1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды
қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға арналған
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан ақауы бар инженерлiк
коммуникациялар мен қалалық арық жүйелерiнен судың кiруiн болдырмау
үшiн метрополитеннiң жерасты қазба орындарында бекiту жұмыстарын
жүргiзу үшiн Алматы қаласының әкiмiне 40 (қырық) млн. теңге бөлiнсiн.
2. Алматы қаласының әкiмi 1997 жылдың қорытындысы бойынша
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiне бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп беретiн
болсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау
комитетi бөлiнетiн қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау
жасауды қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министрдiң
бiрiншi орынбасары