О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольного агентства)

Указ Президента Республики Казахстан от 23 июля 2008 года N 633

Подлежит опубликованию в Собрании
актов Президента и Правительства
Республики Казахстан     

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 44 Конституции Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Наделить Агентство Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство) функцией по защите конкуренции и ограничению монополистической деятельности финансовых организаций.

      2. Правительству Республики Казахстан принять необходимые меры по реализации настоящего Указа.

      3. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 19 июня 2007 года N 346 "О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., N 20, ст. 227; N 39, ст. 445) следующие изменения:

      подпункты 1) пунктов 1 и 5 исключить.

      4. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
Республики Казахстан                            Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттіктің) кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 шілдедегі N 633 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс        

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттікке) бәсекелестікті қорғау және қаржы ұйымдарының монополистік қызметін шектеу жөніндегі функция берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 346 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 20, 227-құжат; N 39, 445-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 және 5-тармақтардың 1) тармақшалары алып тасталсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев