Об организации дежурства в центральных исполнительных органах Республики Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 18 марта 2022 года № 55-р

      В целях обеспечения жизнедеятельности населенных пунктов, объектов экономики, производственной и социальной инфраструктуры, безопасности и оперативного реагирования на складывающуюся общественно-политическую обстановку в регионах, координации действий исполнительных органов:

      1. Организовать дежурство заместителей Премьер-Министра Республики Казахстан: Скляра Р.В. – 20 марта 2022 года, Султанова Б.Т. – 21 марта 2022 года, Тугжанова Е.Л. – 23 марта 2022 года, Руководителя Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан Койшыбаева Г.Т. – 22 марта 2022 года.

      2. Первым руководителям министерств сельского хозяйства, здравоохранения, индустрии и инфраструктурного развития, обороны, по чрезвычайным ситуациям, внутренних дел, экологии, геологии и природных ресурсов, энергетики, цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности с 20 до 24 марта 2022 года:

      1) организовать круглосуточное дежурство ответственных работников;

      2) установить связь с местными оперативными штабами по ликвидации чрезвычайных ситуаций, руководителями и диспетчерскими службами региональных организаций, обеспечивающих жизнедеятельность населенных пунктов и промышленных предприятий;

      3) в экстренных случаях немедленно докладывать Руководству Правительства Республики Казахстан оперативную обстановку по телефону (7172) 74-56-82, факсу 74-53-70.

      3. Контроль за исполнением настоящего распоряжения оставляю за собой.

      Премьер-Министр А. Смаилов

Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарында кезекшілікті ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 55-ө өкімі.

      Елді мекендердің, экономика объектілерінің, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның тыныс-тіршілігін, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірлерде қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалға жедел ден қою, орталық атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары: 2022 жылғы 20 наурызда Р.В. Склярдың, 2022 жылғы 21 наурызда Б.Т. Сұлтановтың, 2022 жылғы 23 наурызда Е.Л. Тоғжановтың, 2022 жылғы 22 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Ғ.Т. Қойшыбаевтың кезекшілігі ұйымдастырылсын.

      2. Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Экология, геология және табиғи ресурстар, Энергетика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің бірінші басшылары 2022 жылғы 20 – 24 наурызда:

      1) жауапты қызметкерлердің тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастырсын;

      2) төтенше жағдайларды жою жөніндегі жергілікті штабтармен, елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін өңірлік ұйымдардың басшыларымен және диспетчерлік қызметтерімен байланыс орнатсын;

      3) шұғыл жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығына (7172) 74-56-82 телефоны, 74-53-70 факсы бойынша жедел ахуалды бірден баяндасын.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов