"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге
уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Заңының
Z933600_
негiзiнде және Қазақстан
Республикасына берiлетiн сыртқы заемдарды тарту жұмысының
ұйымдастырылуын және оның құқықтық, қаржы-экономикалық шарттары
мемлекеттiк реттелуiн тәртiпке келтiру мақсатында қаулы етемiн:
Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Бiрiншi орынбасары
Әкежан Мағжанұлы Қажыгелдин мен Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi Еркешбай Жайлаубайұлы Дербiсовке сыртқы
қаржыландыруға және Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан
Республикасының кепiлдiгiне берiлетiн заемдарға Қазақстан
Республикасының атынан қол қою өкiлеттiгi берiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Алматы, 1994 жылғы 4 сәуiр
N 1619