О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 10 октября 2006 года № 198 "О Комиссии по вопросам гражданства при Президенте Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 12 августа 2024 года № 621.

  Подлежит опубликованию
в Собрании актов
Президента и Правительства
Республики Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 10 октября 2006 года № 198 "О Комиссии по вопросам гражданства при Президенте Республики Казахстан" следующие изменения и дополнение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 14) статьи 44 Конституции Республики Казахстан и подпунктом 3) пункта 2 статьи 33 Конституционного закона Республики Казахстан "О Президенте Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:";

      в Положении о Комиссии по вопросам гражданства при Президенте Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      внесены изменения по всему тексту на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящее Положение о Комиссии по вопросам гражданства при Президенте Республики Казахстан (далее – Положение) разработано в соответствии с подпунктом 14) статьи 44 Конституции Республики Казахстан, подпунктами 4), 5) статьи 19 и подпунктом 3) пункта 2 статьи 33 Конституционного закона Республики Казахстан "О Президенте Республики Казахстан" и определяет порядок деятельности Комиссии по вопросам гражданства при Президенте Республики Казахстан (далее – Комиссия).";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Комиссия по вопросам гражданства при Президенте Республики Казахстан";

      пункты 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "6. Рассмотрение материалов по вопросам, связанным с гражданством и предоставлением политического убежища, осуществляется Комиссией, которая является консультативно-совещательным органом при Президенте Республики Казахстан.

      7. Состав Комиссии утверждается Президентом Республики Казахстан.";

      часть первую пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Комиссия состоит из председателя, его заместителя, секретаря и иных членов Комиссии. Возглавляет Комиссию Государственный советник Республики Казахстан. Заместителем председателя Комиссии является помощник Президента Республики Казахстан по правовым вопросам, секретарем – заведующий Государственно-правовым отделом Администрации Президента Республики Казахстан.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. На заседаниях Комиссии могут присутствовать и выступать по обсуждаемым вопросам Председатель Конституционного Суда Республики Казахстан и Председатель Верховного Суда Республики Казахстан.";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Порядок рассмотрения вопросов, связанных с гражданством Республики Казахстан";

      в части второй пункта 17:

      абзац седьмой изложить в следующей редакции:

      "справка об отсутствии или прекращении прежнего гражданства, выданная компетентным органом другого государства;";

      дополнить абзацем восьмым следующего содержания:

      "сертификат, подтверждающий знание государственного языка на элементарном уровне, основ Конституции Республики Казахстан, а также истории Казахстана в объеме, определяемом уполномоченным органом в области науки и высшего образования.";

      часть первую пункта 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Гражданин Республики Казахстан, постоянно проживающий за пределами страны, подает заявление о выходе из гражданства через загранучреждения Республики Казахстан с приложением:";

      часть первую пункта 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Ходатайство по вопросам изменения гражданства, удостоверенное нотариально, в отношении лиц, не достигших 18 лет, а также признанных недееспособными, подается их законными представителями, а в других государствах – удостоверенное загранучреждениями Республики Казахстан, вместе с копией свидетельства о рождении ребенка (усыновители, опекуны и попечители представляют копию решения местного исполнительного органа) либо с документом, удостоверяющим личность недееспособного лица.";

      часть вторую пункта 21 изложить в следующей редакции:

      "Материалы с мнением органов национальной безопасности департаменты полиции областей, городов республиканского значения и столицы направляют в Министерство внутренних дел Республики Казахстан, которое составляет свое заключение и представляет его вместе с материалами рабочему органу Комиссии.";

      пункты 22, 23 и 24 изложить в следующей редакции:

      "22. Загранучреждения Республики Казахстан направляют оформленные материалы со своим заключением в Министерство иностранных дел Республики Казахстан, которое после согласования с Комитетом национальной безопасности Республики Казахстан и составления заключения также представляет их рабочему органу Комиссии.

      23. Срок рассмотрения материалов по заявлениям об изменении гражданства в местных органах внутренних дел и национальной безопасности, загранучреждениях Республики Казахстан, Министерстве иностранных дел Республики Казахстан, Министерстве внутренних дел Республики Казахстан и Комитете национальной безопасности Республики Казахстан не должен превышать одного месяца в каждом из этих органов.

      24. В случае реализации Президентом Республики Казахстан конституционного права решения вопросов гражданства по своему усмотрению рабочий орган Комиссии истребует у органов внутренних дел либо загранучреждений Республики Казахстан необходимые документы, в том числе ходатайство по вопросу изменения гражданства.";

      заголовок главы 5 изложить в следующей редакции:

      "Глава 5. Порядок рассмотрения ходатайств о предоставлении политического убежища";

      часть первую пункта 33 изложить в следующей редакции:

      "33. Территориальные подразделения органов внутренних дел и загранучреждения Республики Казахстан направляют материалы в Министерство внутренних дел Республики Казахстан, которое запрашивает мнения Министерства иностранных дел Республики Казахстан, Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и Комитета национальной безопасности Республики Казахстан о целесообразности предоставления обратившемуся лицу политического убежища.";

      часть третью пункта 34 изложить в следующей редакции:

      "Министерство внутренних дел Республики Казахстан, его территориальные подразделения или загранучреждения Республики Казахстан в случае несоблюдения данного порядка вправе приостановить оформление материалов до выяснения обстоятельств.";

      заголовок главы 6 изложить в следующей редакции:

      "Глава 6. Исполнение решений по вопросу предоставления политического убежища";

      пункт 37 изложить в следующей редакции:

      "37. Министерство внутренних дел Республики Казахстан или загранучреждение Республики Казахстан уведомляют о принятом Главой государства решении лицо, ходатайствующее о предоставлении политического убежища.";

      заголовок главы 7 изложить в следующей редакции:

      "Глава 7. Обжалование решений по вопросам гражданства и предоставления политического убежища".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 621 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 14) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      2-тармақтағы, 12-тармақтағы, 17-тармақтың үшінші бөлігіндегі және төртінші бөлігінің 1) тармақшасындағы, 31-тармақтың 2-бөлігіндегі, 32-тармақтағы, 35-тармақтағы, 36-тармақтағы және 5-тараудың тақырыбындағы "өтініш", "өтініштер", "өтінішке", "өтінішін", "өтінішті", "өтініштерді" деген сөздер тиiсiнше "өтінішхат", "өтінішхаттар", "өтінішхатқа", "өтінішхатын", "өтінішхатты", "өтінішхаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 4), 5) тармақшаларына және 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қызметінің тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Азаматтыққа және саяси баспана беруге байланысты мәселелер жөніндегі материалдарды қарауды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Комиссия жүзеге асырады.

      7. Комиссия құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, Комиссияның хатшысы мен өзге мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі басқарады. Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Комиссия төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі хатшысы болып табылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Комиссия отырыстарында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қатысып, талқыланатын мәселелер бойынша сөз сөйлей алады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау тәртібі";

      17-тармақтың екінші бөлігінде:

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "басқа мемлекеттің құзыретті органы берген бұрынғы азаматтығының жоқтығы немесе оның тоқтатылғаны туралы анықтама;";

      мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білуін растайтын сертификат қоса беріледі.";

      18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Елден тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы азаматтықтан шығу туралы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы мыналарды қоса отырып өтініш береді:";

      19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты азаматтықты өзгерту мәселелері жөніндегі өтінішхатты олардың заңды өкілдері нотариат куәландырған, ал басқа мемлекеттерде – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері куәландырған баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесімен (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар жергілікті атқару органы шешімінің көшірмесін тапсырады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге қоса береді.";

      21-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері материалдарды ұлттық қауіпсіздік органдарының пікірімен қоса Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жібереді, ол өз қорытындысын жасайды және оны материалдармен бірге Комиссияның жұмыс органына ұсынады.";

      22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері ресімделген материалдарды өз қорытындысымен бірге Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жібереді, ол да Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келіскеннен және өз қорытындысын жасағаннан кейін оларды Комиссияның жұмыс органына ұсынады.

      23. Азаматтықты өзгерту туралы өтініштер жөніндегі материалдарды қарау мерзімі жергілікті ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде осы органдардың әрқайсысында бір айдан аспауға тиіс.

      24. Қазақстан Республикасының Президенті азаматтық мәселелерді шешудің конституциялық құқығын өз қалауымен іске асырған жағдайда Комиссияның жұмыс органы ішкі істер органдарынан не Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінен тиісті құжаттарды, соның ішінде азаматтықты өзгерту туралы өтінішхатты талап етіп алдырады.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Саяси баспана беру туралы өтініштерді қарау тәртібі";

      33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері материалдарды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жібереді, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жүгінген адамға саяси баспана берудің орындылығы туралы пікірлерін сұратады.";

      34-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық бөлімшелері немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері осы тәртіп сақталмаған жағдайда мән-жай анықталғанға дейін материалдарды ресімдеуді тоқтата тұруға құқылы.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Саяси баспана беру мәселесі жөніндегі шешімдердің орындалуы";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі немесе Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі саяси баспана беру туралы өтініш берген адамды Мемлекет басшысы қабылдаған шешім туралы хабардар етеді.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Азаматтық және саяси баспана беру мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану".

      2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев