Об образовании специализированных межрайонных судов по делам несовершеннолетних и внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 4 февраля 2012 года № 266

Подлежит опубликованию в Собрании
актов Президента и Правительства
Республики Казахстан    

      В соответствии с пунктами 33-1 статьи 3, пунктами 12 статьи 6, пунктом 1 статьи 18 Конституционного закона Республики Казахстан от 25 декабря 2000 года «О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан» ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Образовать:
      1) специализированные межрайонные суды по делам несовершеннолетних в Акмолинской, Актюбинской, Атырауской, Жамбылской, Западно-Казахстанской, Карагандинской, Костанайской, Кызылординской, Мангистауской, Павлодарской, Северо-Казахстанской и Южно-Казахстанской областях;
      2) специализированные межрайонные суды по делам несовершеннолетних Алматинской области № 1 и № 2, Восточно-Казахстанской области № 1 и № 2.
      2. Высшему Судебному Совету Республики Казахстан, Председателю Верховного Суда Республики Казахстан, в установленном законодательством порядке, принять меры по отбору кандидатов на вакантные должности председателей и судей судов, образуемых в соответствии с настоящим Указом, и представить на рассмотрение Президенту Республики Казахстан соответствующие предложения.
      3. Департаменту по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарату Верховного Суда Республики Казахстан) принять меры, вытекающие из настоящего Указа.
      4. Внести изменения в следующие указы Президента Республики Казахстан:
      1) в Указ Президента Республики Казахстан от 8 января 1997 года № 3315 «О численности Верховного Суда Республики Казахстан, структуре и штатах аппарата Верховного Суда Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 1997 г., № 1, ст. 1):
      в заголовке слова «, структуре и штатах аппарата Верховного Суда Республики Казахстан» исключить;
      абзац первый пункта 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Установить, что Верховный Суд Республики Казахстан состоит из 33 судей, включая:»;
      2) в Указ Президента Республики Казахстан от 22 января 1999 года № 29 «О мерах по дальнейшей оптимизации системы государственных органов Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 1, ст. 2; 2000 г., № 54, ст. 593; 2001 г., № 1-2, ст. 2; № 4-5, ст. 43; 2002 г., № 26, ст. 272; № 45, ст. 445; 2003 г., № 12, ст. 130; № 16, ст. 160; 2004 г., № 13, ст. 166; № 21, ст. 267; № 27, ст. 344; № 48, ст. 590; 2005 г., № 16, ст. 189; № 27, ст. 329; № 30, ст. 380; № 49, ст. 623; 2006 г., № 7, ст. 50; № 26, ст. 264; № 28, ст. 299; № 30, ст. 320; 2007 г., № 30, ст. 330; № 33, ст. 361; 2008 г., № 10, ст. 105; 2009 г., № 5, ст. 13; 2010 г., № 27, ст. 205; № 51, ст. 466; 2011 г., № 2, ст. 12; 2011 г., № 34, ст. 408):
      в приложении 1 к вышеназванному Указу:
      в строке «Департамент по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарат Верховного Суда Республики Казахстан), в том числе:» цифры «5579» заменить цифрами «5693»;
      в строке «территориальные органы (канцелярии судов) в областях, столице и городах республиканского значения» цифры «5403» заменить цифрами «5517»;
      в приложении 3 к вышеназванному Указу:
      в строке «Судьи районных и приравненных к ним судов» цифры «1653» заменить цифрами «1693».
      5. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.
      6. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н.Назарбаев

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 4 ақпандағы № 266 Жарлығы

Қазақстан Республикасының     
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс    

      «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 3-бабының 33-1-тармақтарына, 6-бабының 12-тармақтарына, 18-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналар:
      1) Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар;
      2) Алматы облысының № 1 және № 2, Шығыс Қазақстан облысының № 1 және № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы осы Жарлыққа сәйкес құрылатын соттардың төрағалары мен судьяларының бос қызметтеріне кандидаттарды іріктеу жөнінде заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қабылдасын және тиісті ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізсін.
      3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының құрылымы мен штаты туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 3315 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 1, 1-құжат):
      тақырыпта «, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының құрылымы мен штаты» деген сөздер алып тасталсын;
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 33 судьядан, оның ішінде:»;
      2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж., № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 299-құжат; № 30, 320-құжат; 2007 ж., № 30, 330-құжат; № 33, 361-құжат; 2008 ж., № 10, 105-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат; 2010 ж., № 27, 205-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 2, 12-құжат; 2011 ж., № 34, 408-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде:» жолында «5579» деген цифрлар «5693» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот кеңселері)» жолында «5403» деген цифрлар «5517» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымшада:
      «Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары» жолында «1653» деген цифрлар «1693» деген цифрлармен ауыстырылсын.
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев