О проверке проекта Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнения в Конституцию Республики Казахстан" на соответствие требованиям, установленным пунктом 2 статьи 91 Конституции Республики Казахстан

Заключение Конституционного Совета Республики Казахстан от 13 сентября 2022 года № 2

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе Председателя К.А. Мами, членов Совета А.К. Даулбаева, В.А. Малиновского, Р.Ж. Мукашева, А.А. Темербекова и У. Шапак,

      рассмотрел в открытом заседании обращение Президента Республики Казахстан К.К. Токаева о проверке на соответствие требованиям, установленным пунктом 2 статьи 91 Конституции Республики Казахстан, проекта Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнения в Конституцию Республики Казахстан".

      Заслушав сообщение докладчика – члена Конституционного Совета В.А. Малиновского, изучив материалы конституционного производства, проанализировав законодательство, Конституционный Совет Республики Казахстан

      установил:

      12 сентября 2022 года в соответствии с подпунктом 10-1) статьи 44 и пунктом 3 статьи 91 Конституции Республики Казахстан Президент Республики Казахстан К. К. Токаев направил обращение в Конституционный Совет о рассмотрении на соответствие требованиям, установленным пунктом 2 статьи 91 Основного Закона, проекта Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнения в Конституцию Республики Казахстан" (далее – проект Закона).

      Проанализировав нормы Основного Закона применительно к предмету обращения, Конституционный Совет исходит из следующего.

      1. Представленный законопроект разработан исходя из Послания Президента Республики народу Казахстана "Справедливое государство. Единая нация. Благополучное общество" (1 сентября 2022 года).

      Проект Закона предусматривает внесение соответствующих взаимосвязанных поправок в пункты 3 и 3-1 статьи 2, пункт 1 статьи 41, пункт 5 статьи 42, пункт 1 статьи 71 и пункт 2 статьи 91 Конституции, а также дополнение Основного Закона новой статьей 94-2, регламентирующей вопросы применения ограничения об однократности избрания на должность Президента Республики.

      2. За время своей деятельности предметом рассмотрения Конституционного Совета неоднократно выступали сущностные вопросы прямой демократии в качестве непременной конституционной ценности утверждения Республики Казахстан в качестве демократического правового государства, а также различные конкретные аспекты избирательного права и избирательной системы страны. В решениях Конституционного Совета разъяснялись правовые неопределенности, связанные с отношениями начала и прекращения мандата и деятельности Президента Республики, Парламента и его Палат, депутатов; назначением внеочередных президентских выборов. С этой целью применялись установленные формы конституционного производства, включая дачу официального толкования норм Конституции, проверку на соответствие Конституции принятых Парламентом законов, предоставление заключений при внесении изменений и дополнений в Основной Закон.

      Например, в нормативном постановлении Конституционного Совета от 31 января 2011 года № 2 было определено, что, будучи одной из основополагающих конституционных ценностей, акт волеизъявления народа обретает обязательную юридическую силу посредством голосования на республиканском референдуме либо на выборах Президента Республики и депутатов Парламента, периодически проводимых в стране;

      воплощение воли народа в законах и иных важнейших государственных актах, а также постоянное совершенствование процедур влияния граждан на публичные институты, является действенной гарантией внутренней стабильности, экономического прогресса и улучшения благосостояния населения (послание Конституционного Совета от 19 июня 2014 года).

      Непосредственное отношение к нынешнему предмету рассмотрения имеют также правовые позиции и положения, изложенные в итоговых решениях Конституционного Совета (нормативные постановления от 9 апреля 2004 года № 5, от 19 августа 2005 года № 5, от 24 февраля 2015 года №2, от 25 апреля 2019 года № 4, заключение от 4 мая 2022 года № 1 и другие).

      3. Институт президентских и парламентских выборов представляет собой особую системообразующую конституционную ценность, пронизывающую все иные компоненты конституционной модели государственности, демократического правового государства и гражданского общества. В качестве таковой она выступает эффективным средством обновления важнейших органов государства. Тем самым укрепляется социальная основа Республики, поддержка населением инициатив государственной власти.

      При этом именно в период избирательных кампаний происходит активизация различных сегментов гражданского общества, включая политические партии и иные общественные объединения, средства массовой информации и другие.

      Повышается активность граждан, участвующих в выборах в качестве кандидатов, а также реализующих свое пассивное избирательное право.

      В этих условиях все провозглашенные Конституцией Республики Казахстан ценности должны действовать динамично и слаженно. Они призваны качественно выполнять возложенные на них функции для достижения национальных интересов в рамках основополагающих принципов деятельности государства. Адекватно и синхронно, согласно стратегии и тактике возведения важнейших институтов государства должны применяться и институты непосредственной демократии, в частности, выборы.

      Конституционный Совет считает, что предложение об установлении однократного семилетнего срока президентского мандата отвечает логике конституционных новелл, принятых 5 июня текущего года на республиканском референдуме, направленных на недопущение монополизации государственной власти. Данный срок будет применяться на равной основе ко всем лицам, избираемым на пост высшего должностного лица. С ним корреспондируется определение однократного восьмилетнего срока полномочий судей Конституционного Суда.

      Изменения, вносимые в статью 2 Конституции, не затрагивают сущность конституционных ценностей, закрепленных в пункте 2 статьи 91 Основного Закона.

      Исходя из изложенного, руководствуясь пунктом 2 статьи 72 и пунктом 3 статьи 91 Конституции Республики Казахстан, подпунктом 1) пункта 4 статьи 17, статьями 31-33, 37 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 41 Конституционного закона Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года "О Конституционном Совете Республики Казахстан", Конституционный Совет Республики Казахстан

      решил:

      1. Признать проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнения в Конституцию Республики Казахстан" соответствующим Конституции Республики Казахстан, в том числе требованиям, установленным пунктом 2 статьи 91 Основного Закона.

      2. Согласно пункту 3 статьи 74 Конституции Республики Казахстан заключение Конституционного Совета Республики Казахстан вступает в силу со дня его принятия, является общеобязательным на всей территории Республики, окончательным и обжалованию не подлежит.

      3. Опубликовать настоящее заключение на казахском и русском языках в официальных республиканских печатных изданиях.

      Конституционный Совет Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қорытындысы 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 2

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Төраға Қ.Ә. Мәми, Кеңес мүшелері А.Қ. Дауылбаев, В.А. Малиновский, Р.Ж. Мұқашев, Ә.А. Темірбеков және У. Шапактың қатысуымен,

      өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру жөніндегі өтінішін қарады.

      Баяндамашы - Конституциялық Кеңес мүшесі В.А. Малиновскийдің хабарламасын тыңдап, конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, заңнамаларды талдай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

анықтады:

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев, Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасына және 91-бабының 3-тармағына сүйеніп, 2022 жылғы 12 қыркүйекте "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасының (бұдан әрі – Заң жобасы) Конституцияның 91-бабының 2-тармағына сәйкестігін қарау туралы өтініш кіргізді.

      Келіп түскен өтінішті Негізгі Заңның нормаларына сәйкесті талдаған кезде Конституциялық Кеңес келесіні басшылыққа алды.

      1. Ұсынылған Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауының (2022 жылғы 1 қыркүйек) аясында әзірленген.

      Заң жобасы Конституцияның 2-бабының 3 және 3-1-тармақтарына, 41-бабының 1-тармағына, 42-бабының 5-тармағына, 71-бабының 1-тармағына және 91-бабының 2-тармағына түзетулер енгізуге, сондай-ақ Негізгі Заңды Республика Президенті лауазымына сайлануды бір мәртемен шектеу мәселелерін регламенттейтін жаңа 94-2-баппен толықтыруға бағытталған.

      2. Конституциялық Кеңес бұған дейін де бірнеше рет Қазақстан Республикасын демократиялық құқықтық мемлекет ретінде бекітудің бірден-бір конституциялық құндылығы ретінде тікелей демократияның маңызды мәселелерін, сондай-ақ сайлау құқығы мен елдің сайлау жүйесінің әртүрлі нақты аспектілерін қараған болатын. Конституциялық Кеңестің шешімдерінде Республика Президентінің, Парламенттің және оның Палаталарының, депутаттарының мандаты мен қызметінің басталуы мен тоқтатылуына, Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындауға байланысты құқықтық белгісіздіктер түсіндірілді. Осы мақсатта Конституция нормаларына ресми түсіндірме бергенде, Парламент қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін тексергенде, Негізгі Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде конституциялық іс жүргізудің белгіленген нысандары қолданылды.

      Мысалы, Конституциялық Кеңестің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулысында түбегейлі конституциялық құндылықтардың бірі бола отырып, халықтың еркі білдірілетін акт республикалық референдумда немесе елімізде мезгіл-мезгілімен өткізіліп отыратын Республика Президенті және Парламенті депутаттарының сайлауында дауыс беру арқылы міндетті заң күшіне ие болады, деп көрсетілген;

      халық қалауын заңдарда және өзге де маңызды мемлекеттік актілерде айқындау, азаматтардың жария институттарға ықпал ету рәсімдерін үнемі жетілдіру ішкі тұрақтылықтың, экономикалық даму мен халықтың әл-ауқаты жақсаруының пәрменді кепілі болып табылады (Конституциялық Кеңестің 2014 жылғы 19 маусымдағы Жолдауы).

      Осы өтінішті қарау нысанасына Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерінде баяндалған басқа да құқықтық ұстанымдар мен ережелердің де тікелей қатысы бар (2004 жылғы 9 сәуірдегі № 5, 2005 жылғы 19 тамыздағы № 5, 2015 жылғы 24 ақпандағы № 2, 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулылар, 2022 жылғы 4 мамырдағы № 1 қорытынды және басқалар).

      3. Президенттік және парламенттік сайлау институты мемлекеттіліктің, демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның конституциялық моделінің барлық басқа компоненттерін қозғайтын ерекше жүйе құрушы конституциялық құндылық. Осылайша, ол мемлекеттің маңызды органдарын жаңартудың тиімді құралы болып табылады. Сол арқылы Республиканың әлеуметтік негізі, халықтың мемлекеттік билік бастамаларын қолдауы нығайтылады.

      Бұл ретте сайлау науқандары кезеңінде саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары және басқаларды қоса алғанда, азаматтық қоғамның әртүрлі сегменттері жанданады.

      Сайлауға кандидат ретінде қатысатын, сондай-ақ өзінің бәсең сайлау құқығын іске асыратын азаматтардың белсенділігі артады.

      Осы жағдайларда Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген барлық құндылықтар серпінді әрі үйлесімді іс-әрекет етуге тиіс. Олар мемлекет қызметінің негізгі қағидаттары шеңберінде ұлттық мүдделерге қол жеткізу үшін өздеріне жүктелген функцияларды сапалы орындауға бағытталған. Тікелей демократия институттары да, атап айтқанда сайлау, тиісті деңгейде және синхронды түрде, мемлекеттің маңызды институттарын құру стратегиясы мен тактикасына сәйкес қолданылуы керек.

      Конституциялық Кеңес президенттік мандаттың бір мәрте жеті жылдық мерзімін белгілеу ағымдағы жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда қабылданған мемлекеттік билікті монополизациялауға жол бермеуге бағытталған конституциялық новеллалардың мәніне сәйкес келеді, деп есептейді. Бұл мерзім аталған жоғары лауазымды тұлға лауазымына сайланатын барлық адамдарға тең негізде қолданылатын болады. Онымен Конституциялық Сот судьяларының бір мәрте сегіз жылдық өкілеттік мерзімін анықтау үйлеседі.

      Конституцияның 2-бабына енгізілетін өзгерістер Негізгі Заңның 91-бабының 2-тармағында көзделген конституциялық құндылықтардың мәнін қозғамайды.

      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын және 91-бабының 3-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

шешті:

      1. "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, соның ішінде Негізгі Заңның 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға, сәйкес деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытындысы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.

      3. Осы қорытынды республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Конституциялық Кеңесі