Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы, Армения
Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия Республикасы, Қырғызстан
Республикасы, Молдова Республикасы, Түркменстан, Өзбекстан
Республикасы, Украина арасында дипломатиялық қатынастардың
орнатылуына байланысты қаулы етемiн:
1. Әзiрбайжан Республикасында, Армения Республикасында, Беларусь
Республикасында, Грузия Республикасында, Қырғызстан Республикасында,
Молдова Республикасында, Түркменстанда, Өзбекстан Республикасында,
Украинада Қазақстан Республикасының Елшiлiктерi ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Әзiрбайжан
Республикасындағы, Армения Республикасындағы, Беларусь
Республикасындағы, Грузия Республикасындағы, Қырғызстан
Республикасындағы, Молдова Республикасындағы, Түркменстандағы, Өзбекстан
Республикасындағы, Украинадағы Елшiлiктердiң штат кестесi мен шығыс
сметасын анықтасын.
Қазақстан Республикасының
Президентi