1. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акиионерлік қоғамының басқарма төрағалары Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары Іс-шаралар жоспарында көзделген бекітуге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен тікелей өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Р/с
№
|
Іс-шаралардың атауы
|
Орындау мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Н.Келімбетов Ұлттық Банкпен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп 2012 жылғы 1 наурызға дейін макроэкономикалық жағдайлар мен экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін әлемдік экономика дамуының әртүрлі сценарийлері мен қажетті ден қою шараларын көздейтін қадамдық дағдарысқа қарсы жоспар әзірлесін
|
2012 ж.
29 ақпан
|
2.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Н.Келімбетов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 наурызға дейін мемлекеттік органдар мен ұйымдар, ұлттық компаниялар өткізетін іс-шаралар (конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер, тұсаукесерлер, көрмелер және т.б.) санын қысқарту жөнінде шаралар қабылдасын
|
2012 ж.
29 ақпан
|
3.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Н.Келімбетов 2012 жылғы 1 наурызға дейін бизнес пен халық үшін әкімшілік кедергілерді ұлғайтпай, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға, бересіні азайтуға, жалған кәсіпорындар құру үшін жағдайды болдырмауға, салық және кеден органдарының ақпараттық жүйесінің талдамалық жұмысын күшейтуге бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешенін әзірлеуді және қабылдауды қамтамасыз етсін
|
2012 ж.
29 ақпан
|
4.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Н.Келімбетов Ұлттық Банкпен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 наурызға дейін тарифтер мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу, оларды сату кезінде алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөнінде ұзақ мерзімді шаралар кешенін қабылдасын
|
2012 ж.
29 ақпан
|
5.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев 2012 жылғы 1 мамырға дейін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына кредиттерге ішінара кепілдік беру тетігін жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін
|
2012 ж.
30 сәуір
|
6.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев 2012 жылғы 1 шілдеге дейін ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнес субъектілерімен кооперациясын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын
|
2012 ж.
30 маусым
|
7.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев 2012 жылғы 1 шілдеге дейін мемлекеттік функциялардың тізбесін бекітуді және олардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етсін
|
2012 ж.
30 маусым
|
8.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізуді қамтамасыз етсін
|
2012 ж.
29 тамыз
|
9.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін халықты, оның ішінде оралмандарды оңтайлы қоныстандыруды ынталандыру тетігін енгізу мәселелері бойынша шаралар кешенін, оның ішінде тиісті нормативтік құқықтық актілерді өзгерту бойынша қабылдауды қамтамасыз етсін
|
2012 ж.
29 тамыз
|
10.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 мамырға Ұлттық іс-қимыл жоспарына Қазақстанның инвестициялық саясатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарымен үйлестіру мақсатында инвестициялар тарту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін
|
2012 ж.
30 сәуір
|
11.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 мамырға дейін өңірлер бөлінісінде экономиканың өсу резервін анықтасын, әрбір өңірдің бәсекелік артықшылықтары мен даму басымдықтарын айқындасын және оларды барынша пайдалану жөніндегі қажетті шаралар қабылдасын
|
2012 ж.
30 сәуір
|
12.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 мамырға дейін мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың импорттық өнім сатып алуына талдау жүргізсін және осындай ұқсас өнімді (автокөлік, жабдықтар, материалдар және т.б.) қазақстандық кәсіпорындардан сатып алу жөнінде шаралар қабылдасын
|
2012 ж.
30 сәуір
|
13.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 мамырға дейін өндірістік қуаттардың жүктемесін өңірлер арасында шикізат, материалдар және жиынтықтауыштар жеткізуді жолға қою есебінен ұлғайту жөнінде шаралар қабылдасын
|
2012 ж.
30 сәуір
|
14.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 мамырға дейін өндіру мен тұтыну теңгерімін ескере отырып, Индустрияландыру картасын қалыптастыру кезінде өңірлерде бірдей өнеркәсіп объектілерінің салынуына жол бермесін
|
2012 ж.
30 сәуір
|
15.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Н.Келімбетов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 мамырға дейін Қазақстанның ішінде де, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің өңірлерімен де өңіраралық кооперацияны дамыту жөнінде шаралар әзірлесін
|
2012 ж.
30 сәуір
|
16.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 маусымға дейін көктемгі дала жұмыстарын дайындау және жүргізу кезінде көкөніс, майлы, жемшөп және басқа да дақылдар үлесінің ұлғаюын қамтамасыз етсін
|
2012 ж.
30 мамыр
|
17.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 наурызға дейін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаржыландырған жобалардың жүктелуіне талдау жүргізсін және олардың жобалық қуатына шығуын бақылауға алсын
|
2012 ж.
29 ақпан
|
18.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 сәуірге дейін ауыспалы егістің ғылыми негізделген аймақтық схемасын әзірлесін және өңірлердің назарына жеткізсін
|
2012 ж.
30 наурыз
|
19.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 маусымға дейін астық сақтау мен тасымалдаудың инфрақұрылымын кеңейту және қолданыстағы қуаттарды жаңа егінді сақтауға уақтылы дайындау жөнінде нақты шаралар қабылдасын
|
2012 ж.
30 мамыр
|
20.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 - 2013 жылдары 126 ветеринарлық зертхана салуды және пайдалануға беруді аяқтауды қамтамасыз етсін
|
2012 ж.
25 желтоқсан
|
21.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 шілдеге дейін жеке тұрғын үй салуға арналған жер учаскелеріне (ЖТҚ) түгендеу жүргізсін және ЖТҚ-ға жер бөлу, сондай-ақ құрылыс белгіленген мерзімде салынбаған жағдайда оны алып қою тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізсін. Жер учаскелерін инфрақұрылым бар болған кезде ғана беруді қамтамасыз етсін
|
2012 ж.
30 маусым
|
22.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында және дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде көзделген тұрғын үйлердің пайдалануға берілуін қамтамасыз етсін
|
2012 ж.
25 желтоқсан
|
23.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 наурызға дейін Президент Әкімшілігінің келісуіне орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың үлгілік құрылымдары жөнінде ұсыныстар енгізсін. Мемлекеттік функциялардың реестрі қабылданғаннан кейін үлгілік құрылымды бекітуге енгізсін
|
2012 ж.
29 ақпан
|
24.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен, Павлодар облысының әкімімен, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен бірлесіп, 2012 жылғы 1 мамырға дейін «Павлодар» АЭА базасында толыққанды химия кластерін құру жөнінде шаралар қабылдасын
|
2012 ж.
30 сәуір
|
25.
|
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғ.Р.Әбдірахымов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-мен бірлесіп, 2012 жылғы 1 сәуірге дейін ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және мемлекеттік кәсіпорындардың санын, құрылымы мен адам санын оңтайландыруды, сондай-ақ олардың басқару аппаратының адам санын қысқартуды қамтамасыз етсін. Бұл ретте жалақы төлеу қорын қысқартып, қаржы қаражатын үнемдеуді қамтамасыз етсін
|
2012 ж.
30 наурыз
|
26.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасының шеңберінде жоспарланған денсаулық сақтау объектілері мен Президенттің Қазақстан халқына 2011 жылғы Жолдауында айтылған 350 аурухана мен амбулаторияның салыну барысын жеке бақылауына алып, 2012 жылғы 15 сәуірге баяндасын
|
2012 ж.
14 сәуір
|
27.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен, Қаржы, Экономикалық даму және сауда министрліктерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 желтоқсанға дейін мемлекеттік функциялардың орындалуына жүйелі түрде сыртқы аудит жүргізу туралы мәселені пысықтасын
|
2012 ж.
30 қараша
|
28.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп, 2012 жылғы 1 маусымға дейін Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асырылған жобалардың экономиканы әртараптандыру міндеттеріне сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізсін
|
2012 ж.
30 мамыр
|
29.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп, 2012 жылғы 1 маусымға дейін Индустрияландыру картасын өзекті ету жөнінде шаралар қабылдап, қосылған құны жоғары өнім шығаратын жобаларды қосуды қамтамасыз етсін
|
2012 ж.
30 мамыр
|
30.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 сәуірге дейін жеке инвестицияларды тарту және қалдықтарды бөлек-бөлек жинауды енгізу арқылы қоқыс өңдеу зауыттарын салуды көздей отырып, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесін дамыту жөнінде ұйымдық құқықтық шаралар кешенін қабылдасын
|
2012 ж.
30 наурыз
|
31.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 шілдеге дейін электр энергетикасы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыруға, олардың қайталануын болдырмауға және мемлекеттік органдар арасындағы жауапкершіліктің аражігін нақты ажыратуға бағытталған мемлекеттік реттеу жөнінде ұсыныстар енгізсін
|
2012 ж.
30 маусым
|
32.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасына «тиімді меншік иесін» қалыптастыруға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін
|
2012 ж.
30 наурыз
|
33.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту саласында қабылданып жатқан, оның ішінде электр энергиясы бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде түсіндіру жұмысын қамтамасыз етсін
|
әр тоқсанда
|
34.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, ден қою шараларын күшейтіп, жылыту маусымының өтуін жеке бақылауына алсын
|
әр тоқсанда
|
35.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп, 2012 жылғы 1 сәуірге дейін дәрілік заттарды сатып алу және онымен халықты уақтылы қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін жоғарылату жөнінде шаралар қабылдасын
|
2012 ж.
30 наурыз
|
36.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп:
2012 жылғы 1 мамырға дейін мамандықтар, салалар мен өңірлер бөлінісінде кадрлар қажеттілігін айқындау әдістемесін бекітуді қамтамасыз етсін;
соның негізінде 2012 жылғы 1 шілдеге дейін іске асырылып жатқан және жоспарланып отырған жобалар мен өндірістердің барлығын ескере отырып, ұзақ мерзімді перспективаға арналған кадрлар қажеттілігін айқындасын
|
2012 ж.
30 сәуір
2012 ж.
30 маусым
|
37.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев 2012 жылғы 1 мамырға дейін мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында жаңа басқарушылық технологияларды енгізу мәселесін пысықтасын
|
2012 ж.
30 сәуір
|
38.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Н.Келімбетов Қаржыминімен және ЭДСМ-мен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 наурызға дейін мемлекеттік органдар сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бағасының тұтас ақпараттық жүйесі бар бірыңғай мемлекеттік сатып алу операторын құру мәселесін пысықтасын
|
2012 ж.
29 ақпан
|
39.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Н.Келімбетов Қаржыминімен және ЭДСМ-мен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 маусымға дейін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді, оның ішінде ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардан «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң нормаларын қолданбай сатып алуын шектеу мақсатында мемлекеттік сатып алу жүйесін қайта қарасын
|
2012 ж.
30 мамыр
|
40.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Н.Келімбетов Ұлттық банкпен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстанның саудадағы әріптестері валюталарының құнсыздану тәуекелін ескере отырып, отандық экспорттаушылар өнімінің бәсекеге қабілеттілігі және қаржы жүйесінің тұрақтылығы үшін теңгенің оңтайлы бағамын қамтамасыз етсін
|
әр тоқсанда
|
41.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Н.Келімбетов Ұлттық банкпен (келісім бойынша) бірлесіп, бір апта мерзімде проблемалы банктер жөнінде, тұтастай банк жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізсін
|
2012 ж.
10 ақпан
|
42.
|
Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Н.Келімбетов Қаржыминімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 наурызға дейін дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуын ескере отырып, экономикалық өсуді және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етпейтін бюджет шығыстарын қысқарту жөнінде талдау жасап, ұсыныстар енгізсін
|
2012 ж.
29 ақпан
|
43.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов Индустрия және жаңа технологиялар, Экономикалық даму және сауда министрліктерімен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіп пен фармацевтиканы дамытудың төмен серпінінің себептеріне талдау жүргізіп, осы салаларды жедел дамытуға бағытталған ынталандырушы шаралар жөнінде ұсыныстар енгізсін
|
жарты жылда 1 рет
|
44.
|
Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қ.М.Отаров облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 1 маусымға дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерді, оның ішінде оларды жауапсыз жер пайдаланушылардан алып қою есебінен айналымға тарту жөнінде ұйымдық-құқықтық шаралар кешенін қабылдасын
|
2012 ж.
30 мамыр
|
45.
|
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов Төтенше жағдайлар министрлігімен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2012 жылғы 15 ақпанға дейін көктемде қардың еруіне, су тасқынына дайындық жұмыстарын, сондай-ақ бөгеттерді, плотиналарды, басқа да гидроқұрылыстарды нығайтуды қамтамасыз етсін
|
2012 ж.
14 ақпан
|
46.
|
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы М.М.Оспанов 2012 жылғы 1 шілдеге дейін тарифтерді қалыптастырудың ашықтығын, тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұйымдық-құқықтық шаралар кешенін қабылдасын, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, электр энергиясы мен судың нормадан тыс шығындарын жоюды және олардың нормативтік шығындарын азайтуды, оның ішінде автоматтандырылған есепке алу жүйелерін енгізу есебінен қамтамасыз етсін
|
2012 ж.
30 маусым
|