Республикада жолаушылар вагондарын зауыттық жөндеудi
ұйымдастыру, Халықаралық экономикалық жәрдемдесу қорының (Жапония)
жеңiлдетiлген кредит желiсiн дер кезiнде ашу мақсатында:
1. Жаңа өндiрiстiк алаңдарды жасай отырып, Алматы-I стансасының
вагон депосын қайта жаңарту туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникациялар министрлiгiнiң ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Алматы темiр жолының басқармасы өндiрiске экологиялық
зияндылықты барынша келтiрмейтiн жөндеудiң озық технологиясын қолдана
отырып, вагон депосының қайтадан жаңартылуын жүзеге асырсын.
Премьер-Министрдiң
орынбасары