Об оpганизационных меpах по пpеобpазованию госудаpственных пpедпpиятий в акционеpные общества

УКАЗ Пpезидента Республики Казахстан от 5 маpта 1993 г. N 1136

      В целях обеспечения устойчивого функционирования государственных предприятий и коммерциализации их деятельности, ускорения процессов разгосударствления и приватизации, сохранения управляемости в государственном секторе экономики в период проведения реформ постановляю:
      1. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу и его территориальным комитетам приступить к преобразованию государственных предприятий и организаций (кроме совхозов), производственных и научно-производственных объединений (далее - предприятия), а также акционерных обществ закрытого типа (в которых более 50 процентов уставного капитала находится в государственной собственности) в акционерные общества открытого типа.
      Не подлежат преобразованию в соответствии с настоящим Указом государственные предприятия, включенные в программу малой приватизации, предприятия с долевым участием иностранных инвестиций (совместные предприятия), организации, финансируемые из государственного бюджета, а также предприятия, приватизация которых запрещена Национальной программой разгосударствления и приватизации в Республике Казахстан на 1993-1995 годы.
      Указанную работу завершить до 31 декабря 1993 года.
      2. Учредителями акционерных обществ открытого типа, образуемых в соответствии с настоящим Указом, выступают со стороны государства Государственный комитет Республики Казахстан по государственному имуществу и его территориальные комитеты.
      3. Преобразование предприятий в акционерные общества осуществляется рабочими комиссиями, создаваемыми на каждом предприятии, в соответствии с Положением о преобразовании государственных предприятий в акционерные общества открытого типа.
      Персональная ответственность за подготовку и своевременное представление в Государственный комитет Республики Казахстан по государственному имуществу соответствующих документов возлагается на руководителей предприятий.
      4. Предприятиям, являющимся участниками государственных концернов, ассоциаций и других добровольных объединений государственных предприятий (далее - объединений), определить до 1 августа 1993 года организационно-правовые формы объединений в соответствии с действующим законодательством, преобразовав их в акционерные общества открытого типа с одновременным определением размеров вкладов предприятий-учредителей в их уставные фонды.
      Государственное имущество, ранее переданное на балансы указанных объединений органами государственного управления, может быть внесено в уставный фонд органами Государственного комитета Республики Казахстан по государственному имуществу при условии преобразования объединений в акционерные общества открытого типа. Порядок внесения государственными предприятиями и комитетами по госимуществу имущественных вкладов в уставные фонды акционерных обществ, создаваемых в соответствии с настоящим Указом, определяется Государственным комитетом Республики Казахстан по государственному имуществу.
      5. Установить, что акции образованных в соответствии с настоящим Указом акционерных обществ, находящиеся в государственной собственности, не могут быть переданы или проданы без согласия Государственного комитета Республики Казахстан по государственному имуществу.
      6. На ранее назначенную администрацию преобразуемого предприятия возлагаются все правомочия Правления акционерного общества до проведения первого собрания акционеров состоявшегося акционерного общества, на котором избираются новые органы управления в соответствии с действующим законодательством.
      На руководителя преобразуемого предприятия возлагаются обязанности Президента акционерного общества до первого собрания акционеров.
      7. Кабинету Министров Республики Казахстан утвердить Положение о преобразовании государственных предприятий в акционерные общества открытого типа, типовой Устав акционерного общества и типовой контракт с Президентом акционерного общества.
      8. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу принять в соответствии со своей компетенцией нормативные акты, обеспечивающие выполнение настоящего Указа, а также разработать программу акционирования государственных предприятий.
      9. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу совместно с Министерством финансов Республики Казахстан и Государственным комитетом Республики Казахстан по статистике и анализу в двухмесячный срок создать Центральное бюро по регистрации акционерных обществ и хозяйственных товариществ и утвердить положение об этом бюро.
      10. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу совместно с Министерством экономики Республики Казахстан и Государственным комитетом Республики Казахстан по статистике и анализу до 1 июля 1993 года опубликовать реестры предприятий, подлежащих преобразованию в акционерные общества открытого типа в соответствии с настоящим Указом.
      11. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на заместителя Премьер-министра - председателя Государственного комитета Республики Казахстан по государственному имуществу Карибжанова Ж.С.
      12. В связи с принятием настоящего Указа отменить Указ Президента Республики Казахстан "О мерах по активизации работы по разгосударствлению и приватизации собственности в отраслях материального производства" от 28 апреля 1992 года N 732.
      13. Ввести настоящий Указ в действие с момента его опубликования.
      Президент Республики Казахстан

Мемлекеттiк кәсiпорындарды акционерлiк қоғамдар етiп қайта құру жөнiндегi ұйымдастыру шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 5 наурыз N 1136

      Реформалар жүргiзу кезеңiнде мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрақты жұмыс iстеуiн және олардың қызметiнiң коммерциялануын қамтамасыз ету, мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процестерiн жеделдету экономиканың мемлекеттiк секторында басқарылудың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық комитеттерi мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарды /совхоздардан басқаларын/, өндiрiстiк және ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiктердi /бұдан әрi - кәсiпорындар/, сондай-ақ жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамдарды /жарғылық капиталының 50 проценттен астамы мемлекет меншiгiндегi /ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамдар етiп қайта құруға кiрiссiн.
      Осы Жарлыққа сәйкес шағын жекешелендiру бағдарламасына енгiзiлген мемлекеттiк кәсiпорындар, шетелдiк инвестициялар үлестi түрде қатысатын кәсiпорындар /бiрлескен кәсiпорындар/, мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар, сондай-ақ жекешелендiрiлуiне Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасында тыйым салынған кәсiпорындар қайта құруға жатпайды.
      Аталған жұмыс 1993 жылғы 31 желтоқсанға дейiн аяқталсын.
      2. Осы Жарлыққа сәйкес құрылатын ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамдардың құрылтайшылары мемлекет тарапынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық комитеттерi болады.
      3. Кәсiпорындарды акционерлiк қоғамдар етiп қайта құруды әрбiр кәсiпорында құрылатын жұмыс комиссиялары Мемлекеттiк кәсiпорындарды ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамдар етiп қайта құру туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      Тиiстi құжаттарды әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне уақтылы тапсыру үшiн жеке дара жауапкершiлiк кәсiпорындардың басшыларына жүктеледi.
      4. Мемлекеттiк концерндерге, ассоциацияларға және мемлекеттiк кәсiпорындардың басқа да ерiктi бiрлестiктерiне /бұдан әрi - бiрлестiктер/ қатысушылар болып табылатын кәсiпорындар қолданылып отырған заңға сәйкес бiрлестiктердiң ұйымдық-хұқықтық нысандарын 1993 жылғы 1 тамызға дейiн белгiлесiн, оларды ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамдар етiп қайта құра отырып, сонымен бiр мезгiлде құрылтайшы кәсiпорындар олардың жарғылық қорларына қосатын үлестiң мөлшерiн белгiлесiн.
      Аталған бiрлестiктердiң балансына басқару органдары бұрын берген мемлекеттiк мүлiктi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiрлестiктер ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамдар болып қайта құрылған жағдайда жарғылық қорға енгiзе алады. Осы Жарлыққа сәйкес құрылатын акционерлiк қоғамдардың жарғылық қорларына мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi комитеттердiң мүлiктiк үлес қосуының тәртiбiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiлейдi.
      5. Осы Жарлыққа сәйкес құрылған мемлекеттiң меншiгiндегi акционерлiк қоғамдардың акциялары Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсiмiнсiз берiлмейдi немесе сатылмайды деп белгiленсiн.
      6. Қайта құрылатын кәсiпорынның бұрын тағайындалған әкiмшiлiгiне құрылған акционерлiк қоғам акционерлерiнiң алғашқы жиналысы өткiзiлгенге дейiн акционерлiк қоғам Басқармасының барлық өкiлеттiктерi жүктелiп, сол жиналыста қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқару органдары сайланады.
      Қайта құрылатын кәсiпорынның басшысына акционерлердiң алғашқы жиналысына дейiн акционерлiк қоғам Президентiнiң мiндеттерi жүктеледi.
      7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мемлекеттiк кәсiпорындарды ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамдар етiп қайта құру туралы ереженi, акционерлiк қоғамның үлгi Жарғысын және акционерлiк қоғамның Президентiмен үлгi шартты бекiтсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өз құзырына сәйкес осы Жарлықтың орындалуын қамтамасыз ететiн нормативтi актiлер қабылдасын, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындарды акционерлеу бағдарламасын әзiрлесiн.
      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрге екi ай мерзiм iшiнде акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерiн тiркеу жөнiндегi Орталық бюро құрсын және осы бюро туралы ереженi бекiтсiн.
      10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының экономика министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрге осы Жарлыққа сәйкес ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамдар етiп қайта құрылуға тиiстi кәсiпорындардың тiзiмiн 1993 жылғы 1 шiлдеге дейiн жарияласын.
      11. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-министрiнiң орынбасары, мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы Ж.С.Кәрiбжановқа жүктелсiн.
     12. Осы Жарлықтың қабылдануына байланысты Қазақстан
Республикасы Президентiнiң "Материалдық өндiрiс салаларында
меншiктi мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiруге арналған
жұмысты жеделдету жөнiндегi шаралар туралы 1992 жылғы 28 сәуiрдегi
N 732 Жарлығының күшi жойылсын.
     13. Осы Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi