О мерах по совершенствованию системы государственного управления

Указ Президента Республики Казахстан от 13 июня 2019 года № 12.

  Подлежит опубликованию в
Собрании актов Президента и
Правительства Республики
Казахстан
и республиканской печати

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 44 Конституции Республики Казахстан, статьей 17-1 Конституционного закона Республики Казахстан "О Президенте Республики Казахстан" в целях дальнейшего совершенствования системы государственной службы и противодействия коррупции ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Переименовать Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции в Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы.

      Установить, что Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы является уполномоченным государственным органом в сфере государственной службы и контроля за соблюдением качества оказания государственных услуг.

      2. Преобразовать Национальное бюро по противодействию коррупции (Антикоррупционную службу) Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции в Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционную службу) как государственный орган, непосредственно подчиненный и подотчетный Президенту Республики Казахстан.

      Установить, что Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба) является правоохранительным органом, осуществляющим выявление, пресечение, раскрытие и расследование коррупционных уголовных правонарушений.

      3. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 11 марта 2008 года № 552 "Об утверждении Положения об Администрации Президента Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 12-13, ст. 116) следующие изменение и дополнение:

      в Перечне государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      строку "Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции" изложить в следующей редакции:

      "Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы";

      дополнить строкой следующего содержания:

      "Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба)".

      4. Администрации Президента Республики Казахстан совместно с Аппаратом Совета Безопасности Республики Казахстан в месячный срок:

      1) внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан совместно с председателями Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба):

      проекты положений об агентствах;

      предложения по перераспределению штатной численности Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции;

      2) принять иные меры по реализации настоящего Указа.

      5. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К. ТОКАЕВ

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 12 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында және республикалық
баспасөзде жариялануға тиiс

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып қайта аталсын.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) болып қайта құрылсын.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарын анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады деп белгіленсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)".

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратымен бірлесіп бір ай мерзімде:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағаларымен бірлесіп:

      агенттіктер туралы ережелердің жобаларын;

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің штат санын қайта бөлу жөнінде ұсыныстар енгізсін.

      2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев