Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 8 қаңтардағы N 3315 Жарлығы.

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.02.04 № 266 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 29, 74-баптарына сәйкес қаулы етемiн: Z000132

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мыналарды қоса алғанда 65 судьядан тұрады деп белгіленсін:

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасынан;

      Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 1999.09.29 N 221, 2012.02.04 № 266; 16.11.2015 № 112 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
      1-1. Алып тасталды – ҚР Президентінің 10.06.2023 № 252 (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      2. Алынып тасталды - ҚР Президентінің 29.09.1999 N 221 Жарлығымен.

      3. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының құрылымы мен штаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 наурыздағы N 2909 Жарлығының күшi жойылған деп танылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
Президентi

  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1997 жылғы 8 қаңтардағы
N 3315 Жарлығына
Қосымша

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының құрылымы мен штаты

      Ескерту. Қосымша алынып тасталды - ҚР Президентінің 29.09.1999 N 221 Жарлығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады