Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1995 жылғы жылдық есебiн
қарай келiп, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы"
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының
Z952155_
3-бабына және "Қазақстан Республикасының Президентi туралы"
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар
Жарлығының
Z952733_
15-бабына сәйкес қаулы етемiн:
1. "Артур Андрсен" аудиторлық фирмасының қорытындысы ескерiле
отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 222903.5 млн теңге
сомасындағы баланс валютасымен және 7 981.8 млн теңге сомасындағы
пайдасымен 1995 жылғы қызметiнiң нәтижесi туралы жылдық есебi
бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi 1995 жылғы жылдық
есебiн жарияласын.
3. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының ұсынысымен Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1996 жылғы қызметiнiң нәтижесi бойынша
күтiлiп отырған пайдадан:
- жарғылық қорға - 0;
- резервтiк қорға - 0;
- өндiрiстiк-әлеуметтiк даму қорына - 2537 млн. теңге
жiберiлсiн.
Ұлттық Банктiң 1996 жылғы нақты алынған пайдасының қалған
бөлiгi республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiлсiн.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi