Қазақстандық қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғыртуға бағытталған реформаларды тиімді іске асыруды жалғастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілсін.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
№ р/с
|
Іс-шараның атауы
|
Аяқталу нысаны
|
Жауапты
орындаушылар
|
Орындау мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
I. ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ
|
1.1. Саяси жаңғыру
|
1.
|
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа институттарының: Конституциялық Соттың, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысын күшейту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
Үкімет, КС, АҚУ, БҚУ, АҚЖҰО
|
2024 жылғы наурыз
|
2.
|
Парламент пен мәслихаттардың жаңа сайлау жүйесінің негізінде - партиялық тізімдер мен бір мандатты округтер бойынша қалыптастырылуын қамтамасыз ете отырып, сайлау өткізу
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
ОСК, Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023 жылғы маусым
|
3.
|
Партияаралық диалогты дамыту, саламатты саяси бәсекелестікті қамтамасыз ету, жетілген, жауапты сайлау мәдениетін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
Үкімет, ОСК
|
2023 жылғы наурыз
|
4.
|
Қала және аудан әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу мониторингі
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023 жылғы шілде, желтоқсан
|
1.2. Тиімді мемлекеттік аппарат
|
5.
|
Мониторинг пен талдау деректерінің негізінде мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша тәсілдерді тұжырымдау
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
МҚІА
|
2023 жылғы шілде
|
6.
|
Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру практикасын жалғастыру, елдің барлық кәсіби жағынан білікті және патриот азаматтарына мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігін ұсыну
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
МҚІА
|
2023 жылғы сәуір
|
7.
|
Адамның бүкіл өмірлік циклінің бойында қызметтерді проактивті көрсету үшін мемлекеттік дерекқорларды пайдалана отырып, Е-§өу мобильдік қосымшасының базасында мемлекеттің азаматпен және бизнеспен қашықтан өзара іс- қимыл жасауы үшін цифрлық инфрақұрылым құру ("Іп^ізіЫе Оо^еттепі" жобасы)
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
Үкімет, МҚІА, СЖРА
|
2023 жылғы ақпан
|
8.
|
Мөлшерін ТКШ мен абаттандыруға арналатын шығыстардың кемінде 10%-ы көлемінде айқындай отырып, "халық қатысатын бюджет" практикасын төртінші деңгейдегі (аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың) бюджеттерге тарату
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, СЖРА, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023 жылғы сәуір
|
|
1.3. Әділ және тәуелсіз сот
|
9.
|
Судьялардың сот төрағаларына тәуелділігін азайта отырып, оның ішінде сот төрағалары позицияларының бір бөлігін судья лауазымдарына өзгерту есебінен олардың тең мәртебесін қамтамасыз ету
|
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Заңының жобалары Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының Заңы
|
ЖС, ЖСК
|
2022 жылғы желтоқсан
2023 жылғы маусым
|
10.
|
Репрессиялық тәсілден бас тарту, қылмыстық қудалау орбитасына түскен азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
Үкімет, ЖС, БП, ҰҚК, СЖҚА, ҚМА
|
2023 жылғы қаңтар
|
11.
|
Сот төрелігін іске асыруда біркелкілікті қамтамасыз етуге арналған интеллектуалдық талдамалық жүйені толыққанды енгізуді жылдамдату
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
ЖС, Үкімет
|
2023 жылғы наурыз
|
12.
|
Апелляция институтын реформалау
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар Қазақстан Республикасының Заңы
|
Үкімет, ЖС
|
2023 жылғы ақпан
2023 жылғы маусым
|
13.
|
Алқабилердің қатысуымен сот қарайтын істердің санаттарын кеңейту
|
Қазақстан Республикасының Заңы
|
ЖС, БП, Үкімет
|
2022 жылғы желтоқсан
|
14.
|
Сот жюриінің шығарылуы кезінде судья өрескел заң бұзушылыққа жол берген, күші жойылған әрбір сот актісін тексеру тетігін енгізу бойынша шаралар қабылдау
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
ЖСК, ЖС
|
2023 жылғы наурыз, қазан
|
15.
|
Бас бостандығынан айыруға балама жазаларды қолдану практикасын кеңейту
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
Үкімет, ЖС, БП
|
2023 жылғы наурыз
|
16.
|
Мыналар:
заманауи технологиялар мен медиацияны пайдалана отырып, тиімді азаматтық сот ісін жүргізу;
сотқа дейінгі талқылаулар жүйесін күшейту;
айыптау және қорғау тараптары арасындағы нақты жарыспалылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірлеу
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
Үкімет, ЖС, БП, ҰҚК, СЖҚА, ҚМА
|
2023 жылғы сәуір
|
1.4. Азаматтар құқығын қорғау
|
17.
|
Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге, оның ішінде:
азаматтардың құқықтарын қорғауды арттыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
бизнестің істеріне өз бетінше араласу фактілеріне және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың өзге де нысандарына жол бермеуге;
азаматтарды қылмыстық процестің орбитасына барынша аз қажетті тарту кезінде шындықты анықтауға қажетті рәсімдерді оңтайландыруға;
қылмыс жасағаны үшін санкцияларды қайта қарауға, қоғамдық жұмыстарды қолдану аясын кеңейтуге және т. б. бағытталған ревизия жүргізу
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
Үкімет, БП, ЖС, ҰҚК, СЖҚА, ҚМА
|
2023 жылғы наурыз
|
18.
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы одан арғы күрес бойынша шаралар қабылдау
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
СЖҚА
|
2023-2025 жылдар мамыр
|
19.
|
XXI ғасырдағы қазақстандық полицияның сервиске бағдарланған кәсіби моделін құру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2024 жылдар желтоқсан
|
20.
|
Адамның қадір-қасиетін қорлайтын және азаматтардың денсаулығына залал келтіретін азаптауларды және тергеп-тексерудің рұқсат етілмеген өзге де әдістерін болғызбау жөнінде шаралар қабылдау
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
БП, ҰҚК, СЖҚА, ҚМА, Үкімет, АҚЖҰО
|
2023 жылғы маусым, желтоқсан
|
21.
|
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды қабылдау
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
Үкімет, ҰҚК, БП, ҰБ, ҚМА
|
2023 жылғы наурыз
|
22.
|
Азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды күшейту
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
БП
|
2023 жылғы ақпан
|
23.
|
Құқық бұзушылықтар профилактикасы жүйесінің тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерді тұжырымдауға қатысуын кеңейту
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
Үкімет, БП, АҚЖҰО
|
2023 жылғы ақпан
|
24.
|
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, есірткі қылмыстарына, алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін қабылдау
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
БП, ҰҚК, СЖҚА, ҚМА, Үкімет
|
2023 жылғы маусым, желтоқсан
|
25.
|
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауаптылықты күшейту
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
Үкімет, БП, ЖС
|
2022 жылғы желтоқсан
|
|
1.5. Ел қауіпсіздігі
|
26.
|
Ұлттық мүдделерді қорғауға, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің алдын алу тетіктерін тұжырымдауға және Қазақстанның БҰҰ шеңберінде халықаралық қауіпсіздік жүйесін күшейтуге қосатын үлесін арттыруға бағытталған, теңгерімді сыртқы саясатты жүргізу
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
27.
|
Елдің әскери қауіпсіздігінің сын-қатерлеріне барабар ден қоюға қабілетті, озық қару-жарақпен және басқару жүйелерімен жарақтандырылған технологиялық және мобильді армия құру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, ҰҚК, МКҚ
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
28.
|
Заманауи технологиялар трансфертін және өндірістің орналасуы жоғары екенін ескере отырып, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту жөнінде шаралар қабылдау
|
жол картасы
|
Үкімет, ҰҚК, МКҚ
|
2023 жылғы ақпан
|
29.
|
Мыналарға:
әскери білім беру жүйесін кәсіби әскери кадрларды даярлауға бағдарлай отырып, оны жетілдіруге, сондай-ақ әскери ғылымның деңгейін арттыруға;
әскери қызметтің беделін, әскери қызметшілердің мәртебесін және Қазақстан армиясының беделін арттыруға;
жастарды Қазақстан халқына адалдық, Отанды қорғау жөніндегі әскери борышын қалтқысыз орындау рухында патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған жаңа тәсілдерді енгізу
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
Үкімет, ҰҚК, МКҚ
|
2023 жылғы наурыз
|
30.
|
Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысын нығайту жөнінде шаралар қабылдау
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023 жылғы мамыр, қараша
|
II. ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА
|
2.1. Мемлекеттің әділетті және айқын экономикалық саясаты
|
31.
|
Ұлттық қордың активтерін 100 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайту, қорды сапалы басқаруды, оның сақталуын және лайықты инвестициялық кірісті қамтамасыз ету
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
ҰБ, Үкімет
|
2023-2029 жылдар қыркүйек
|
32.
|
2025 жылы көлеңкелі экономиканың деңгейін ЭЫДҰ елдерінің көрсеткішіне - ЖІӨ-ге қатысты 15%-ға дейін төмендету
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, ҚМА
|
2023-2025 жылдар шілде
|
33.
|
2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ға дейін төмендету
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
2023-2025 жылдар қыркүйек
|
34.
|
2029 жылға дейін кемінде 150 миллиард АҚШ доллары болатын тікелей шетелдік инвестицияларды тарту
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2029 жылдар шілде
|
35.
|
Бәсекелестікті қорғауға, монополистерге бақылауды күшейтуге бағытталған процестерді жалғастыру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
БҚДА, СЖРА
|
2023-2025 жылдар маусым
|
36.
|
Экономиканы монополиясыздандыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, БҚДА
|
2023-2029 жылдар маусым
|
37.
|
Әділ, ашық, болжамды салық салуды қамтамасыз етуге бағытталған, оның ішінде:
салықтық әкімшілендіруді жаңарту; салықтық бақылауды мүмкіндігінше барынша цифрландыруды қамтамасыз ету;
экономиканың түрлі секторларында сараланған салық мөлшерлемелеріне көшу;
технологиялық жаңғыртуға және ғылыми әзірлемелерге бағытталған пайдадан алынатын корпоративтік табыс салығын төмендету немесе одан босату тетігін енгізу;
салық төлеуден жалтару тәуекелдерін барынша азайту мақсатында арнаулы салық режимдерін оңайлату;
салық жүктемесін төмендету мақсатында ұйымдарды қасақана бөлшектеуге жол бермеу;
барабар мөлшерлемелері және қарапайым рәсімдері бар бөлшек сауда салығын қолдануды кеңейту;
сәнді заттарға салынатын салық мөлшерлемелерін көтеру;
кәсіпорындардың кірістерін Өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу қорын ұлғайтуға бағытталатын қаражат мөлшерінде салық салудан босату;
мемлекеттік қолдау алу кезінде бизнестің қарсы міндеттемелерін белгілеу арқылы жұмыскерлердің жалақысын көтеруді ынталандыру көзделетін жаңа Салық кодексінің қабылдануын қамтамасыз ету
|
Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы
Қазақстан Республикасының Кодексі
|
Үкімет, СЖРА, ЖС
|
2023 жылғы желтоқсан
2024 жылғы қазан
|
38.
|
Ең төмен жалақыны айқындаудың серпінді тәсілге негізделген және негізгі экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде инфляция деңгейін ескеретін жаңа әдістемесін енгізу
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
Үкімет, СЖРА
|
2023 жылғы қаңтар
2023 жылғы желтоқсан
|
39.
|
Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының 4,7 млн адамға дейін өсуін қамтамасыз ету
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
2023-2029 жылдар қаңтар
|
40.
|
Ішкі еңбек нарығын қорғауды күшейту бойынша, оның ішінде еліміздің азаматтары болып табылатын жұмыскерлердің мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды тұжырымдау
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, СЖРА, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
41.
|
3.3 млн-нан астам азаматты, оның ішінде кемінде
2.3 млн адам жастарды жұмысқа орналастыру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
2023-2029 жылдар қаңтар
|
42.
|
Жалдаудың жаңа нысандарын: қашықтан жұмыс істеуді, икемді жұмыс графигін, ішінара жұмыспен қамтуды дамыту үшін еңбек заңнамасын ырықтандыру
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
2023 жылғы желтоқсан
|
43.
|
Жаңа "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заң қабылдау, оның ішінде:
сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің, сондай-ақ жергілікті қамтудың ең төменгі бағасынан сапаның басым болуын;
барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды сатып алудың бірыңғай платформасына көшіруді көздеу
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Заңы
тәжірибелік пайдалануға беру актісі
|
Үкімет, БҚДА, СЖРА, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)
|
2023 жылғы қыркүйек
2023 жылғы желтоқсан
2024 жылғы наурыз
|
44.
|
Орта және жоғары қайта бөлу өнімдерін өндіру мақсатында ішкі нарықтың қажеттілігі үшін жеңілдік бере отырып, ел аумағында өндіріп алынатын және өндірілетін базалық материалдарды беруді қамтамасыз ету
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023-2025 жылдар шілде
|
45.
|
Шетелдік әріптестермен бірлесіп, ірі мұнай-газ жобаларын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
Үкімет
|
2023 жылғы шілде
|
2.2. Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы және орнықты ауыл
|
46.
|
1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамти отырып, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға 1 трлн теңге бағыттау және барлық жеке қосалқы шаруашылықтардың жартысын кооперативтік кәсіпкерлікке тарту және микрокредит берудің және сату нарығына қол жеткізуін қамтамасыз етудің есебінен 350 мыңнан астам жұмыс орнын құру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
47.
|
Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу үшін жеңілдік жағдайларды қамтамасыз ету
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
48.
|
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің, оның ішінде: ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы суару ауданын 2,5 млн гектарға дейін жеткізе отырып, екі есеге арттыруға;
3,5 мың км суару арналарын реконструкциялауға;
шамамен 4 текше км суды қосымша жинақтау үшін 25 жаңа су қоймасын салуға және 16 жұмыс істеп тұрған су қоймасын жаңғыртуға бағытталған құжатын әзірлеу
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, СЖРА, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023 жылғы наурыз
|
2.3. Ашық көлік дәліздері және логистика
|
---|
49.
|
Қазақстан Республикасының көліктік- логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі, оның ішінде:
Транскаспий халықаралық маршрутын транзиттік және экспорттық мүмкіндіктерді әртараптандыру үшін негізгі байланыстырушы буынға айналдыруға;
теңіз порттары мен флотын нығайтуға, Каспий теңізінде заманауи контейнерлік хаб құруға;
Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия елдерімен және Каспий маңы өңірімен шекаралас сауда- экономикалық орталықтар желісін ашуға;
Отандық өндірушілер мен экспорттаушылардың қол жеткізуін шектемей, транзиттік тасымалдар үшін бірыңғай цифрлық жасыл дәліз құруға бағытталған тұжырымдамасын әзірлеу
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
Үкімет, СЖРА
|
2022 жылғы желтоқсан
|
50.
|
Авиабилеттер бағасын төмендету мақсатында авиатасымалдар нарығында нақты бәсекелестікті қамтамасыз ету
|
жол картасы
|
БҚДА, Үкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ
|
2023 жылғы ақпан
|
51.
|
11 мың км теміржол учаскелерін жөндеу
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
52.
|
"Достық - Мойынты", "Дарбаза - Мақтарал" теміржол желілерін, Алматының айналма тармағын, Қытаймен шекарадағы "Бақты" теміржол өткелін іске қосу
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ, Алматы, Абай, Түркістан, Жетісу облыстарының әкімдері
|
2023 жылғы шілде,
2024 жылғы қаңтар, қараша
|
2.4. Сенімді энергетика
|
53.
|
Қайта өңдеу көлемін жылына 21 млн тоннаға дейін арттыру арқылы ішкі нарықты мұнай өнімдерінің негізгі түрлерімен қамтамасыз ету
|
жол картасы
|
Үкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ
|
2023 жылғы сәуір
|
54.
|
Мұнай өндірудің өсу шамасына қарай көмірсутек шикізатын экспорттау үшін дәліздерді әртараптандыру
|
жол картасы
|
Үкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ
|
2023 жылғы наурыз
|
55.
|
Тауарлық газ ресурстарын 30 млрд текше метрге дейін ұлғайту үшін жаңа газ өңдеу қуаттарын салу және елді газдандырудың кемінде 60 пайыздық деңгейін қамтамасыз ету
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023-2029
жылдар
желтоқсан
|
56.
|
Энергетикалық инфрақұрылымды, оның ішінде:
3,7 гигаватт электр генерациялайтын қуаттар мен жылу электр орталықтарын салуды;
елдің энергия жүйесін сақиналайтын электр беру желісінің құрылысын аяқтауды қамтитын жаңғырту
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат пайдалануға беру актісі
|
Үкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "КЕGОС" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "Qаzаqgаz" ҰК" АҚ
|
2023-2029 жылдар
желтоқсан
2028 жылғы желтоқсан
|
57.
|
Жаңартылатын энергия өндірісінің көлемін 1,5 есеге ұлғайту
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
2.5. Қуатты аймақтар мен дамыған инфрақұрылым
|
58.
|
7 жыл ішінде 111 миллион шаршы метр тұрғын үй салу
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
59.
|
Үлестік қатысуы бар барлық проблемалық үйлердің құрылысын аяқтау
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "ҚТК" ҰК" АҚ
|
2023-2026 жылдар желтоқсан
|
60.
|
Апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлердің 40 мыңға жуық меншік иесін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері,
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
61.
|
"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық кредиттеуді жалғастыру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
ҰБ
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
62.
|
Жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік коммуникациялар салуды жандандыру
|
жол картасы
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері
|
2023 жылғы мамыр
|
63.
|
Елді мекендердің 100%-ын сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері
|
2023-2025 жылдар желтоқсан
|
64.
|
Жылумен және сумен жабдықтау, су бұру желілерінің тозу көрсеткішін 40%-ға дейін төмендету
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
65.
|
Республикалық маңызы бар автожолдың 8 мың км мен облыстық және аудандық маңызы бар автожолдың 14 мың км сапалы салуды және реконструкциялауды қамтамасыз ету
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
66.
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жаңа инвестициялар тарту үшін "тарифті инвестицияға айырбастау" қағидатын енгізу
|
жол картасы
|
Үкімет, БҚДА, СЖРА
|
2023 жылғы ақпан
|
2.6. Озық қолданбалы ғылым
|
67.
|
Қолданбалы ғылымды, оның ішінде бизнестің ғылыми зерттеулерді бірлесіп қаржыландыруы есебінен қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайту, сондай-ақ ғылыми және ғылыми- техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін, атап айтқанда, жыл сайынғы гранттар бөлу арқылы жағдайлар жасау
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Назарбаев университеті" ДБҰ (келісім бойынша)
|
2023-2026 жылдар шілде, желтоқсан
|
68.
|
Жетекші жоғары оқу орындары мен ірі кәсіпорындардың жанынан мамандандырылған инжинирингтік орталықтарды, ғылыми- технологиялық парктерді қалыптастыру және дамыту
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Назарбаев университеті" ДБҰ (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ
|
2023-2026 жылдар шілде, желтоқсан
|
69.
|
"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңын қабылдауды қамтамасыз ету
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Заңы
|
Үкімет, СЖРА, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ
|
2023 жылғы маусым
2024 жылғы сәуір
|
2.7. Жаңа цифрлық мүмкіндіктер
|
70.
|
Барлық қалалар мен аудандар орталықтарында кең жолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ету
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
71.
|
Республикалық және негізгі облыстық автожолдарды сапалы түрдегі ұялы және интернет- байланыспен қамту
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
72.
|
Қазақстанның цифрлық өңірлік хабқа айналуы бойынша, оның ішінде қуатты деректер өңдеу орталықтарын салуды, трансшекаралық оптикалық талшықты магистральдарды төсеуді, ірі халықаралық ІТ-компанияларды тарту үшін заңнаманы өзектендіруді көздейтін шаралар кешенін әзірлеу
|
жол картасы
|
Үкімет, ҰҚК, СЖРА, АҚҚО, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ
|
2023 жылғы сәуір
|
73.
|
ІТ-компанияларда кемінде 150 мың жаңа жұмыс орнын құру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
74.
|
Цифрлық технологиялардың экономикаға салымын елдің ЖІӨ-нің 1%-на дейін жеткізу
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
III. ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ
|
3.1. Қолжетімді және сапалы білім
|
75.
|
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдау
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2022 жылғы желтоқсан,
2023-2025 жылдар шілде, желтоқсан
|
76.
|
"Бала берілетін ақша" қағидатын іске асыруға мүмкіндік беретін мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамаларды есепке алудың, кезектіліктің және берудің бірыңғай базасын қамтитын ақпараттық жүйені құру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2024 жылдар шілде, желтоқсан
|
77.
|
Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды білім беру ұйымдарында тегін тамақпен, барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2026 жылдар тамыз
|
78.
|
Шамадан тыс жүктемелі сыныптар, апатты мектептер және үш ауысымды оқыту мәселесін түпкілікті шешу үшін қолайлы оқу жағдайлары бар 1,5 млн оқушы орнын енгізу
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2025 жылдар желтоқсан
|
79.
|
Шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда жыл сайын кемінде бір мың мектепті заманауи стандарттар бойынша жаңғырту
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2025 жылдар желтоқсан
|
80.
|
Робот техникасы, химия, биология, физика, SТЕМ пәндерінен кемінде 7000 заманауи мектеп кабинеттерін ашу
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2029 жылдар шілде
|
81.
|
Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу, қажетті оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023 жылғы қаңтар, қыркүйек
|
82.
|
Оқу материалдарына лезде қол жеткізуді, мектеп ғимаратына кіруді қамтамасыз ететін және тамақтану үшін төлем құралы болып табылатын оқушыларға арналған сәйкестендіру карточкалары жүйесін іске қосу
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2024 жылдар шілде, желтоқсан
|
83.
|
Компьютерлері жоқ балаларға арналған ұйымдастыру техникасын жалға беру бағдарламасын іске қосу және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан оқушылардың компьютерлерді өтеусіз жалға алуына мүмкіндік беру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023 жылғы тамыз
|
84.
|
Білім беру ұйымдарын (мектептер, колледждер, мектепке дейінгі ұйымдар) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тиісті жабдықтармен жарақтандыру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2025 жылдар тамыз
|
85.
|
Балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объектілер салу (оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, музыка және көркемсурет мектептері және т. б.)
|
жол картасы
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023 жылғы ақпан
|
86.
|
Балалардың спорт секциясына немесе шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуына мүмкіндік беру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2025 жылдар шілде, желтоқсан
|
87.
|
Студенттер стипендияларының мөлшерін 2 есеге ұлғайту
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
Үкімет
|
2023 жылғы қаңтар
|
88.
|
Барлық студенттің білім алу үшін қажетті әлемдік цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізуін қамтамасыз ету
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023 жылғы желтоқсан
|
89.
|
Студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін шешу
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023-2026 жылдар шілде, желтоқсан
|
3.2. Заманауи медицина
|
90.
|
2027 жылы саланы қаржыландыру деңгейін ЖІӨ-нің кемінде 5%-ы болуына жеткізе отырып, денсаулық сақтауды дамытудың орнықты моделін құру жөнінде шаралар қабылдау
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, СЖРА, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2028 жылдар шілде
|
91.
|
Салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту, денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023 жылғы маусым, желтоқсан
|
92.
|
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың сапасы мен ашықтығын арттыру үшін оның жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
Үкімет, СЖРА
|
2023 жылғы наурыз
|
93.
|
Дәрігерлік кәсіп мәртебесін заңнамалық бекіту, медицина жұмыскерлерін қорғау мен қолдауды күшейту
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
Үкімет
|
2023 жылғы қыркүйек
|
94.
|
Бүкіл халықты профилактикалық қарап-тексеру, оның ішінде онкологиялық және жұқпалы емес аурулар бойынша профилактикалық қарап-тексеру бағдарламасын кеңейту
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023 жылғы желтоқсан
|
95.
|
Заманауи жабдықтармен жарақтандырылған және білікті медицина персоналымен жасақталған заманауи перинаталдық орталықтар желісін салу
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023-2027 жылдар желтоқсан
|
96.
|
Балалар онкологиясы және гематологиясының ұлттық орталығын құру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
97.
|
Онкологиялық қызметті кешенді жаңғырту
|
жол картасы
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023 жылғы шілде
|
98.
|
Уақтылы көмек көрсету үшін бірыңғай консультативтік инсульт орталығын іске қосу
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023 жылғы шілде,
2024 жылғы қыркүйек
|
99.
|
Ішкі нарықта отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін 50 %-ға дейін жеткізу
|
жол картасы
|
Үкімет
|
2023 жылғы сәуір
|
100.
|
Ауылдық жерлерде "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде кәсіби кадрлармен және заманауи жабдықтармен жарақталған 700 жаңа медицина объектісін ашу және төрт млн-нан астам ауыл тұрғынын мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекпен (қалалық және облыстық ауруханалар деңгейінде) қамтамасыз ету
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Тигаг НеаІШсаге" КеАҚ
|
2022 жылғы қараша
|
101.
|
Телемедицина арқылы орналасқан жері бойынша медициналық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті кеңейту
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023 жылғы маусым
|
102.
|
Дәрігерлердің есептілігін азайту және "Электрондық үкімет" порталындағы жеке кабинетте және еGоv mоbіlе мобильді қосымшасында цифрлық технологиялар арқылы дәрі-дәрмектің рецептілеріне қол жеткізуді қоса алғанда, әрбір азаматтың денсаулығы туралы ақпаратқа толық қолжетімділігін қамтамасыз ету
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2024 жылғы мамыр
|
3.3. Әлеуметтік қорғау
|
103.
|
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 %-ын балалардың арнайы жинақтау шоттарына олар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз, оларды кейіннен тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалану мүмкіндігімен аударуды көздейтін "Ұлттық қор - балаларға" жобасын іске қосу
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет, ҰБ
|
2023 жылғы маусым
|
104.
|
"Самұрық-Қазына" қорының таза табысының кемінде 7 %-ын "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына жыл сайын аударуды қамтамасыз ету
|
Қазақстан Республикасының Заңы
|
Үкімет, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ
|
2022 жылғы желтоқсан
|
105.
|
Уақытша жұмысқа орналастырылмаған азаматтарды қолдау жүйесін күшейту, оның ішінде
жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін табыстың 45 %-ына дейін ұлғайту есебінен күшейту
|
Қазақстан Республикасының Заңы
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2022 жылғы желтоқсан
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
106.
|
Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау бойынша:
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша арнайы жобаларда жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасауды жүзеге асыратын отбасы мүшелеріне жалақы төлей отырып, еңбек өтіліне қосу арқылы оларды жеке көмекші ретінде ресімдеуге;
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы техникалық құралдарды және оңалту қызметтерін, ұйымдар мен әлеуметтік жұмыскерді таңдау мүмкіндігін беруге;
дербес сүйемелдеумен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін қабылдау
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023 жылғы мамыр
|
107.
|
Мамандандырылған балалар мекемелерін балаларды қолдау қолдау орталықтарына айналдыру
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері
|
2023 жылғы шілде
|
108.
|
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық орналастырудың баламалы нысанын - асырап алатын кәсіби отбасыларды енгізу
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
Үкімет
|
2023 жылғы наурыз
|
109.
|
Әртүрлі инстанцияларға жүгінбей, проактивті форматта мемлекеттік қолдау алумен байланысты адам өмірінің барлық бағыттарын қамтитын Отбасының цифрлық картасын енгізу
|
пайдалануға беру актісі
|
Үкімет, СЖРА
|
2022 жылғы желтоқсан
|
110.
|
Аз қамтылған отбасылардан шыққан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы азық-түлік жиынтығынан ақшалай көмек түріне ауыстыру
|
Қазақстан Республикасының Заңы
|
Үкімет
|
2023 жылғы қаңтар
|
111.
|
Бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер кезеңін 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайту
|
Қазақстан Республикасының Заңы
|
Үкімет
|
2022 жылғы желтоқсан
|
112.
|
Мұқтаж азаматтар үшін коммуналдық көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындардың кемінде 30%-ын өтеу тетігін іске қосу
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
Үкімет
|
2023 жылғы шілде
|
113.
|
Жеке тұлғалардың төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заң қабылдау
|
Қазақстан Республикасының Заңы
|
Үкімет
|
2023 жылғы желтоқсан
|
3.4. Ортақ құндылықтар мен мәдениет
|
114.
|
Тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне бір уақытта табанды қарсы тұрып, мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыру
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
Үкімет
|
2023 жылғы сәуір
|
115.
|
"Әртүрліліктегі бірлік" әмбебап қағидаты негізінде этносаралық бірлік пен конфессияаралық келісімді нығайту саясатын жалғастыру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023 жылғы желтоқсан
|
116.
|
Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының бірегей объектілерін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне номинациялау бойынша жұмыс жүргізу
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
117.
|
Қазақстанды бірегей ұлттық мәдениеті бар ел, бейбітшілік, келісім, ізгілік, толеранттылық аумағы ретінде халықаралық аренада ілгерілету
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
3.5. Жаңа буын
|
118.
|
Жастар саясаты туралы жаңа тұжырымдама мен заң қабылдау
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
Үкімет
|
2023 жылғы наурыз
2023 жылғы қыркүйек
|
119.
|
Қоғамдық кеңестерде жастар квотасын енгізу
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
Үкімет
|
2023 жылғы желтоқсан
|
120.
|
Конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5% жеңілдікпен кредит беру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023 жылғы қаңтар, желтоқсан, 2024-2029 жылдар желтоқсан
|
121.
|
Ерекше қажеттіліктері бар жас кәсіпкерлерді қосымша гранттық көмекпен қамтамасыз ету
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
122.
|
Кретаивтік индустрияны дамытуды қолдау
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
123.
|
Музыка, кино, театр, әдебиет, dіgіtаl-графика саласында жас таланттардың халықаралық фестивальдарын өткізу
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
124.
|
Жыл сайын "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранттарын беру
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
Үкімет
|
2023 жылғы қазан
|
125.
|
Волонтерлар қозғалысын жандандыру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023-2024 жылдар наурыз
|
3.6. Экологиялық ойлау
|
126.
|
Балабақшалардан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі білім берудің барлық деңгейінде экологиялық білім беру сапасын арттыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
Үкімет
|
2023 жылғы ақпан
|
127.
|
Зиянды заттар эмиссиясын, оның ішінде елдің өнеркәсіп орындарында экологиялық бақылауды күшейту есебінен 20%-ға азайту
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
128.
|
Су ресурстарын ұтымды пайдалануға, қорғауға және тазартуға бағытталған жаңа Су кодексін қабылдауды қамтамасыз ету
|
Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы
Қазақстан Республикасының Кодексі
|
Үкімет
|
2023 жылғы наурыз
2023 жылғы желтоқсан
|
129.
|
Еліміздің су объектілерінің экожүйесін сақтауға, оларды өнеркәсіп орындарының ластауынан қорғауға бағытталған су саласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
Үкімет, СЖРА
|
2023 жылғы ақпан
|
130.
|
Орман алқабын 14,5 млн гектарға дейін жеткізу
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
131.
|
Жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің санын қалпына келтіру
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
132.
|
2029 жылға қарай барлық ірі қалаларда электромобильдер үшін қажетті инфрақұрылымды жасау
|
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
Үкімет
|
2023-2029 жылдар желтоқсан
|
БҚДА - Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
СЖҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
СЖРА - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
"КЕООС" АҚ - "КЕООС" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" акционерлік қоғамы
"Назарбаев Университеті" ДБҰ - "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы
"ҚТК" ҰК" АҚ - "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы
ҚСЗИ - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты
АХҚО - "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамы
"Тurаr Неаlthcare" КеАҚ - "Тurаr Неаlthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
"Атамекен" ҰКП - "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
ЮНЕСКО – United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы)
SТЕМ - Sсіеnсе, Тесһnоlоgіеs, Еngіnееrіng, Маtһеmаtісs (ғылым, технологиялар, инжиниринг, математика)