Распоряжение Премьер-министра Республики Казахстан от 30 января 1995 г. N 35-р
Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1995 жылғы 30 қаңтардағы N 35-р Өкiмi
Қаржы секторын және кәсiпорындар секторын дамытуға арналған Дүниежүзiлiк Банктiң заем жөнiндегi келiсiмiн Дүниежүзiлiк Банктiң Атқарушы директорлар Кеңесiне дер кезiнде ұсыну мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және даму банкi арасындағы 1995 жылғы 14 қаңтардағы келiссөздердiң келiсiлген Хаттамасына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995 жылға арналған мемлекеттiк бюджеттi бекiткенде және оны нақтылау процесiнде Оңалту трастының 1995 жылы жұмыс iстеуi үшiн қажеттi қаражат көздейтiн болсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Меммүлiккомымен, Әдiлетминiмен және Ұлттық Банкiмен келiсе отырып үстiмiздегi жылдың 20 ақпанына дейiнгi мерзiмде Оңалту трастын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының жобасын және Келiс сөздер Хаттамасында көрсетiлген тәртiп пен шарттар бойынша жасалған Оңалту трасты Жарғысының жобасын белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қаржы министрлiгi мен Ұлттық Банкi арасында аралық заем туралы келiсiмге қол жеткiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiне мейлiнше қысқа мерзiмде:
Дүниежүзiлiк Банкпен келiсiлген ұзақ мерзiмдi төлемдер жүйесiнiң негiзгi параметрлерi бойынша шешiм қабылдау;
жобаны жүзеге асыру жөнiнде 3 адамнан тұратын топ (бөлiм) құру;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен тиiстi коммерциялық банктер арасында заем бөлiктерi туралы келiсiмдердiң уақытында жасалуына дайындық шараларын жүргiзу ұсынылсын.
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң комитеттерiмен бiрге "Банкроттық туралы" Заңды борыштық мiндеттемелердi соттық емес реттеу жөнiндегi, сондай-ақ Оңалту трастының табысы жұмыс iстеуiне қажеттi құқықтық және нормативтiк ережелердi енгiзудi ескере отырып, шұғыл түрде қайта қарап, жетiлдiретiн болсын.
6. Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы 10 күндiк мерзiмде еңбекке ақы төлеудiң бекiтiлген қоры шегiнде жобаны жүзеге асыру жөнiнде құрамында кем дегенде 2 адам бар топ (бөлiм) құрсын.
7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 10 күндiк мерзiмде еңбекке ақы төлеудiң бекiтiлген қоры шегiнде жобаны жүзеге асыру жөнiнде бөлiм құрсын, сондай-ақ оқу турлары бағдарламаларының орындалуына жауапты басқарманы белгiлесiн.
8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi екi апта мерзiмде Меммүлiккомымен және Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Келiссөздердiң келiсiлген Хаттамасында белгiленген шарттарды сақтай отырып, Кәсiпорындарды қайта құру жөнiнде Комитет (Агенттiк) құру туралы ұсыныс енгiзсiн.
9. Заемның құраластары үшiн мыналар жауапты деп белгiленсiн:
Оңалту трасты бойынша - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi;
жекешелендiру бойынша - Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы;
оқу турларын ұйымдастыру мен кәсiпорындарды қайта құру бойынша - Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi;
төлем жасау жүйесi, коммерциялық банкiлердi дамыту және банкiлердi қадағалауды жақсарту бойынша - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсу бойынша).
10. Заемды жүзеге асыруға қатыстырылған ведомстволардың қызметiн үйлестiруге Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жауапты деп белгiленсiн.
11. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасына жүктелсiн.
Премьер-министр