О подготовке и проведении 1-го Саммита глав государств Совета сотрудничества тюркоязычных государств в городе Алматы

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 12 октября 2011 года № 135-р

      В целях подготовки и проведения на высшем уровне 1-го Саммита глав государств Совета сотрудничества тюркоязычных государств в городе Алматы 20 – 21 октября 2011 года (далее – 1-ый Саммит ССТГ):
      1. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить протокольно-организационные мероприятия по подготовке и проведению 1-го Саммита ССТГ.
      2. Управлению делами Президента Республики Казахстан (по согласованию):
      1) принять организационные меры согласно приложению к настоящему распоряжению по обслуживанию глав и членов официальных делегаций на высшем уровне по следующему формату:
      глав и членов официальных делегаций Азербайджанской Республики, Кыргызской Республики, Турецкой Республики (далее – государства-члены) – «1+5»;
      главу и членов Секретариата ССТГ – «1+5»;
      2) обеспечить размещение в период с 20 по 22 октября 2011 года в гостиницах:
      глав и членов официальных делегаций государств-членов, указанных в абзаце втором подпункта 1) настоящего пункта, по формату «1+5»;
      глав и членов Секретариата ССТГ, указанных в подпункте 1) настоящего пункта, по формату «1 (глава) »;
      сотрудников Службы охраны Президента Республики Казахстан;
      3) в случае прибытия глав официальных делегаций с супругами форматы, указанные в подпунктах 1)2) настоящего пункта, корректировать с учетом дополнительного включения в них супруг (супругов) глав официальных делегаций;
      4) обеспечить финансирование расходов на проведение 1-го Саммита ССТГ за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2011 год по программам 001 «Обеспечение деятельности Главы государства, Премьер-Министра и других должностных лиц государственных органов», 003 «Санитарно-эпидемиологическое благополучие населения на республиканском уровне» и 004 «Оказание медицинской помощи отдельным категориям граждан».
      3. Службе охраны Президента Республики Казахстан (по согласованию), Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию), Министерству внутренних дел Республики Казахстан обеспечить безопасность участников 1-го Саммита ССТГ в аэропорту города Алматы, в местах проживания и посещения, сопровождение по маршрутам следования, а также охрану специальных самолетов.
      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном порядке обеспечить:
      1) совместно с Министерством обороны Республики Казахстан пролет специальных самолетов глав официальных делегаций, указанных в подпункте 1) пункта 2 настоящего распоряжения, посадку и вылет в аэропорту города Алматы;
      2) техническое обслуживание, стоянку и заправку специальных самолетов.
      5. Министерству культуры Республики Казахстан обеспечить организацию концертной программы и необходимую техническую поддержку мероприятия (звуковое, световое обеспечение и оформление сцены) во время приемов от имени Президента Республики Казахстан.
      6. Акимату города Алматы обеспечить выполнение организационных мероприятий по встрече и проводам глав и членов официальных делегаций и Генерального Секретаря ССТГ в аэропорту города Алматы, оформлению аэропорта, улиц и мест проживания, а также организацию культурной программы.
      7. Акиматам городов Астана и Алматы предоставить на бесплатной основе VIP-залы аэропорта городов Астана и Алматы для обеспечения выполнения организационных мероприятий по встрече и проводам участников Саммита согласно списку, предоставляемому Министерством иностранных дел Республики Казахстан.
      8. Министерству связи и информации Республики Казахстан обеспечить техническое и информационное обслуживание представителей средств массовой информации (пресс-центр, компьютеры, факс, международная связь, скоростной интернет).
      9. Республиканской гвардии Республики Казахстан (по согласованию) принять участие в официальных церемониях встречи и проводов глав официальных делегаций в аэропорту города Алматы.
      10. Контроль за реализацией настоящего распоряжения возложить на Министерство иностранных дел Республики Казахстан.

      Премьер-Министр                            К. Масимов

Приложение         
к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан   
от 12 октября 2011 года № 135-p

Организационные меры по обслуживанию
глав и членов официальных делегаций во время 1-го Саммита
Совета сотрудничества тюркоязычных государств

      1. Аренда залов в гостинице города Алматы для проведения 1-го Саммита ССТГ.
      2. Изготовление печатной продукции (бейджи, программы визита, спецпропуска на автомобили, кувертные карты, пригласительные на прием и т.д.) а также канцелярских принадлежностей (блокноты, ручки и т.д.).
      3. Приобретение подарков и сувениров для глав и членов официальных делегаций 1-го Саммита ССТГ.
      4. Организация чайных столов и цветочного оформления в аэропорту города Алматы при встрече и проводах глав официальных делегаций.
      5. Цветочное оформление в местах проведения мероприятий от имени Президента Республики Казахстан.
      6. Организация приемов (завтраки, обеды, ужины), неформальный прием для глав и членов официальных делегаций от имени Президента Республики Казахстан, а также технических столов на приемах от имени Президента Республики Казахстан.
      7. Транспортное обслуживание глав и членов официальных делегаций с 17 по 23 октября 2011 года.
      8. Медицинское обслуживание глав и членов официальных делегаций.

Алматы қаласында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің мемлекет басшыларының 1-ші Саммитін дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 135-ө Өкімі

      2011 жылғы 20 – 21 қазанда Алматы қаласында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің мемлекеттер басшыларының 1-ші Саммитін (бұдан әрі – ТМЫК 1-ші Саммиті) дайындау және жоғары деңгейде өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМЫК 1-ші Саммитін дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      1) осы өкімнің қосымшасына сәйкес ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету бойынша:
      Әзірбайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түрік Республикасы (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) ресми делегацияларының басшылары мен мүшелеріне – «1+5» форматы;
      ТМЫК Хатшылығының басшысы мен мүшелеріне – «1+5» форматы бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2) 2011 жылғы 20 – 22 қазан кезеңінде:
      осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген мүше мемлекеттердің ресми делегацияларының басшылары мен мүшелерін «1+5» форматы бойынша;
      осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ТМЫК Хатшылығының басшысын және мүшелерін «1 (басшы)» форматы бойынша;
      Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің қызметкерлерін қонақүйлерге орналастыруды қамтамасыз етсін;
      3) ресми делегациялардың басшылары жұбайларымен келген жағдайда, осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген форматтар ресми делегациялар басшыларының жұбайларын (зайыптарын) қосымша енгізу ескеріле отырып, түзетілсін;
      4) ТМЫК 1-ші Саммитін өткізуге шығыстарды қаржыландыруды 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Халықтың республикалық деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ТМЫК 1-ші Саммитіне қатысушылардың Алматы қаласының әуежайында, тұру және бару орындарындағы қауіпсіздігін, жүру бағдарлары бойынша бірге жүруді, сонымен қатар арнайы ұшақтарды күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, осы өкімнің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ресми делегациялар басшыларының арнайы ұшақтарының ұшуын, Алматы қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті атынан қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыруды және іс-шараны қажетті техникалық қолдауды (дыбыс, жарықпен қамтамасыз ету және сахнаны безендіру) қамтамасыз етсін.
      6. Алматы қаласының әкімдігі ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін және ТМЫК Бас Хатшысын Алматы қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу бойынша ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, әуежайдың, көшелер мен тұру орындарының безендірілуін, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ұсынған тізімге сәйкес Саммитке қатысушыларды қарсы алу және шығарып салу бойынша ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету үшін Астана және Алматы қалаларының әуежайының VIP залдарын ақысыз негізде берсін.
      8. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне техникалық және ақпараттық қызмет көрсетуді (баспасөз орталығы, компьютерлер, факс, халықаралық байланыс, жедел интернет) қамтамасыз етсін.
      9. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Алматы қаласының әуежайында ресми делегациялар басшыларын қарсы алу және шығарып салу рәсімдеріне қатыссын.
      10. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 12 қазандағы
№ 135-ө өкіміне 
қосымша     

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 1-ші Саммитінің ресми делегацияларының басшылары мен мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. ТМЫК 1-ші Саммитін өткізу үшін Алматы қаласындағы қонақүйлердің залдарын жалға алу.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар және т.б.), сондай-ақ кеңсе керек-жарақтарын (блокноттар, қаламдар және т.б.) дайындау.
      3. ТМЫК 1-ші Саммитінің ресми делегацияларының басшылары мен мүшелері үшін сыйлықтар және кәдесыйлар сатып алу.
      4. Ресми делегациялардың басшыларын қарсы алу және шығарып салу кезінде Алматы қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
      5. Қазақстан Республикасының Президенті атынан іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.
      6. Ресми делегациялар басшылары мен мүшелері үшін Қазақстан Республикасының Президенті атынан қабылдаулар (ертеңгі, түскі, кешкі астар), бейресми қабылдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті атынан болатын қабылдауларда техникалық үстелдер ұйымдастыру.
      7. 2011 жылғы 17 – 23 қазанда ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне көліктік қызмет көрсету.
      8. Ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне медициналық қызмет көрсету.