О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 21 августа 2012 года № 369 "Об утверждении Правил подготовки ежегодного Национального доклада по науке"

Указ Президента Республики Казахстан от 20 июля 2018 года № 720. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 26 августа 2024 года № 629.

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 26.08.2024 № 629.

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 21 августа 2012 года № 369 "Об утверждении Правил подготовки ежегодного Национального доклада по науке" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 67, ст. 952) следующие изменения:

      в Правилах подготовки ежегодного Национального доклада по науке, утвержденных вышеназванным Указом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила подготовки ежегодного Национального доклада по науке разработаны в целях подготовки и издания Национального доклада по науке (далее – Национальный доклад), содержащего анализ состояния и тенденций развития мировой и национальной науки, предложения по совершенствованию научно-технического потенциала Республики Казахстан, обоснование приоритетных направлений развития науки и ее популяризации.";

      пункты 5, 6, 7 изложить в следующей редакции:

      "5. Национальный доклад ежегодно не позднее 10 августа вносится на рассмотрение Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан.

      6. Правительство Республики Казахстан на основании рекомендации Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан не позднее 10 октября вносит Национальный доклад Президенту Республики Казахстан.

      7. Издание Национального доклада на государственном и русском языках осуществляется после его одобрения Президентом Республики Казахстан. Электронная версия Национального доклада на английском языке размещается на интернет-ресурсе Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
Н.Назарбаев

"Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 20 шілдедегі № 720 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 26 тамыздағы № 629 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында және республикалық
баспасөзде жариялануға тиіс

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 26.08.2024 № 629 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 952-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау кағидалары әлемдік және ұлттық ғылымның жай-күйі мен даму үрдістерін талдауды, Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, ғылым дамуының басым бағыттарының негіздемесін және оны танымал етуді қамтитын Ғылым жөніндегі ұлттық баяндаманы (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) дайындау және басып шығару мақсатында әзірленді.";

      5, 6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ұлттық баяндама жыл сайын 10 тамыздан кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қарауына енгізіледі.

      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның ұсынымы негізінде 10 қазаннан кешіктірмей Ұлттық баяндаманы Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді.

      7. Ұлттық баяндаманы мемлекеттік тілде және орыс тілінде басып шығару оны Қазақстан Республикасының Президенті мақұлдағаннан кейін жүзеге асырылады. Ұлттық баяндаманың ағылшын тіліндегі электрондық нұсқасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің интернет-ресурсында орналастырылады.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев