Қорғаныс саласында бiртұтас мемлекеттiк саясат жүргiзу
қажеттiгiне орай, өз Қарулы Күштерiмiздi құрудың заңды құқығы
негiзiнде қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi құрамында
Әскери-Теңiз құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан
Республикасының Әскери-Теңiз Күштерi орналасатын пункттер жөнiнде
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс түсiрсiн.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерiн ұстауға көзделген қаржы есебiнен
Әскери-Теңiз Күштерiн қаржы, азық-түлiк, материалдық-техникалық
және медициналық қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды iске асырсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi