О проведении встреч руководителей центральных исполнительных органов с населением

Указ Президента Республики Казахстан от 7 апреля 2022 года № 863. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 9 января 2024 года № 431.

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 09.01.2024 № 431.

      В соответствии со статьями 10, 17 и 21 Конституционного закона Республики Казахстан "О Президенте Республики Казахстан" и в целях дальнейшей демократизации казахстанского общества, повышения информированности населения о проводимых в стране реформах, усиления ответственности и подотчетности исполнительных органов перед населением, широкого вовлечения народа в процесс государственного управления ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Руководителям центральных исполнительных органов (за исключением министерств обороны, иностранных дел Республики Казахстан) проводить в течение года регулярные встречи с населением.

      2. Установить следующий порядок формирования и утверждения графика встреч руководителей центральных исполнительных органов с населением (далее – график):

      1) ежегодно до 1 декабря центральным исполнительным органам направлять в уполномоченный орган в области доступа к информации предложения для формирования графика на предстоящий календарный год;

      2) ежегодно до 15 декабря уполномоченному органу в области доступа к информации вносить проект графика в Аппарат Правительства Республики Казахстан;

      3) ежегодно до 10 января Правительству Республики Казахстан утверждать график.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 13.04.2023 № 195 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3. Руководителям центральных исполнительных органов (за исключением министерств обороны, иностранных дел Республики Казахстан):

      1) проводить встречу с населением вне графика в случае прогнозируемых либо возникших рисков ухудшения ситуации в курируемой сфере в том или ином регионе;

      2) обеспечить с учетом технических возможностей проведение встреч с организацией онлайн-трансляций с обязательной возможностью комментирования населением на официальных аккаунтах в социальных сетях, а также при необходимости видеоконференцсвязи;

      3) проводить не более одной четверти от запланированного для встречи времени с презентацией доклада, остальную часть времени – в формате "вопросы-ответы";

      4) обеспечить постоянное информационное взаимодействие на всех этапах проведения встреч с уполномоченным органом в области доступа к информации;

      5) обеспечить до проведения встречи с населением: определение дня и времени ее проведения с учетом мнения населения; сбор, анализ запросов и предложений от населения, поступивших на официальные интернет-ресурсы, блог-платформу руководителей центральных исполнительных органов, в других формах коммуникации и по итогам встреч акимов с населением;

      6) обеспечить в рамках проведения встречи с населением: проведение личного приема граждан; встречи с некоммерческими организациями; брифинг для средств массовой информации;

      7) обеспечить после проведения встречи с населением: систематизацию всех озвученных проблемных вопросов; не позднее десяти календарных дней со дня завершения встреч и приема граждан размещение в средствах массовой информации, в том числе на официальных интернет-ресурсах, информации об итогах проведенных встреч, перечня проблемных вопросов, плана действий по решению проблемных вопросов с указанием конкретных сроков их решения, ответственных исполнителей; ежеквартальное размещение на официальном интернет-ресурсе центрального исполнительного органа информации о ходе решения проблемных вопросов, поднятых населением на встречах.

      4. Акимам всех уровней:

      1) принимать участие на встречах руководителей центральных исполнительных органов с населением;

      2) оказывать поддержку центральным исполнительным органам в организации проведения встреч, в том числе информационно-агитационной работы в средствах массовой информации и на официальных аккаунтах акиматов (аппаратов акимов), в социальных сетях и общедоступных местах;

      3) обобщать системные проблемы региона по итогам встреч акимов с населением, требующие решения на уровне центральных исполнительных органов, национальных холдингов и компаний, и раз в полугодие направлять по компетенции в центральные исполнительные органы для учета при проведении встреч.

      5. Уполномоченному органу в области доступа к информации обеспечить:

      1) анонсирование и широкое информационное освещение хода и результатов проведения встреч в республиканских средствах массовой информации;

      2) учет результатов проведения встреч в рамках ежегодной оценки эффективности деятельности центральных исполнительных органов;

      3) утверждение и доведение до сведения центральных исполнительных органов методических рекомендаций по проведению встреч с населением.

      6. Правительству Республики Казахстан:

      1) рассматривать на полугодовой основе итоги проведения встреч;

      2) обеспечить участие заместителей Премьер-Министра Республики Казахстан во встречах центральных исполнительных органов в случае наличия высоких рисков социальной напряженности и дестабилизации общественно-политической ситуации;

      3) обеспечить проведение регулярных встреч с населением заместителей первых руководителей и председателей ведомств центральных исполнительных органов;

      4) принять иные меры по реализации настоящего Указа.

      7. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      8. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ

Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 863 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 431 Жарлығымен

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 09.01.2024 № 431 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10, 17 және 21-баптарына сәйкес және қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру, халықтың елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар болуын арттыру, атқарушы органдардың халық алдындағы жауаптылығы мен есептілігін күшейту, мемлекеттік басқару процесіне халықты кеңінен тарту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл бойы халықпен тұрақты кездесулер өткізсін.

      2. Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерінің кестесін (бұдан әрі - кесте) қалыптастыру мен бекітудің мынадай тәртібі белгіленсін:

      1) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін орталық атқарушы органдар алдағы күнтізбелік жылға арналған кестені қалыптастыру үшін ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар жіберсін;

      2) жыл сайын 15 желтоқсанға дейін ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган кестенің жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізсін;

      3) жыл сайын 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі кестені бекітсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      3. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары:

      1) қандай да бір өңірде жетекшілік ететін салада жағдайдың нашарлау тәуекелдері болжанған не туындған жағдайда, халықпен кестеден тыс кездесу өткізсін;

      2) техникалық мүмкіндіктерді ескеріп, халықтың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда пікір білдіру мүмкіндігін міндетті түрде бере отырып, онлайн- трансляциялар, сондай-ақ қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс ұйымдастыру арқылы кездесулер өткізуді қамтамасыз етсін;

      3) кездесу үшін жоспарланған уақыттың төрттен бірден аспайтын бөлігін - баяндаманы таныстырып, уақыттың қалған бөлігін "сұрақ-жауап" форматында өткізсін;

      4) кездесулер өткізудің барлық кезеңінде ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органмен тұрақты ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін;

      5) халықпен кездесу өткізгенге дейін:

      халықтың пікірін ескере отырып, оны өткізу күні мен уақытын айқындауды;

      ресми интернет-ресурстарға, орталық атқарушы органдар басшыларының блог-платформасына, коммуникацияның басқа да нысандарына және әкімдердің халықпен кездесулерінің қорытындылары бойынша халықтан келіп түскен сұрау салулар мен ұсыныстарды жинауды, талдауды қамтамасыз етсін;

      6) халықпен кездесу өткізу шеңберінде:

      азаматтарға жеке қабылдау жүргізуді;

      коммерциялық емес ұйымдармен кездесулерді;

      бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингті қамтамасыз етсін;

      7) халықпен кездесу өткізгеннен кейін:

      айтылған барлық проблемалық мәселелерді жүйелеуді;

      кездесулер мен азаматтарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, өткізілген кездесулердің қорытындылары туралы ақпаратты, проблемалық мәселелердің тізбесін, проблемалық мәселелерді шешудің нақты мерзімдерін, жауапты орындаушыларды көрсете отырып, оларды шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ресми интернет-ресурстарда орналастыруды;

      кездесулерде халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпаратты орталық атқарушы органның ресми интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Барлық деңгейдегі әкімдер:

      1) орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулеріне қатыссын;

      2) кездесулер өткізуді, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және әкімдіктердің (әкім аппараттарының) ресми аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және жалпыға бірдей қолжетімді жерлерде ақпараттық-насихат жұмыстарын ұйымдастыруда орталық атқарушы органдарға қолдау көрсетсін;

      3) әкімдердің халықпен кездесулерінің қорытындылары бойынша өңірдің орталық атқарушы органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар деңгейінде шешуді талап ететін жүйелі проблемаларын жинақтап-қорытсын және кездесулер өткізу кезінде есепке алу үшін жарты жылда бір рет құзыреті бойынша орталық атқарушы органдарға жіберсін.

      5. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган:

      1) республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында кездесулер өткізілетінін хабарлауды және олардың өткізілу барысы мен нәтижелерін кеңінен ақпараттық жария етуді;

      2) орталық атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау шеңберінде кездесулер өткізу нәтижелерін есепке алуды;

      3) халықпен кездесулер өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітуді және орталық атқарушы органдардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) кездесулер өткізудің қорытындыларын жартыжылдық негізде қарасын;

      2) әлеуметтік шиеленістің және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздануының жоғары тәуекелдері болған жағдайда, орталық атқарушы органдардың кездесулеріне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарларының қатысуын қамтамасыз етсін;

      3) орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары орынбасарларының және ведомстволары төрағаларының халықпен тұрақты кездесулер өткізуін қамтамасыз етсін;

      4) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

      7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      8. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республиксының
Президенті
Қ.Тоқаев