларын жинақтауды және оларды Комиссияның қарауына ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Конкурстың өткізілуін бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сүйемелдеуді, оның ішінде Конкурс дипломанттарының тізімін жариялауды ұйымдастырсын.
      4. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов