Об органах и организации, уполномоченных на обращение в Суд Евразийского экономического союза

Указ Президента Республики Казахстан от 6 мая 2015 года № 20.

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Определить, что государственными органами, уполномоченными на обращение в Суд Евразийского экономического союза (далее - Суд Союза) от имени Республики Казахстан с заявлением о:

      1) рассмотрении спора, возникающего по вопросам реализации Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года (далее – Договор), международных договоров в рамках Евразийского экономического союза (далее — Союз) и решений органов Союза, являются министерства иностранных дел, промышленности и строительства, транспорта, национальной экономики, торговли и интеграции, юстиции и финансов Республики Казахстан, а также Агентство по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан;

      2) разъяснении положений Договора, международных договоров в рамках Союза и решений органов Союза, являются Генеральная прокуратура Республики Казахстан, министерства иностранных дел, промышленности и строительства, транспорта, национальной экономики, торговли и интеграции, юстиции Республики Казахстан, а также Агентство по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 c изменениями, внесенными указами Президента РК от 27.02.2021 № 526; от 03.01.2024 № 429 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      1-1. Обращения государственных органов в Суд Союза направляются в порядке, определяемом Правилами подготовки информации о выполнении международных договоров Республики Казахстан и представления ее на рассмотрение Президента Республики Казахстан, а также согласования проектов решений международных организаций, участницей которых является Республика Казахстан, и их реализации, взаимодействия со специальными процедурами Совета Организации Объединенных Наций по правам человека и договорными органами по правам человека, подготовки международных мероприятий Республики Казахстан с участием Президента Республики Казахстан, выполнения достигнутых договоренностей, взаимодействия с международными судебными органами и осуществления координации международной деятельности государственных органов Республики Казахстан, утвержденными Указом Президента Республики Казахстан от 12 августа 2010 года № 1037.

      Сноска. Указ дополнен подпункутом 1-1 в соответствии с Указом Президента РК от 27.02.2021 № 526; в редакции Указа Президента РК от 03.01.2024 № 429 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      2. Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан в качестве уполномоченной организации в пределах своих функций, предусмотренных законодательными актами Республики Казахстан, может обращаться с заявлением в Суд Союза с целью представления, защиты прав и законных интересов субъектов предпринимательства в установленном законодательством порядке.

      3. Министерству иностранных дел Республики Казахстан уведомить Суд Союза о принятом решении.

      4. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент

      Республики Казахстан Н.Назарбаев

Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына жүгінуге уәкілеттік берілген органдар мен ұйым туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 20 Жарлығы.


  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция, Әділет және Қаржы министрліктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты (бұдан әрі – Шарт), Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) шеңберіндегі халықаралық шарттарды және Одақ органдарының шешімдерін іске асыру мәселелері бойынша туындайтын дауды қарау;

      2) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция, Әділет министрліктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Шарттың, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың және Одақ органдары шешімдерінің ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен Еуразиялық экономикалық одақтың сотына (бұдан әрі – Одақ Соты) Қазақстан Республикасының атынан жүгінуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар болып табылады деп белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 27.02.2021 № 526; 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      1-1. Мемлекеттік органдардың Одақ Сотына өтініштері Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен жіберіледі.

      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 27.02.2021 № 526; жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы уәкілетті ұйым ретінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өз функцияларының шегінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын және заңды мүдделерін білдіру, қорғау мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен Одақ Сотына өтінішпен жүгіне алады.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қабылданған шешім туралы Одақ Сотын хабардар етсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев