О некоторых вопросах Совета по управлению пенсионными активами Единого накопительного пенсионного фонда

Указ Президента Республики Казахстан от 14 февраля 2014 года № 753. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 113.

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 16.11.2015 № 113(вводится в действие с 01.01.2016).

      В соответствии со статьей 36 Закона Республики Казахстан от 21 июня 2013 года «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Создать Совет по управлению пенсионными активами Единого накопительного пенсионного фонда (далее — Совет).
      2. Утвердить прилагаемые:
      1) Положение о Совете;
      2) персональный состав Совета.
      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н.Назарбаев

УТВЕРЖДЕНО        
Указом Президента    
Республики Казахстан   
от 14 февраля 2014 года № 753

ПОЛОЖЕНИЕ
о Совете по управлению пенсионными активами
Единого накопительного пенсионного фонда

1. Общие положения

      1. Совет по управлению пенсионными активами Единого накопительного пенсионного фонда (далее — Совет) является консультативно-совещательным органом при Президенте Республики Казахстан.
      2. В своей деятельности Совет руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законодательными актами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан, а также настоящим Положением.
      3. Решения Совета носят рекомендательный характер.

2. Основные задачи и функции Совета

      4. Основными задачами Совета являются оказание содействия и выработка рекомендаций по вопросам управления пенсионными активами Единого накопительного пенсионного фонда Республики Казахстан (далее - ЕНПФ).
      5. Функциями Совета являются:
      1) рассмотрение и выработка предложений по повышению эффективности управления пенсионными активами ЕНПФ;
      2) выработка предложений по перечню разрешенных инструментов для размещения пенсионных активов ЕНПФ и одобрение данного перечня;
      3) рассмотрение ежегодного отчета о деятельности ЕНПФ.
      6. В соответствии со своими задачами и функциями Совет:
      1) привлекает для проведения консультаций по рассматриваемым вопросам специалистов заинтересованных государственных органов, общественных объединений, организаций, ученых и независимых экспертов;
      2) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке запрашивает и получает от государственных органов и иных организаций материалы, необходимые для реализации задач и функций Совета;
      3) принимает решения по рассматриваемым вопросам, которые носят рекомендательный характер.

3. Формирование и организация деятельности Совета

      7. В персональный состав Совета входят по одному представителю от Администрации Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан, по два представителя от Национального Банка Республики Казахстан и участников финансового рынка и четыре независимых эксперта.
      Кандидатуры от участников финансового рынка в состав Совета предлагаются объединением субъектов частного предпринимательства, аккредитованным Национальным Банком Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Кандидатуры независимых экспертов в состав Совета предлагаются Национальным Банком Республики Казахстан.
      В качестве независимых экспертов не могут выступать лица, являющиеся представителями государственных организаций и организаций, в уставном капитале которых доля государства составляет более пятидесяти процентов, в том числе национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, национальных институтов развития, акционером которых является государство, их дочерних организаций, более пятидесяти процентов голосующих акций (долей участия) которых принадлежат им, а также юридических лиц, более пятидесяти процентов голосующих акций (долей участия) которых принадлежит указанным дочерним организациям.
      Персональный состав Совета утверждается Президентом Республики Казахстан.
      8. Совет возглавляется председателем. Председателем Совета является Председатель Национального Банка Республики Казахстан.
      Председатель Совета:
      1) осуществляет общее руководство деятельностью Совета;
      2) председательствует на заседаниях Совета. В отсутствие председателя по его поручению на заседаниях председательствует один из членов Совета;
      3) определяет место и время проведения заседаний Совета;
      4) осуществляет общий контроль за реализацией решений Совета;
      5) отчитывается о работе Совета перед Президентом Республики Казахстан.
      9. Члены Совета вправе:
      1) вносить предложения по повестке дня его заседаний и порядку обсуждения вопросов;
      2) участвовать в подготовке материалов к заседаниям Совета, проектов его решений, способствовать решению стоящих перед Советом задач;
      3) участвовать в обсуждении вопросов, рассматриваемых на заседании Совета.
      10. Заседания Совета проводятся по мере необходимости и не реже одного раза в год в сроки, определяемые председателем Совета. Решения Совета оформляются протоколом, подписываемым всеми членами Совета, присутствовавшими на заседании. Совет правомочен принимать решения при участии не менее двух третей его членов. Делегирование членами Совета своих полномочий иным должностным лицам не допускается.
      11. Решения Совета принимаются простым большинством голосов членов Совета. При равенстве голосов голос председательствующего является решающим.
      12. Рабочим органом Совета является Национальный Банк Республики Казахстан.

УТВЕРЖДЕН       
Указом Президента  
Республики Казахстан   
от 14 февраля 2014 года № 753

ПЕРСОНАЛЬНЫЙ СОСТАВ
Совета по управлению пенсионными активами
Единого накопительного пенсионного фонда

      Сноска. Персональный состав с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 17.09.2014 № 911.

Келимбетов              - Председатель Национального Банка Республики
Кайрат Нематович          Казахстан, председатель

Орынбаев                - помощник Президента Республики Казахстан
Ербол Турмаханович

Султанов                - Министр финансов Республики Казахстан
Бахыт Турлыханович

Акишев                  - заместитель Председателя Национального
Данияр Талгатович         Банка Республики Казахстан

Аханов                  - председатель Совета объединения юридических
Серик Ахметжанович        лиц «Ассоциация финансистов Казахстана»
                          (по согласованию)

Билгин                  - председатель Совета директоров компании NUH
Тевфик                    Cimento Sanayi A.S., независимый эксперт
                          (по согласованию)

Борозан                 - управляющий партнер «Global Sovereign
Борис                     Advisors», независимый эксперт
                          (по согласованию)

Вокурка                 - глава Представительства «Дойче Банк АГ» в
Ульф                      Республике Казахстан, Управляющий директор
                          «Deutsche Bank AG», независимый эксперт
                          (по согласованию)

Зи                      - почетный председатель правления Общества
Майкл                     актуариев Казахстана, председатель «Sze
                          Associates Ltd», независимый эксперт
                          (по согласованию)

Курманов                - председатель Биржевого совета, независимый
Жанат Бостанович          директор акционерного общества
                          «Казахстанская фондовая биржа»
                          (по согласованию)

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 753 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 113 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 16.11.2015 № 113 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Кеңес туралы ереже;
      2) Кеңестің дербес құрамы бекітілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2014 жылғы 14 ақпандағы
№ 753 Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН   

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін
басқару жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

      4. Кеңестің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - БЖЗҚ) зейнетақы активтерін басқару мәселелері бойынша жәрдем көрсету және ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.
      5. Кеңестің функциялары:
      1) БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды қарау және тұжырымдау;
      2) БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін орналастыру үшін рұқсат етілген құралдар тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлеу және осы тізбені мақұлдау;
      3) БЖЗҚ-ның қызметі туралы жыл сайынғы есепті қарау болып табылады.
      6. Кеңес өзінің міндеттері мен функцияларына сәйкес:
      1) қаралатын мәселелер бойынша консультациялар жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың мамандарын, ғалымдарды және тәуелсіз сарапшыларды тартады;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан Кеңестің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;
      3) қаралатын мәселелер бойынша ұсынымдық сипаттағы шешімдерді қабылдайды.

3. Кеңестің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру

      7. Кеңестің дербес құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің әрқайсысынан бір өкілден, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және қаржы нарығының қатысушыларының әрқайсысынан екі өкілден және төрт тәуелсіз сарапшы кіреді.
      Кеңестің құрамына қаржы нарығының қатысушыларынан кандидатураларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аккредиттеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі ұсынады.
      Тәуелсіз сарапшылардың кандидатураларын Кеңес құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынады.
      Мемлекеттік ұйымдардың және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан астам болатын ұйымдардың, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттардың, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы оларға тиесілі еншілес ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы аталған еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғалардың өкілдері болып табылатын адамдар тәуелсіз сарапшылар бола алмайды.
      Кеңестің дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      8. Кеңесті төраға басқарады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Кеңестің төрағасы болып табылады.
      Кеңестің төрағасы:
      1) Кеңес қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      2) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді. Төраға болмағанда оның тапсырмасы бойынша отырыстарға Кеңес мүшелерінің бірі төрағалық етеді;
      3) Кеңес отырыстарын өткізетін орынды және уақытты белгілейді;
      4) Кеңес шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады;
      5) Кеңестің жұмысы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің алдында есеп береді.
      9. Кеңестің мүшелері:
      1) оның отырыстарының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;
      2) Кеңестің отырыстарына арналған материалдарды, оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысуға, Кеңестің алдында тұрған міндеттерді шешуге ықпал етуге;
      3) Кеңестің отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы.
      10. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай және Кеңестің төрағасы белгілейтін мерзімдерде жылына кемінде бір рет өткізіледі. Кеңестің шешімдері отырысқа қатысқан Кеңестің барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Кеңес өз мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан кезде шешімдер қабылдауға құқылы. Кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін өзге лауазымды адамдарға беруіне жол берілмейді.
      11. Кеңестің шешімдері Кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
      12. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің  
2014 жылғы 14 ақпандағы
№ 753 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН   

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының
зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің
ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 17.09.2014 № 911 Жарлығымен.

Келімбетов              - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Қайрат Нематұлы           Төрағасы, төраға

Орынбаев                - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ербол Тұрмаханұлы         көмекшісі

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Бақыт Тұрлыханұлы

Ақышев                  - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Данияр Талғатұлы          Төрағасының орынбасары

Аханов                  - «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы»
Серік Ахметжанұлы         заңды тұлғалар бірлестігінің Кеңес төрағасы
                          (келісім бойынша)

Билгин                  - NUH Cimento Sanayi A.S. компаниясы
Тевфик                    Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз
                          сарапшы (келісім бойынша)

Борозан                 - «Global Sovereign Advisiors» Басқарушы
Борис                     әріптес, тәуелсіз сарапшы
                          (келісім бойынша)

Вокурка                 - Қазақстан Республикасындағы «Дойче Банк АГ»
Ульф                      Өкілдік басшысы, «Deutsche Bank AG»
                          Басқарушы директоры, тәуелсіз сарапшы
                          (келісім бойынша)

Зи                      - Қазақстан актуарийлері қоғамы басқармасының
Майкл                     құрметті төрағасы, «Sze Associates LTD»
                          төрағасы, тәуелсіз сарапшы
                          (келісім бойынша)

Құрманов                - Биржалық кеңестің төрағасы, «Қазақстан қор
Жанат Бостанұлы           биржасы» акционерлік қоғамының тәуелсіз
                          директоры (келісім бойынша)