Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 477 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.12.2015 № 1089 (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiліп отырған Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 31 мамырдағы
N 477 қаулысымен   
бекiтiлген   

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      2. Мыналар аккредиттеуге жатады:
      республикалық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы (қауымдастығы), шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiк, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық бiрлестiктерi;
      облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілері республикалық бірлестіктерінің филиалдары, облыстық бірлестіктер, шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестіктердің филиалдары, облыстық бірлестіктер;
      қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсіпкерлік субъектілері республикалық бірлестіктерінің филиалдары, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктер, шағын кәсіпкерлік жөніндегі бірлестіктердің республикалық филиалдары, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктер.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1524 қаулысымен.

      4. Егер аккредиттеуге бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктi, қызметтiң бiр саласын бiлдiретiн екi немесе одан да көп коммерциялық емес ұйым үмiткер болған жағдайда, онда азаматтардың көп санын бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйым аккредиттеуге жатады.

      5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн (бұдан әрi  - бiрлестiктер) аккредиттеудi орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      6. Мемлекеттік орган аккредиттеудi жүзеге асырудың мерзiмi мен шарттары туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегі хабарландыру жарияланғаннан кейiн, жыл сайын аккредиттеуді жүзеге асырады.
      Аккредиттеудi республикалық деңгейде жүзеге асыру кезiнде хабарландыру Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында не мемлекеттік органдардың ресми сайттарында жарияланады. Аккредиттеудi облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде жүзеге асыру туралы хабарландыру тиiстi әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында жарияланады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 31.12.2013 N 1524 қаулыларымен.

      7. Аккредиттеудi объективтi және бiлiктi түрде жүзеге асыру мақсатында әрбір мемлекеттік органда аккредиттеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - комиссия) құрылады. Комиссияның құрамы және ол туралы ереже мемлекеттік орган басшысының шешімімен бекiтiледi.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

2. Аккредиттеу жүргiзудiң тәртiбi

      8. Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
      2) салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      *Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi;
      4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 31.12.2013 N 1524 қаулыларымен.

      9. Аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi мынадай кезеңдердi қамтиды:
      1) комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауы;
      2) мемлекеттік органның аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдауы;
      3) аккредиттеу туралы куәлiктi немесе негіздеумен аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беру.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      10. Құжаттарды қарау комиссияның мәжiлiстерiнде жүзеге асырылады. Комиссия мыналарға:
      1) бiрлестiктi аккредиттеудi;
      2) бiрлестiктi аккредиттеуден бас тартуды;
      3) аккредиттеу туралы куәлiктiң күшiн тоқтата тұруды немесе тоқтатуды ұсынады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      11. Мемлекеттік орган комиссияның ұсынымы негiзiнде аккредиттеу туралы куәлiктi беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмдi қабылдайды.
      Аккредиттеу туралы куәлiк немесе себебiн негiздеумен аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлама мемлекеттік орган тиiстi шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бiрлестiкке берiледi.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      12. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлiктi беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзімі өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1524 қаулысымен.

      13. Егер:
      1) берiлген құжаттар осы Ереженiң 8-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
      2) бiрлестiк өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырмаған;
      3) ұсынылған құжаттарда сенiмсiз немесе толық емес мәлiметтер болған жағдайда аккредиттеуден бас тартылуы мүмкiн.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      14. Аккредиттеу туралы куәлiк осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3 жыл мерзімге берiледi.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      15. Аккредиттеу туралы куәлiк иелiктен шығарылмайды және басқа заңды тұлғаларға берiлмейдi.

      16. Аккредиттеу туралы куәлiктi жоғалтқан кезде бiрлестiк тиiстi өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде куәлiктi берген мемлекеттік органнан оның телнұсқасын ала алады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

3. Тақырыбы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      17. Аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын мемлекеттік орган аккредиттеуге ұсынылған құжаттарда сенiмсiз немесе бұрмаланған деректер анықталған жағдайда тоқтата тұрады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      18. Куәлiктiң қолданылуының тоқтатыла тұруына әкеп соққан бұзушылықтар жойылған кезде мемлекеттік орган комиссияның оң шешiмi негiзiнде оның қолданылуын жаңғыртады.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      19. Аккредиттеу туралы куәлiк өз қолданылуын мынадай:
      1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2) куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бiр айдың iшiнде жойылмаған;
      3) аккредиттелген бiрлестiк қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
      4) бiрлестiк куәлiктiң қолданылуын ерiктi тоқтату туралы өтiнiш берген;
      5) оның қолданылу мерзiмi өткен жағдайда тоқтатады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      20. Комиссия аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтату мәселелерiн он жұмыс күнi iшiнде қарайды.

      21. Мемлекеттік орган бiрлестiктi аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы бес жұмыс күнi iшiнде (мемлекеттік орган жолсыздықты тапқан сәттен бастап) хабардар етедi.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.02 N 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

                                   Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
                                     бiрлестiктерiне аккредиттеу
                                         жүргiзу ережесiне
                                            N 1 қосымша

                                  Кiмге ___________________________
                                        (орталық мемлекеттiк және 
                                  _________________________________
                                  жергiлiктi атқарушы орган басшысы-
                                  _________________________________
                                         ның лауазымы, Т.А.Ә.)
                                  Кiмнен __________________________
                                          (бiрлестiк басшысының
                                  _________________________________
                                         лауазымы Т.А.Ә.)

                                  Деректемелер:
                                  _________________________________
                               (заңды мекен-жайы, байланыс телефоны)

                             Өтiнiш

   ______________________________________________________________
   (орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органының атауы)
 
жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң
қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын
нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзу
құқығын тану үшін _______________________________________________
                                (бiрлестiктiң атауы)
аккредиттеудi сұраймын.

      Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:
      1. ________________________________________________________
      2. ________________________________________________________
      3. ________________________________________________________
      4. ________________________________________________________
      5. ________________________________________________________

      М.О. _________            _________________________________
            (қолы)             (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      "___"______ 200__ жыл

                                    Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
                                      бiрлестiктерiне аккредиттеу
                                          жүргiзу ережесiне
                                              N 2 қосымша

                             Елтаңба
               ____________________________________
                      (бiрлестiктiң атауы)
 
                        аккредиттеу туралы
                          КУӘЛIК

  ______________________________________________________________
  (орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органының атауы)
  ______________________________________________________________
                       (бiрлестiктiң атауы)
  ______________________________________________________________
  (орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органының атауы)
жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң
қызметi шеңберiнде _____________________________________________
                           (бiрлестiктiң атауы)
жеке кәсiпкерлiк мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық
кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзу құқығын мойындайды.

      (200 жылғы "___" ________ N ____ бұйрық)

      Куәлiк 200 жылғы "___" ________ дейiн жарамды

      Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органының басшысы
      (тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы)

      Сериясы:
      Берiлген күнi:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады