О дополнительных меpах по социальной поддеpжке одиноко пpоживающих неpаботающих гpаждан из числа пенсионеpов и инвалидов

УКАЗ Пpезидента Республики Казахстан от 18 янваpя 1994 г. N 1509. Утратил силу - Указом Президента РК от 4 сентября 2001 г. N 677 ~U010677.

      В связи с удорожанием основных продуктов питания в целях адресной социальной поддержки одиноко проживающих неработающих граждан из числа малообеспеченных пенсионеров и инвалидов ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Обеспечить с 15 февраля 1994 года ежемесячное бесплатное получение одиноко проживающими неработающими гражданами из числа малообеспеченных пенсионеров и инвалидов натурального пособия в виде следующего набора продуктов: четырех килограммов мяса и пятисот граммов сливочного масла.
      2. Главам администраций с привлечением имеющихся при органах социальной защиты населения комиссий по выявлению и учету одиноко проживающих неработающих граждан:
      - определить контингент получателей указанного пособия по состоянию на 1 января 1994 года. При отборе лиц, подлежащих включению в списочный состав граждан указанной категории, необходимо персонально устанавливать их действительно одинокое проживание. Не допускать и предавать широкой общественной огласке случаи, когда пенсионеры и инвалиды, проживающие в семьях, умышленно переводятся на положение одиноких в целях продуктового пособия;
      - организовать на базе существующей торговой сети выдачу указанного пособия по спискам, утверждаемым главами администраций;
      - обеспечить контроль за наличием этих продуктов в торговой сети в достаточном объеме, за получением продуктов питания непосредственно данными лицами или доставку им этих продуктов с помощью соответствующих социальных служб.
      Министерству торговли Республики Казахстан до 1 февраля 1994 года утвердить и направить главам администраций единый образец индивидуальной чековой книжки с отрывным талоном, дающим право на получение указанных продуктов.
      3. Установить, что стоимость бесплатных выдач продуктов и расходы по их доставке получателям возмещаются наполовину за счет средств местных бюджетов и наполовину за счет благотворительных взносов предприятий и организаций, независимо от форм собственности, а также физических лиц.
      Для упрощения контроля определить, что в этих целях открываются специальные счета с двумя субсчетами для раздельного учета поступления и расходования бюджетных и благотворительных средств.
      Министерству финансов Республики Казахстан при уточнении государственного бюджета на 1994 год предусмотреть выделение дополнительных средств местным бюджетам на покрытие ими указанных расходов.
      4. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Главную контрольную инспекцию при Президенте Республики Казахстан.
      Президент Республики Казахстан

Зейнеткерлер мен мүгедектердiң арасындағы жалғыз тұратын жұмыс iстемейтiн азаматтарды әлеуметтiк қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 18 қаңтардағы. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

      Негiзгi тамақ өнiмдерiнiң қымбаттауына байланысты аз қамтамасыз етiлген зейнеткерлер мен мүгедектер арасындағы жалғыз тұратын жұмыс iстемейтiн азаматтарға бәсiрелi әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында қаулы етемiн:
      1. Аз қамтамасыз етiлген зейнеткерлер мен мүгедектердiң арасындағы жалғыз тұратын жұмыс iстемейтiн азаматтардың 1994 жылғы 15 ақпаннан бастап төрт килограмм ет пен бес жүз грамм сары май сияқты тағамдардың жиынтығы түрiнде заттай жәрдемi ай сайын тегiн алып тұруы қамтамасыз етiлсiн.
      2. Халықты әлеуметтiк қорғау органдарының жанында жұмыс iстейтiн жалғыз тұратын жұмыс iстемейтiн азаматтарды анықтап, есепке алу жөнiндегi комиссияларды қатыстыра отырып әкiмдер:
      - 1994 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осындай жәрдем алушылардың ауқымын анықтасын. Азаматтардың осы аталған санатының тiзiмдiк құрамына енгiзiлуге тиiс адамдарды iрiктеген кезде мiндеттi түрде олардың шын мәнiсiнде жалғыз тұратынын дербес анықтау керек. Отбасыларында тұрып жатқан зейнеткерлер мен мүгедектердiң тамақ күйiнде жәрдем алу мақсатында жалғызiлiктiлердiң қатарына әдейi жатқызылуына жол бермесiн және мұндай жағдайлар орын алғанда, көпшiлiкке кеңiнен жария етсiн;
      - жұмыс iстеп тұрған сауда желiсiнiң негiзiнде әкiмдер бекiткен тiзiмдер бойынша осы аталған жәрдемнiң берiлуiн ұйымдастырсын;
      - сауда желiсiнде осындай тағамдардың жеткiлiктi мөлшерде болуына, тамақ өнiмдерiн тiкелей аталған адамдардың алып тұруына немесе бұл өнiмдердiң тиiстi әлеуметтiк қызметтердiң көмегiмен жеткiзiлiп берiлуiне бақылау жасалуын қамтамасыз етсiн.
      Қазақстан Республикасының сауда министрлiгi 1994 жылғы 1 ақпанға дейiн осы аталған азық-түлiктi алып тұруға құқы беретiн бөлiнбелi түбiршектерi бар дербес чек кiтапшаларының бiрыңғай үлгiсiн бекiтiп, әкiмдерге жiберетiн болсын.
      3. Азық-түлiктi тегiн берудiң құны және оларды алушыларға жеткiзiп беруге кететiн шығыстар жартылай жергiлiктi бюджеттер қаражатының есебiнен және жартылай меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың қайырымдылық жарналарының есебiнен өтелетiн болып белгiленсiн.
      Бақылау жасалуын оңайлату үшiн осы мақсатта бюджет пен қайырымдылық қаражатының келiп түсуi мен жұмсалуын бөлек есепке алу үшiн екi қосалқы шоттары бар арнаулы шоттар ашылатын болып белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылға арналған
мемлекеттiк бюджеттi нақтылаған кезде жергiлiктi бюджеттерге осы
аталған шығыстарды жабу үшiн қосымша қаржы бөлiнуiн көздейтiн
болсын.
     4. Осы Жарлықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Президентi жанындағы Бас бақылау инспекциясына
жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Президентi
     Алматы. 1994 жылғы 18 қаңтар
           N 1509