Об утверждении описаний знамени и символа органов финансовой полиции Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 10 февраля 2003 года N 1020. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 29 августа 2014 года № 900

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 29.08.2014 № 900.

      В соответствии с пунктом 6 статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об органах финансовой полиции Республики Казахстан" постановляю:
      1. Утвердить прилагаемые описания:
      1) знамени органов финансовой полиции Республики Казахстан;
      2) символа органов финансовой полиции Республики Казахстан.
      2. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан

Утверждено        
Указом Президента    
Республики Казахстан  
от 10 февраля 2003 года 
N 1020          

Описание
знамени органов финансовой полиции
Республики Казахстан

      Знамя органов финансовой полиции Республики Казахстан представляет собой прямоугольное полотнище темно-бирюзового цвета.
      В центре знамени размещено изображение символа органов финансовой полиции.
      Знамя окаймлено по краю бахромой золотисто-желтого цвета, крепится на древко диаметром 32 мм и высотой 2 м. Наконечник древка имеет форму копья, к нему прикреплен витой шнур золотисто-желтого цвета с двумя кистями. Высота наконечника 26 см., ширина 11 см. Длина шнура 1,3 м, длина кистей 20 см. Отношение ширины знамени к его длине 1:2.
      Точное соотношение отдельных элементов знамени дано в прилагаемом графическом изображении.

Приложение           
к описанию знамени      
органов финансовой полиции  
Республики Казахстан    

Знамя органов финансовой полиции Республики Казахстан
(См. бумажный вариант)

     Утверждено        
Указом Президента    
Республики Казахстан  
от 10 февраля 2003 года 
N 1020          

Описание
символа органов финансовой полиции
Республики Казахстан

      Символ органов финансовой полиции представляет собой изображение восьмигранной звезды, грани которой раскрашены в золотисто-желтый и светло-коричневый цвета. Внутри звезды расположен круглый щит голубого цвета с изображением готовящегося к прыжку барса золотистого цвета. По кругу расположены 8 точек золотистого цвета, символизирующих защиту интересов государства со всех сторон.
      Вокруг щита размещена лента красного цвета. На ленте располагаются надписи золотистого цвета: снизу "КАЗАКСТАН", слева "КАРЖЫ", справа "ПОЛИЦИЯСЫ".
      Точное соотношение отдельных элементов символа дано в прилагаемом графическом изображении.
      Голубой и золотистый цвета символа соответствуют номерам
3125 С и 810 С Международного атласа цветов PANTONE. 

Приложение           
к описанию символов      
органов финансовой полиции  
Республики Казахстан  

Символ органов финансовой полиции
Республики Казахстан
(См. бумажный вариант)

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының туы мен нышанының сипаттамаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1020 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-тармағына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туының;
      2) Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары нышанының сипаттамалары бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2003 жылғы 10 ақпандағы 
N 1020 Жарлығымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасының
қаржы полициясы органдары туының
сипаттамасы

      Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының туы қара-көгілдір түсті тікбұрышты мата болып табылады.
      Тудың ортасында қаржы полициясы органдары нышанының бейнесі орналасқан.
      Тудың шеті алтын-сары түсті шашақпен көмкеріліп, диаметрі 32 мм және ұзындығы 2 м сапқа бекітілген. Саптың ұштығы найза нысанында жасалған, оған екі шашағы бар алтын-сары түсті өрілген бау бекітілген. Ұштықтың биіктігі 26 см, ені 11 см. Баудың ұзындығы 1,3 м, шашақтардың ұзындығы 20 см. Тудың енінің ұзындығына арақатысы 1:2.
      Тудың жекелеген элементтерінің дәлме-дәл арақатысы қоса беріліп отырған графикалық бейнеде берілген.

Қазақстан Республикасының 
қаржы полициясы органдары 
туының сипаттамасына   
қосымша          

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының туы
(қағаз мәтінін қараңыз)

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2003 жылғы 10 ақпандағы 
N 1020 Жарлығымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасының қаржы
полициясы органдары нышанының
сипаттамасы

      Қаржы полициясы органдары нышанының қырлары алтын-сары және ашық-қоңыр түстерге боялған сегіз қырлы жұлдыздың бейнесін білдіреді. Жұлдыздың ортасында секіруге дайын алтын түсті барыс бейнесі салынған көгілдір түсті дөңгелек қалқан бар. Дөңгелектің бойында мемлекеттің мүдделерін барлық жағынан қорғауды білдіретін алтын түсті 8 нүкте орналасқан.
      Қалқанның сыртынан жағалай қызыл лента орналасқан. Лентада: төменгі жағынан "ҚАЗАҚСТАН", сол жағынан "ҚАРЖЫ", оң жағынан "ПОЛИЦИЯСЫ" деген алтын түсті жазулар орналасқан.
      Нышанның жекелеген элементтерінің дәлме-дәл арақатысы қоса беріліп отырған графикалық бейнеде берілген.
      Нышанның көгілдір және алтын түстері Халықаралық атластың PANTONE түстерінің 3125 С және 810 С нөмірлеріне сәйкес.

Қазақстан Республикасының 
қаржы полициясы органдары 
туының сипаттамасына   
қосымша          

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы
органдарының нышаны
(қағаз мәтінін қараңыз)