О внесении дополнений в указы Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922 "Об утверждении Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан" и от 10 декабря 1999 года № 282 "Вопросы Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 12 августа 2024 года № 620.

  Подлежит опубликованию
  в Собрании актов Президента и
  Правительства Республики Казахстан

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 3.

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести дополнения в следующие указы Президента Республики Казахстан:

      1) в Указе Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922 "Об утверждении Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан":

      в Положении о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом: 

      пункт 15 дополнить подпунктами 313-13), 313-14), 313-15), 313-16) и 313-17) следующего содержания:

      "313-13) разработка и утверждение правил обеспечения операторами связи и (или) владельцами сетей связи, осуществляющими деятельность на территории Республики Казахстан, за счет собственных или привлеченных средств функции своего телекоммуникационного оборудования для технического проведения оперативно-розыскных, контрразведывательных мероприятий и требований к сетям и средствам связи по согласованию с уполномоченным органом в области связи;

      313-14) согласование правил представления в уполномоченный орган в области связи агрегированных данных операторами связи и (или) владельцами сетей связи, осуществляющими деятельность на территории Республики Казахстан, при угрозе возникновения и возникновении чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, вызванных стихийными бедствиями (землетрясения, сели, лавины, наводнения и другие), кризисными экологическими ситуациями, природными пожарами, эпидемиями, определяемых уполномоченным органом в области связи;

      313-15) согласование правил представления баз данных в деидентифицированном виде для использования в научной и научно-технической деятельности, определяемых уполномоченным органом в области государственной статистики;

      313-16) согласование правил организации деятельности центра обработки данных, определяемых уполномоченным органом в сфере информатизации;

      313-17) согласование правил прохождения международного или национального технического аудита центра обработки данных, определяемых уполномоченным органом в сфере информатизации;";

      пункт 19 дополнить подпунктом 28-1) следующего содержания:

      "28-1) определяет порядок выдачи направления сотрудникам органов национальной безопасности (кроме курсантов, слушателей), имеющим право на возмещение затрат за проезд на транспорте по территории Республики Казахстан, при следовании на медицинское обследование (освидетельствование) и обратно;";

      2) в Указе Президента Республики Казахстан от 10 декабря 1999 года № 282 "Вопросы Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан":

      в Положении о Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      пункт 15 дополнить подпунктами 32-1), 32-2), 32-3), 32-4), 32-5), 32-6) и 32-7) следующего содержания:

      "32-1) принятие мер по предупреждению торговли людьми;

      32-2) участие в оценке рисков в сфере противодействия торговле людьми и во внесении предложений по их минимизации в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      32-3) участие в перенаправлении жертв торговли людьми для оказания им помощи и предоставления специальных социальных услуг в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      32-4) информирование органов внутренних дел о ставших известными им фактах готовящихся либо совершенных преступлений, связанных с торговлей людьми;

      32-5) информирование общественности о результатах деятельности в сфере противодействия торговле людьми;

      32-6) содействие правоохранительным органам Республики Казахстан в защите граждан и соблюдении законодательства Республики Казахстан в области миграции населения в пограничном пространстве;

      32-7) совместно с другими государственными органами и организациями принятие участия в мероприятиях по предупреждению торговли людьми;".

      2. Комитету национальной безопасности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принять меры, вытекающие из настоящего Указа.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев пятого, седьмого и восьмого подпункта 1) пункта 1 настоящего Указа, которые вводятся в действие с 7 января 2025 года.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы" 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 620 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 313-13), 313-14), 313-15), 313-16) және 313-17) тармақшалармен толықтырылсын:

      "313-13) жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету қағидаларын және байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      313-14) байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің дүлей зілзалалардан (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттерден, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидаларын келісу;

      313-15) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну қағидаларын келісу;

      313-16) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деректерді өңдеу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын келісу;

      313-17) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деректерді өңдеу орталығының халықаралық немесе ұлттық техникалық аудиттен өту қағидаларын келісу;";

      19-тармақ мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "28-1) медициналық тексеруге (куәландыруға) жол жүру және кері қайту кезінде Қазақстан Республикасы аумағы бойынша көлікте жүргені үшін жолақы шығындарын өтетуге құқығы бар ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жолдама беру тәртібін айқындайды;";

      2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 32-1), 32-2), 32-3), 32-4), 32-5), 32-6) және 32-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32-1) адам саудасының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдау;

      32-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалауға және оларды барынша азайту бойынша ұсыныстар енгізуге қатысу;

      32-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ұсыну үшін оларды қайта бағыттауға қатысу;

      32-4) ішкі істер органдарын өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған адам саудасына байланысты қылмыс фактілері туралы хабарлау;

      32-5) адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы жұртшылыққа хабарлау;

      32-6) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына азаматтарды қорғауға және шекаралық кеңістікте Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасының сақталуына жәрдем көрсету;

      32-7) басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп адам саудасының алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысу;".

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық 2025 жылғы 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағы 1) тармақшасының бесінші, жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев