"Об укреплении института Ассамблеи народов Казахстана"

Комментарий Секретариата Ассамблеи народов Казахстана Администрации Президента Республики Казахстан к Указу Президента Республики Казахстан от 23 апреля 2005 года N 1561

      В канун Праздника единства народа Казахстана Президент Республики Казахстан подписал Указ  "Об укреплении института Ассамблеи народов Казахстана".
      Указ был подготовлен в соответствии с поручением Главы государства о дальнейшем совершенствовании и расширении деятельности Ассамблеи народов Казахстана.
      Формирование казахстанской идентичности, участие Ассамблеи народов Казахстана в процессах демократизации общества и совершенствование ее как института межэтнических отношений требуют мобилизации государственных и общественных ресурсов. Указом определены меры по повышению статуса рабочих органов ассамблеи и малых ассамблей. Указанные меры отражают современное состояние общества, самой ассамблеи, направлены на расширение ее деятельности и защиту интересов национально-культурных объединений в республике.
      В указе также предусмотрено повышение статуса руководителей рабочих органов малых ассамблей, которые одновременно являются заместителями председателей малых ассамблей. Расширяются задачи и конкретизируются направления деятельности ассамблеи в целом, права и обязанности ее членов.
      Глава государства поручил Правительству создание исследовательского центра по проблемам межэтнических отношений. Эта мера предусматривает системное изучение, исследование и мониторинг проблем межэтнических и межконфессиональных отношений в республике, дальнейшее их развитие и укрепление.
      В целом указ значительно повышает роль ассамблеи как активного общественного института в области развития языковой политики в целом, поддержки национальных СМИ и театров, народного творчества, создания программ и проектов по укреплению межэтнических отношений, гражданского мира и согласия.

     Секретариат Ассамблеи
       народов Казахстана
    Администрации Президента
      Республики Казахстан

"Қазақстан халықтары Ассамблеясы институтын нығайту туралы"

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі N 1561 Жарлығына түсініктемесі

      Қазақстан халықтары бірлігі мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті "Қазақстан халықтары Ассамблеясы институтын нығайту туралы" Жарлыққа қол қойды.
      Жарлық Мемлекет басшысының Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметін одан әрі жетілдіру мен өрістету туралы берген тапсырмасына сәйкес дайындалды.
      Қазақстандық сәйкестікті қалыптастыру, Қазақстан халықтары Ассамблеясының қоғамды демократияландыру үдерісіне қатысуы және этносаралық қатынастар институты ретінде оны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық ресурстарды жұмылдыруды талап етеді. Жарлықта Ассамблея мен кіші ассамблеялардың жұмыс органдарының мәртебесін арттыру жөніндегі шаралар айқындалған. Аталған шаралар қоғамның, Ассамблеяның өзінің қазіргі жай-күйін көрсете отырып, оның қызметін өрістетуге және республикада құрылған ұлттық-мәдени бірлестіктердің мүдделерін қорғауға бағытталған.
      Жарлықта бір мезгілде кіші ассамблея төрағаларының орынбасарлары болып табылатын кіші ассамблея жұмыс органдары басшыларының мәртебесін арттыру көзделген. Ассамблеяның міндеттері кеңейтіліп, қызметінің бағыттары, тұтас алғанда, оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері нақтыланды.
      Мемлекет басшысы Үкіметке этносаралық қатынастар проблемалары жөніндегі зерттеу орталығын құруды тапсырды. Бұл шара республикада этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелерін жүйелі зерделеуді, зерттеу мониторинг жүргізуді, оларды одан әрі дамыту мен нығайтуды көздейді.
      Жарлық Ассамблеяның тұтас алғанда тіл саясатын дамыту, ұлттық БАҚ-тарды және театрларды, халық шығармашылығын қолдау, этносаралық қатынастарды, азаматтық келісім мен татулықты нығайту жөніндегі бағдарламалар мен жобаларды жасау саласында белсенді қоғамдық институт ретінде рөлін едәуір арттырады.

      Қазақстан Республикасы Президенті
      Әкімшілігінің Қазақстан халықтары
      Ассамблеясының хатшылығы