О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 27 сентября 1999 года № 217 "Об утверждении Консульского устава Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 30 января 2012 года № 260. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 25 апреля 2016 года № 240

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 25.04.2016 № 240.

      Подлежит опубликованию в Собрании актов
Президента и Правительства Республики
Казахстан и республиканской печати 

      В соответствии со статьей 5 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2002 года "О дипломатической службе Республики Казахстан", в целях совершенствования деятельности консульских учреждений Республики Казахстан за рубежом ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан 27 сентября 1999 года № 217 "Об утверждении Консульского устава Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 47, ст. 430; 2004 г., № 51, ст. 670; 2008 г., № 31, ст. 308) следующие изменения и дополнения:
      в Консульском уставе Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:
      дополнить пунктом 24-1 следующего содержания:
      "24-1. Консул оказывает содействие гражданам Республики Казахстан, находящимся на территории консульского округа, в целях защиты и обеспечения их прав и интересов в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";
      дополнить главой 12-1 следующего содержания:
      "Глава 12-1. Функции консула по оказанию содействия гражданам Республики Казахстан в реализации их избирательных прав
      42-1. Консул оказывает содействие гражданам Республики Казахстан в реализации их избирательных прав, соблюдении принципов избирательного права, установленных законодательством Республики Казахстан.
      Если при проведении выборов Президента Республики Казахстан, депутатов Мажилиса Парламента, избираемых по партийным спискам, и республиканского референдума в помещении загранучреждения образуется избирательный участок, Консул официально информирует об этом органы власти государства пребывания.";
      пункты 47 и 48 изложить в следующей редакции:
      "47. За консульские действия, выполняемые за границей и на территории Республики Казахстан, взимаются консульские сборы в порядке, определяемом налоговым законодательством Республики Казахстан.
      48. Ставки, порядок взимания, уплаты, зачисления и освобождения от уплаты консульского сбора определяются в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан.".
      2. Настоящий Указ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н.Назарбаев

"Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 260 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 25.04.2016 № 240 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде 
жариялануға тиіс       

      «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының шетелдегі консулдық мекемелерінің қызметін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 47, 430-құжат; 2004 ж., № 51, 670-құжат, 2008 ж., № 31, 308-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысында:
      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
      «24-1. Консул консулдық округ аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету мақсатында жәрдем көрсетеді.»;
      мынадай мазмұндағы 12-1-тараумен толықтырылсын:
      «12-1-тарау. Консулдың Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың сайлау құқығын іске асыруда жәрдем көрсету жөніндегі функциялары
      42-1. Консул Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың сайлау құқықтарын іске асыруда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сайлау құқығының қағидаттарын сақтауда жәрдем көрсетеді.
      Егер Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлауды және республикалық референдумды өткізу кезінде шетелдік мекеменің үй-жайында сайлау учаскесі құрылар болса, Консул бұл туралы тұратын мемлекеттің билік органдарын ресми түрде хабардар етеді.»;
      47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Шетелдерде және Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын консулдық іс-әрекет үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін тәртіппен консулдық алымдар алынады.
      48. Консулдық алымның ставкалары, оны алу, төлеу, есепке алу және төлеуден босату тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленеді.».
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ