"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге
уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының
заңына
Z933600_
сәйкес және геологиялық зерделеу мен пайдалы қазбалар
өндiру үшiн жер қойнауын берудi тәртiпке келтiру және жер қойнауын
игеруге отандық және шет ел инвестицияларын ынталандыру
мақсатында қаулы етемiн:
(1-тармақ)
<*>
.
Ескерту. 1-тармақтың күшi жойылған - ҚР Президентiнiң 1996.01.27
N 2828 жарлығымен.
U962828_
2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын
қорғау министрлiгiнiң құрамына Пайдалы қазбалар қоры жөнiндегi
Мемлекеттiк комиссиясы енгiзiлсiн.
3. Республикалық жер қойнауын қорғау және минералды шикiзат
базасын толықтыру қоры нысаналы бюджеттiк қор болып табылады және
ол Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейтiн
геологиялық барлауға және жер қойнауын қорғауға жұмсалған
шығындарды өтеу ставкаларынан жасалатын аударымдардың есебiнен,
сондай-ақ геологиялық ақпарат беруден алынатын түсiмнiң және
лицензиялар беру жөнiнде көрсетiлетiн қызмет үшiн төлемдерден
құралады әрi нысаналы мақсатқа ғана жұмсалады.
4. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол 1992 жылғы 30 мамырдағы
Қазақстан Республикасының Жер қойнауын және минералды шикiзатты
ұқсату туралы Кодексiне тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзiлгенге дейiн қолданылады.
5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Пайдалы қазбалар
қоры жөнiнде мемлекеттiк комиссия құру туралы" 1992 жылғы 18
тамыздағы N 864 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1992 ж., N 30, 437-бап) күшi жойылған деп танылсын.
6. Осы Жарлық оған қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Алматы. 1994 ж. 5 сәуiр
N 1637