Об образовании Государственной комиссии по контролю за ходом строительства на территориях пригородной зоны и зоны особого градостроительного регулирования города Алматы

Указ Президента Республики Казахстан от 29 июня 2007 года № 355. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 17 января 2011 года № 1138

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 17.01.2011 № 1138.

      В целях упорядочения и целенаправленного использования земель пригородной зоны и зоны особого градостроительного регулирования города Алматы  ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Образовать Государственную комиссию по контролю за ходом строительства на территориях пригородной зоны и зоны особого градостроительного регулирования города Алматы (далее - Государственная комиссия).

      2. Утвердить прилагаемые:
      1) положение о Государственной комиссии;
      2) состав Государственной комиссии.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

       Президент
      Республики Казахстан

Утверждено        
Указом Президента    
Республики Казахстан   
от 29 июня 2007 года N 355

  ПОЛОЖЕНИЕ
о Государственной комиссии по контролю за ходом
строительства на территориях пригородной зоны и зоны
особого градостроительного регулирования города Алматы

  1. Общие положения

      1. Государственная комиссия по контролю за ходом строительства на территориях пригородной зоны и зоны особого градостроительного регулирования города Алматы (далее - Государственная комиссия) является консультативно-совещательным органом при Президенте Республики Казахстан.

      2. Государственная комиссия образована в целях упорядочения и целенаправленного использования земель пригородной зоны и зоны особого градостроительного регулирования города Алматы.

      3. Государственная комиссия руководствуется в своей деятельности Конституцией, законами Республики Казахстан, актами Главы государства и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим положением.

      4. Государственная комиссия состоит из председателя, двух заместителей, секретаря и членов Комиссии.

      5. Персональный состав Государственной комиссии утверждается Президентом Республики Казахстан.

  2. Задачи, функции и полномочия Государственной комиссии

      6. Задачей Государственной комиссии является упорядочение в использовании по назначению земель пригородной зоны и зоны особого градостроительного регулирования города Алматы.

      7. Государственная комиссия осуществляет следующие функции:
      1) выработка и внесение Главе государства предложений по вопросам использования земель в зонах особого градостроительного регулирования;
      2) рассмотрение отчетов постоянно действующей специальной комиссии акиматов Алматинской области и города Алматы по выбору земельных участков для размещения наиболее важных объектов (далее - комиссия), а также местных исполнительных органов.

      8. Государственная комиссия в пределах своей компетенции вправе:
      1) запрашивать от центральных и местных исполнительных органов Алматинской области и города Алматы информацию, документы и материалы, необходимые для выполнения возложенных на нее задач;
      2) заслушивать на своих заседаниях отчеты комиссии, а также местных исполнительных органов;
      3) принимать решения по вопросам, входящим в ее компетенцию.

  3. Организация деятельности Государственной комиссии

      9. Заседания Государственной комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал.

      10. Заседания Государственной комиссии правомочны при наличии двух третей от общего числа членов Государственной комиссии. Члены Государственной комиссии участвуют в ее заседаниях без права замены.

      11. Решения Государственной комиссии принимаются большинством голосов от общего числа ее членов, присутствующих на заседании. При равенстве голосов членов Государственной комиссии голос председательствующего является решающим.

      12. На заседания Государственной комиссии могут приглашаться должностные лица, не являющиеся членами Государственной комиссии, а также представители общественных организаций и средств массовой информации.

      13. Председатель Государственной комиссии:
      1) руководит деятельностью Государственной комиссии и председательствует на ее заседаниях;
      2) информирует Президента Республики Казахстан не реже одного раза в полугодие о проделанной работе Государственной комиссии.

      14. В отсутствие председателя его обязанности исполняет один из заместителей председателя.

      15. Секретарь Государственной комиссии:
      1) информирует членов Государственной комиссии о времени и месте ее заседаний;
      2) организует подготовку материалов к заседаниям Государственной комиссии;
      3) оформляет протоколы заседаний Государственной комиссии;
      4) представляет председателю Государственной комиссии подготовленный ее членами отчет о проделанной работе с оценкой своевременного и качественного исполнения принятых ею решений;
      5) по поручению председателя Государственной комиссии осуществляет иные функции.

      16. Центральные и местные исполнительные органы областей (города республиканского значения, столицы), районов (городов областного значения) обязаны оказывать содействие Государственной комиссии в выполнении возложенных на нее задач.

      17. Рабочим органом Государственной комиссии является акимат города Алматы.

Утвержден        
Указом Президента    
Республики Казахстан   
от 29 июня 2007 года N 355

  СОСТАВ
Государственной комиссии по контролю за ходом
строительства на территориях пригородной зоны и зоны
особого градостроительного регулирования города Алматы

Масимов                - Премьер-Министр Республики Казахстан,
Карим Кажимканович       председатель

Тасмагамбетов          - аким города Алматы, заместитель
Имангали Нургалиевич     председателя

Умбетов                - аким Алматинской области, заместитель
Серик Абикенович         председателя

Заяц                   - заместитель акима города Алматы,
Яков Игнатьевич          секретарь

Ахметов                - Министр транспорта и коммуникаций
Серик Ныгметулы          Республики Казахстан

Ергожин                - вице-министр финансов Республики
Даулет Едилович          Казахстан

Искаков                - Министр охраны окружающей среды
Нурлан Абдильдаевич      Республики Казахстан

Оразбаков              - Министр индустрии и торговли
Галым Избасарович        Республики Казахстан

Оспанов                - Председатель Агентства Республики
Бакыт Сагындыкович       Казахстан по управлению земельными
                         ресурсами

Сапарбаев              - вице-министр экономики и бюджетного
Бердибек Машбекович      планирования Республики Казахстан

Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының аумақтарындағы құрылыстың барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 маусымдағы N 355 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 1138 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.01.17  № 1138Жарлығымен.

      Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының жерін ретке келтіру және нысаналы түрде пайдалану мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының аумақтарындағы құрылыстың барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
      2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2007 жылғы 29 маусымдағы 
N 355 Жарлығымен     
бекітілген       

Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше
реттеу аймағының аумақтарындағы құрылыстың барысын
бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының аумақтарындағы құрылыстың барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Мемлекеттік комиссия Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының жерін ретке келтіру және нысаналы түрде пайдалану мақсатында құрылды.

      3. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

      4. Мемлекеттік комиссия Комиссияның төрағасынан, оның екі орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады.

      5. Мемлекеттік комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

  2. Мемлекеттік комиссияның міндеттері, функциялары мен
өкілеттіктері

      6. Мемлекеттік комиссияның міндеттері Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының жерін нысаналы түрде пайдалануды тәртіпке келтіру болып табылады.

      7. Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) қала құрылысын ерекше реттеу аймағының жерін пайдалану мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Мемлекет басшысына енгізу;
      2) Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдіктерінің аса маңызды объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін таңдау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін арнайы комиссиясының (бұдан әрі - комиссия), сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарау.

      8. Мемлекеттік комиссия өз құзыреті шегінде:
      1) өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды орталық мемлекеттік және Алматы облысы мен Алматы қаласының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан сұратуға;
      2) өз отырыстарында комиссияның, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдауға;
      3) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.

  3. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру

      9. Мемлекеттік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

      10. Мемлекеттік комиссияның отырыстары Мемлекеттік комиссияның мүшелері жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болады. Мемлекеттік комиссияның мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.

      11. Мемлекеттік комиссияның шешімдері оның отырысқа қатысушы мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағалық еткен адамның дауысы шешуші болып табылады.

      12. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттік комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

      13. Мемлекеттік комиссияның төрағасы:
      1) Мемлекеттік комиссияның қызметіне басшылық жасайды және оның отырыстарында төрағалық етеді;
      2) Қазақстан Республикасының Президентін Мемлекеттік комиссияның істеген жұмысы туралы жарты жылда кемінде бір рет хабардар етеді.

      14. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның орынбасарларының бірі атқарады.

      15. Мемлекеттік комиссияның хатшысы:
      1) Мемлекеттік комиссияның мүшелерін оның отырыстарының уақыты мен орны туралы хабардар етеді;
      2) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
      3) Мемлекеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын ресімдейді;
      4) Мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімдердің уақытылы және сапалы орындалуын бағалай отырып, оның төрағасына істелген жұмыс туралы оның мүшелері дайындаған есепті береді;
      5) Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      16. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) орталық және жергілікті атқарушы органдары Мемлекеттік комиссияға оған жүктелген міндеттерді орындауда жәрдем көрсетуге міндетті.

      17. Алматы қаласының әкімдігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2007 жылғы 29 маусымдағы 
N 355 Жарлығымен     
бекітілген       

Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше
реттеу аймағының аумақтарындағы құрылыстың барысын
бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның
ҚҰРАМЫ

Мәсімов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы         Министрі, төраға

Тасмағанбетов           - Алматы қаласының әкімі, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы       орынбасары

Үмбетов                 - Алматы облысының әкімі, төрағаның
Серік Әбікенұлы           орынбасары

Заяц                    - Алматы қаласы әкімінің орынбасары,
Яков Игнатьевич           хатшы

Ахметов                 - Қазақстан Республикасы Көлік және
Серік Нығметұлы           коммуникация министрі

Ерғожин                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
Дәулет Еділұлы            вице-министрі

Оразбақов               - Қазақстан Республикасы Индустрия
Ғалым Ізбасарұлы          және сауда министрі

Оспанов                 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Бақыт Сағындықұлы         басқару агенттігінің төрағасы

Сапарбаев               - Қазақстан Республикасы Экономика және
Бердібек Машбекұлы        бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Ысқақов                 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Нұрлан Әбділдәұлы         қорғау министрі