Негiзгi тамақ өнiмдерiнiң қымбаттауына байланысты аз қамтамасыз
етiлген зейнеткерлер мен мүгедектер арасындағы жалғыз тұратын жұмыс
iстемейтiн азаматтарға бәсiрелi әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында
қаулы етемiн:
1. Аз қамтамасыз етiлген зейнеткерлер мен мүгедектердiң
арасындағы жалғыз тұратын жұмыс iстемейтiн азаматтардың 1994 жылғы
15 ақпаннан бастап төрт килограмм ет пен бес жүз грамм сары май
сияқты тағамдардың жиынтығы түрiнде заттай жәрдемi ай сайын тегiн
алып тұруы қамтамасыз етiлсiн.
2. Халықты әлеуметтiк қорғау органдарының жанында жұмыс
iстейтiн жалғыз тұратын жұмыс iстемейтiн азаматтарды анықтап, есепке
алу жөнiндегi комиссияларды қатыстыра отырып әкiмдер:
- 1994 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осындай жәрдем
алушылардың ауқымын анықтасын. Азаматтардың осы аталған санатының
тiзiмдiк құрамына енгiзiлуге тиiс адамдарды iрiктеген кезде мiндеттi
түрде олардың шын мәнiсiнде жалғыз тұратынын дербес анықтау керек.
Отбасыларында тұрып жатқан зейнеткерлер мен мүгедектердiң тамақ
күйiнде жәрдем алу мақсатында жалғызiлiктiлердiң қатарына әдейi
жатқызылуына жол бермесiн және мұндай жағдайлар орын алғанда,
көпшiлiкке кеңiнен жария етсiн;
- жұмыс iстеп тұрған сауда желiсiнiң негiзiнде әкiмдер бекiткен
тiзiмдер бойынша осы аталған жәрдемнiң берiлуiн ұйымдастырсын;
- сауда желiсiнде осындай тағамдардың жеткiлiктi мөлшерде
болуына, тамақ өнiмдерiн тiкелей аталған адамдардың алып тұруына
немесе бұл өнiмдердiң тиiстi әлеуметтiк қызметтердiң көмегiмен
жеткiзiлiп берiлуiне бақылау жасалуын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының сауда министрлiгi 1994 жылғы
1 ақпанға дейiн осы аталған азық-түлiктi алып тұруға құқы беретiн
бөлiнбелi түбiршектерi бар дербес чек кiтапшаларының бiрыңғай үлгiсiн
бекiтiп, әкiмдерге жiберетiн болсын.
3. Азық-түлiктi тегiн берудiң құны және оларды алушыларға
жеткiзiп беруге кететiн шығыстар жартылай жергiлiктi бюджеттер
қаражатының есебiнен және жартылай меншiк нысанына қарамастан
кәсiпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың қайырымдылық
жарналарының есебiнен өтелетiн болып белгiленсiн.
Бақылау жасалуын оңайлату үшiн осы мақсатта бюджет пен
қайырымдылық қаражатының келiп түсуi мен жұмсалуын бөлек есепке
алу үшiн екi қосалқы шоттары бар арнаулы шоттар ашылатын болып
белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылға арналған
мемлекеттiк бюджеттi нақтылаған кезде жергiлiктi бюджеттерге осы
аталған шығыстарды жабу үшiн қосымша қаржы бөлiнуiн көздейтiн
болсын.
4. Осы Жарлықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Президентi жанындағы Бас бақылау инспекциясына
жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Алматы. 1994 жылғы 18 қаңтар
N 1509