О соответствии пункта 3 статьи 20 Закона Республики Казахстан "Об адвокатской деятельности" Конституции Республики Казахстан

Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 2 июля 1999 г. № 12/2

      Конституционный Совет Республики Казахстан в составе Председателя Кима Ю.А., членов Совета Бусурманова Ж.Д., Котова А.К., Омарханова К.А. и Шопина В.Д., с участием Вице-Министра юстиции Республики Казахстан Жалыбина С.М., старшего прокурора Департамента Генеральной Прокуратуры Сейтхазина У.Ш., члена Президиума Союза адвокатов Казахстана, председателя Акмолинской областной коллегии адвокатов Ибраевой Г. и члена Казахской межтерриториальной коллегии адвокатов "Injurcollege" Жанабилова Н.Е. рассмотрел в открытом заседании представление Алматинского городского суда о соответствии пункта 3 статьи 20 Закона Республики Казахстан "Об адвокатской деятельности"  Z970195_  Конституции Республики Казахстан. 
      Заслушав докладчика - члена Конституционного Совета Котова А.К., выступления участников заседания, ознакомившись с заключением независимого эксперта - кандидата юридических наук Умуркулова М.К. и изучив имеющиеся материалы, Конституционный Совет Республики Казахстан установил: 
      В Конституционный Совет Республики Казахстан 8 июня 1999 года поступило представление Алматинского городского суда в котором указывается, что в производстве коллегии по хозяйственным делам вышеуказанного суда рассматривается дело № 147 пд/8 по иску прокурора г. Алматы к управлению юстиции города Алматы, Акиму г. Алматы, к Казахской межтерриториальной коллегии адвокатов "Интерколледж" г. Алматы о признании недействительными учредительных документов Казахской межтерриториальной коллегии адвокатов "Интерколледж" г.Алматы. 
      Алматинский городской суд приостановил производство по делу, усмотрев противоречие нормы пункта 3 статьи 20 Закона Республики Казахстан "Об адвокатской деятельности", устанавливающей, что "на территории области, города республиканского значения и столицы может быть образована и действовать одна коллегия адвокатов", норме пункта 1 статьи 23 Конституции, закрепляющей право граждан Республики Казахстан на свободу объединений, деятельность которых регулируется Законом "Об общественных объединениях", а также пункту 1 статьи 39 Конституции Республики Казахстан. 
      При рассмотрении вопроса по существу Конституционный Совет исходит из следующего. 
      В отличие от добровольного членства в общественных объединениях, коллегии адвокатов создаются из числа лиц, имеющих право на занятие адвокатской деятельностью, для оказания каждому, в соответствии пунктом 3 статьи 13 Конституции Республики Казахстан, квалифицированной юридической помощи, в том числе, в предусмотренных законом случаях, бесплатно (ст. 6 Закона "Об адвокатской деятельности") и в порядке обязательного участия в уголовном процессе (ст. 71 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан  Z970206_  ). 
      Согласно статье 27 Закона "Об адвокатской деятельности", членство в коллегии адвокатов является обязательным и обусловлено рядом специальных требований, а деятельность адвокатов подлежит лицензированию в соответствии с подпунктом 4) статьи 10 Указа Президента Республики Казахстан, имеющим силу закона, "О лицензировании" от 17 апреля 1995 года. 
      Государством на единые коллегии адвокатов, действующие на территории областей, города республиканского значения и столицы, возлагается конституционно-правовая задача оказания квалифицированной юридической помощи физическим и юридически лицам, включая участие в отправлении правосудия членов этих коллегий адвокатов, оплата труда которых отнесена законодательством на счет государства (ст. 71 УПК и ст. 90-1 ГПК). 
      Членство в региональных и местных общественных объединениях лицензированием не обусловлено; а статьей 5 Конституции и статьей 4 Закона "Об общественных объединениях"  Z960003_  не допускается возложение на общественные объединения функций государственных органов.  <*>
      В коллегию адвокатов могут входить как физические лица (адвокаты), так и юридические лица (юридические консультации, адвокатские конторы в городах и населенных пунктах, в том числе, учрежденные одним адвокатом - статьи 32 и 33 Закона "Об адвокатской деятельности"). Тем самым Законом "Об адвокатской деятельности" обеспечены многообразие и доступность форм оказания юридической помощи и свобода выбора ее получения физическими и юридическими лицами. В общественные объединения согласно закону о них входят только физические лица независимо от профессиональной подготовки и вида общественной деятельности в интересах своих членов. 
      Следовательно, коллегия адвокатов является иной, самостоятельной организационно-правовой формой некоммерческих юридических лиц (ст. 34 ГК РК (общая часть) и не подпадает под действие пункта 1 статьи 23 Конституции Республики Казахстан, а принципы ее образования и деятельности, установленные Законом "Об адвокатской деятельности", включая пунктом 3 статьи 20 этого Закона, не могут считаться неконституционными, нарушающими общее право граждан Республики Казахстан на свободу объединений, деятельность которых регулируется согласно статье 23 Конституции отдельным Законом. 
      Норма об образовании на территории области, города республиканского значения и столицы одной коллегии адвокатов, включающей в свое наименование название соответствующей административно-территориальной единицы, не вступает в противоречие с нормой пункта 1 статьи 39 Конституции, так как пункт 3 статьи 20 Закона "Об адвокатской деятельности" не направлен на ограничение конституционных и других каких-либо прав человека и гражданина. Данное положение призвано гарантировать им квалифицированную и обязательную юридическую защиту в соответствии со статьей 13 Конституции Республики Казахстан. Это же является и одной из целей пункта 1 статьи 39 Конституции Республики Казахстан. 
      Право адвокатов как граждан Республики на свободу объединения реализуется ими в форме Союза адвокатов Казахстана - общественного объединения (ассоциации), добровольно создаваемой в общих целях защиты законных интересов своих членов, а также путем вступления в любые другие общественные объединения, деятельность которых не связана с оказанием адвокатских услуг.
       Сноска. Абзац седьмой мотивировочной части с изменениями, внесенными нормативным постановлением Конституционного Совета Республики Казахстан от 8 ноября 2007 года  N 9 .
      На основании изложенного, руководствуясь пунктом 2 статьи 72 Конституции Республики Казахстан  K951000_  , статьей 37 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу конституционного закона, "О Конституционном Совете Республики Казахстан"  U952737_  , Конституционный Совет Республики Казахстан постановил: 
      1. Признать норму пункта 3 статьи 20 Закона "Об адвокатской деятельности" соответствующей Конституции Республики Казахстан. 
      2. В соответствии с пунктом 3 статьи 74 Конституции Республики Казахстан настоящее постановление вступает в силу со дня принятия, обжалованию не подлежит, является общеобязательным на всей территории Республики и окончательным с учетом случаев, предусмотренных пунктом 4 статьи 73 Конституции Республики Казахстан. 

 
      Председатель 

"Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестілігі туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1999 жылғы 2 шілде N 12/2 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төраға Ю.А.Ким, Кеңес мүшелері Ж.Д.Бұсырманов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі С.М.Жалыбиннің, Бас прокуратура департаментінің аға прокуроры Ү.Ш.Сейітқазиннің, Қазақстан адвокаттар одағы президиумының мүшесі, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Ғ.Ыбраеваның және "Интерколледж" Қазақ аумақаралық адвокаттар алқасының мүшесі Н.Е.Жанәбіловтың қатысуымен ашық отырысында Алматы қалалық сотының "Адвокаттық қызмет туралы"  Z970195_  Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестілігі туралы ұсынымын қарады. 
      Баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі А.К.Котовты, отырыс қатысушыларын тыңдап, тәуелсіз сарапшы - заң ғылымдарының кандидаты М.К.Өмірқұловтың қорытындысымен танысып шығып және қолда бар материалдарды зерделей келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады: 
      1999 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне Алматы қалалық сотының, жоғарыда көрсетілген соттың шаруашылық істер жөніндегі алқасының өндірісінде Алматы қаласы прокурорының Алматы қаласының "Интерколледж" Қазақ аумақаралық адвокаттар алқасының құрылтайшылық құжаттарын жарамсыз деп тану туралы Алматы қаласының әділет басқармасына, Алматы қаласының әкіміне, Алматы қаласының "Интерколледж" Қазақ аумақаралық адвокаттар алқасына талабы бойынша N 147 пд/8 іс қаралуда деп көрсетілген ұсынымы келіп түсті. 
      Алматы қалалық соты, "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында бір адвокаттар алқасы құрылуы және әрекет етуі мүмкін" деп белгілейтін 20-бабы 3-тармағының нормасы, қызметі "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін, Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығын баянды ететін Конституцияның 23-бабы 1-тармағының нормасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабы 1-тармағының нормасына қайшы келуін көріп, іс бойынша өндірісті тоқтата тұрған. 
      Мәселені мән-жайлы қарауда Конституциялық Кеңес мынаны ескерді. 
      Қоғамдық бірлестіктердегі еркін мүшеліктен айырмашылығы, адвокаттар алқасы адвокаттық қызметпен шұғылдануға құқы бар тұлғалардың қатарынан, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағына сәйкес әркімге, соның ішінде заңда белгіленген жағдайларда тегін, білікті заң көмегін көрсету үшін("Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 6-бабы) және қылмыстық істерді қарауда міндетті түрде қатысу тәртібінде (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71 бабы  Z970206_  ) құрылады. 
      "Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 27-бабына сай, адвокаттық алқаларға мүшелік міндетті болып табылады және бірқатар арнайы талаптармен шартталады, ал адвокаттардың қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" конституциялық заң күші бар 1995 жылғы 17 сәуірдегі Жарлығының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес лицензиялауға жатады. 
      Мемлекет облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында әрекет ететін бірыңғай адвокаттар алқасына жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету, еңбек ақысын төлеу заңмен мемлекет есебіне жатқызылған бұл адвокаттар алқалары мүшелерінің сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуын қоса отырып, конституциялық-құқылық міндетін жүктейді (ҚІЖК-нің 71-б. және АІЖК-нің 90-1-б.) 
      Аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктерге мүше болу лицензиялаумен шартталмаған; Конституцияның 5-бабымен және "Қоғамдық бірлестіктер туралы"  Z960003_  Заңның 4-бабымен қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол берілмейді.
       Ескерту. Дәлелдеме бөлігінің 7-ші абзацына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007.11.08.  N 9  Қаулысымен.
      Адвокаттар алқасына жеке тұлғалар да (адвокаттар), заңды тұлғалар да (заң консультациялары, қалалар мен елді мекендердегі, соның ішінде бір адвокат құрған, адвокаттық кеңселер ["Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 32, 33 баптары]) кіруі мүмкін. Сол арқылы "Адвокаттық қызмет туралы" Заңмен заң көмегін көрсету үлгісінің көп түрлілігі мен жеңілдігі және жеке және заңды тұлғалардың оларды таңдап алу бостандығы қамтамасыз етілген. Қоғамдық бірлестіктерге, олар туралы заңға сай, өз мүшелерінің мүддесін көздеп кәсіби дайындығына және қоғамдық қызметінің түріне қатыссыз тек қана жеке тұлғалар кіреді. 
      Демек, адвокаттар алқасы өзгеше, коммерциялық емес заңды тұлғалардың дербес ұйымдық-құқылық формасы болып табылады (ҚР АК-нің 34-бабы (жалпы бөлім) және Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабы 1-тармағының әрекетіне ұшырамайды, ал оның "Адвокаттық қызмет туралы" Заңда белгіленген құрылуы мен қызметінің принциптері, осы Заңның 20-бабының 3-тармағымен белгіленгенін қосқанда, конституциялық емес, Қазақстан Республикасы азаматтарының, қызметі Конституцияның 23-бабына сай жеке Заңмен реттелетін бірлестіктерге бірігуге жалпы құқын шектейді деп саналуы мүмкін емес. 
      Бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында, өзінің аталуына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің атауын енгізген бір адвокаттар алқасының құрылуы туралы норма Конституцияның 39-бабының 1-тармағына қайшы келмейді, себебі "Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 20-бабының 3-тармағы адамның және азаматтың конституциялық және нендей бір өзге құқықтарын шектеуге бағытталмаған. Бұл норма Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-тармағына сәйкес оларға білікті және міндетті заң қорғауына кепіл болуға қаратылған. Бұл да Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабы 1-тармағының мақсаттарының бірі болып табылады. 
      Республика азаматтары ретінде адвокаттардың бірлесуге құқы өз мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау ортақ мақсатында ерікті түрде құрылатын қоғамдық бірлестік (ассоциация) - Қазақстан адвокаттар одағы түрінде, сондай-ақ, іс-әрекеті адвокаттық қызмет көрсетумен байланысты болмаған кез-келген басқа қоғамдық бірлестіктерге кіру жолымен жүзеге асырылады. 
      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_  72-бабының 2-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы"  U952737_  конституциялық заң күші бар Жарлығының 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етті: 
      1. "Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 20-бабы 3-тармағының нормасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескеріп түпкілікті болып табылады.

       Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесінің
      Төрағасы