О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 8 сентября 2020 года № 407.

  Подлежит опубликованию в
Собрании актов Президента и
Правительства Республики
Казахстан и республиканской
печати

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 44 Конституции Республики Казахстан в целях модернизации и повышения эффективности системы государственного управления ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Образовать:

      1) Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан с передачей ему функций и полномочий Министерства национальной экономики Республики Казахстан в сферах стратегического планирования и государственной статистической деятельности с наделением его функциями и полномочиями по:

      разработке подходов к осуществлению реформ, проектов нормативных правовых актов, необходимых для осуществления реформ, а также по мониторингу и оценке хода их реализации;

      координации деятельности государственных органов и субъектов квазигосударственного сектора при подготовке документов системы государственного планирования, а также по согласованию, мониторингу и оценке хода их реализации;

      согласованию предложений государственных органов, направленных на совершенствование системы государственного управления;

      стратегическому прогнозированию и проведению анализа развития страны и международной ситуации;

      координации работы в сфере ведомственной статистики;

      координации работ по проведению ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы;

      2) Агентство по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан с передачей ему функций и полномочий Министерства национальной экономики Республики Казахстан в сфере защиты конкуренции и ограничения монополистической деятельности на соответствующих товарных рынках, контроля и регулирования деятельности, отнесенной к сфере государственной монополии.

      2. Правительству Республики Казахстан обеспечить:

      1) по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан перераспределение штатной численности государственных органов и подведомственных им организаций;

      2) передачу Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан с соответствующей штатной численностью в ведение Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан с последующим преобразованием его в Бюро национальной статистики;

      3) принятие иных мер по реализации настоящего Указа.

      3. Определить Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан и Агентство по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан правопреемниками прав и обязательств Министерства национальной экономики Республики Казахстан в пределах передаваемых функций и полномочий.

      4. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 11 марта 2008 года № 552 "Об утверждении Положения об Администрации Президента Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 12-13, ст. 116) следующее дополнение:

      в Перечне государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      дополнить строками следующего содержания:

      "Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан";

      "Агентство по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан".

      5. Администрации Президента Республики Казахстан в месячный срок:

      1) внести на рассмотрение Президенту Республики Казахстан:

      совместно с председателями образованных агентств по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан и по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан проекты положений об образованных агентствах и их структур;

      совместно с Правительством Республики Казахстан предложения по перераспределению штатной численности от реорганизуемых государственных органов в образованные агентства, а также по системе оплаты труда их работников;

      2) принять иные меры по реализации настоящего Указа.

      6. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      7. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 407 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында және
республикалық баспасөзде жариялануға тиiс

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылсын, оған стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік статистикалық қызмет салаларындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, мынадай:

      реформаларды жүзеге асыру тәсілдерін, реформаларды жүзеге асыруға қажетті, сондай-ақ олардың іске асырылу барысын мониторингтеу мен бағалау бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;

      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын дайындау кезінде, сондай-ақ оларды келісу, іске асыру барысын мониторингтеу мен бағалау бойынша мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін үйлестіру;

      мемлекеттік органдардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын келісу;

      елдің дамуы мен халықаралық ахуалды стратегиялық болжамдау мен талдау жүргізу;

      ведомстволық статистика саласындағы жұмысты үйлестіру;

      орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер берілсін;

      2) Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылсын, оған тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлуді;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетін тиісті штат санымен бірге Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің қарауына беріп, оны кейіннен Ұлттық статистика бюросы етіп қайта құруды;

      3) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып айқындалсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесі:

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі";

      "Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі".

      5. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір ай мерзімде:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:

      құрылған Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар мен Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің төрағаларымен бірлесіп, құрылған агенттіктер мен олардың құрылымдары туралы ережелердің жобаларын;

      Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп, қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдардан штат санын құрылған агенттіктерге қайта бөлу, сондай-ақ олардың қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі жөнінде ұсыныстар енгізсін;

      2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев