О внесении изменений в распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 16 октября 2017 года № 146-р "Об образовании Межведомственной комиссии по выработке рекомендаций по отнесению контракта на недропользование к категории низкорентабельного, а также месторождения (группы месторождений, части месторождения) к категории высоковязких, обводненных, малодебитных или выработанных, за исключением общераспространенных полезных ископаемых"

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 30 марта 2019 года № 41-р.

      Внести в распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 16 октября 2017 года № 146-р "Об образовании Межведомственной комиссии по выработке рекомендаций по отнесению контракта на недропользование к категории низкорентабельного, а также месторождения (группы месторождений, части месторождения) к категории высоковязких, обводненных, малодебитных или выработанных, за исключением общераспространенных полезных ископаемых" следующие изменения:

      в составе Межведомственной комиссии по выработке рекомендаций по отнесению контракта на недропользование к категории низкорентабельного, а также месторождения (группы месторождений, части месторождения) к категории высоковязких, обводненных, малодебитных или выработанных, за исключением общераспространенных полезных ископаемых, утвержденном указанным распоряжением:

      строку:

      "Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, председатель" изложить в следующей редакций:

      "Первый заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан – Министр финансов Республики Казахстан, председатель";

      строки:

      "первый вице-министр национальной экономики Республики Казахстан

      вице-министр по инвестициям и развитию Республики Казахстан" изложить в следующей редакции:

      "вице-министр национальной экономики Республики Казахстан

      вице-министр индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан".

      Премьер-Министр А. Мамин

"Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 146-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 41-ө өкімі

      "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 146-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға";

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасының бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасының вице-министрі Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі".

      Премьер-Министр А. Мамин