О Казахском государственном информационном агентстве (КазТАГ)

УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН от 10 сентября 1997 г. N 3629

      В целях дальнейшего расширения гласности в деятельности государственных органов Республики Казахстан, более оперативного и объективного обнародования принимаемых ими решений, доступности этих решений для средств массовой информации Республики, а также для аккредитованных в Казахстане представителей иностранных средств массовой информации постановляю:
      1. Упразднить Казахское государственное информационное агентство (КазТАГ).
      2. Правительству Республики Казахстан:
      1) в месячный срок принять решение о создании республиканского казенного предприятия "Казахское информационное агентство (КИА)" (в дальнейшем - казенное предприятие) и определить в качестве его уполномоченного органа Национальное агентство по делам печати и массовой информации Республики Казахстан;
      2) обеспечить передачу создаваемому казенному предприятию необходимого для осуществления его деятельности имущества, в том числе зданий, для размещения головного офиса в городе Акмоле и представительства в городе Алматы;
      3) в месячный срок в установленном порядке обеспечить государственную регистрацию казенного предприятия.
      3. Национальному агентству по делам печати и массовой информации Республики Казахстан в месячный срок обеспечить разработку и утвердить устав казенного предприятия, предусмотрев в нем следующие его основные функции:
      1) бесплатное распространение в казахстанских средствах массовой информации законов Республики Казахстан, актов Президента, Парламента и Правительства Республики Казахстан, других нормативных правовых актов и всей официальной информации о деятельности государственных органов;
      2) обеспечение опубликования в средствах массовой информации комментариев Парламента, Правительства и других государственных органов Республики Казахстан;
      3) выступление в средствах массовой информации по поручению уполномоченных государственных органов с заявлениями по вопросам внутренней и внешней политики, разъяснениями и уточнениями;
      4) информационная поддержка в иностранных средствах массовой информации деятельности государственных органов Республики Казахстан;
      5) сбор материалов иностранных средств массовой информации и их распространение в казахстанских средствах массовой информации;
      6) подготовка собственных разножанровых и конкурентоспособных материалов о всех сторонах жизни Республики, их распространение в казахстанских и иностранных средствах массовой информации;
      7) сбор, накопление и распространение официальной и иной фотоинформации.
      4. Признать утратившим силу постановление Президента Казахской ССР от 22 июля 1991 года N 382 "О преобразовании Информационного агентства при Совете Министров Казахской ССР (КазТАГ)".
      5. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан
 

Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi (ҚазТАГ) туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 10 қыркүйектегi N 3629

      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қызметiнде жариялылықты одан әрi кеңейте түсу, олар қабылдаған шешiмдердi неғұрлым жедел және объективтi түрде жариялау, осы шешiмдердiң Республиканың бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ Қазақстанда тiркелген шетел бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi үшiн ашық болуы мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi (ҚазТАГ) таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) бiр ай мерзiмде "Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚАА)" республикалық қазыналық кәсiпорнын (бұдан былай - қазыналық кәсiпорын) құру туралы шешiм қабылдасын және Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiн оның уәкiлеттi органы ретiнде белгiлесiн;
      2) құрылатын қазыналық кәсiпорынға оның қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi мүлiктiң, соның iшiнде Ақмола қаласында бас офисiнiң және Алматы қаласында өкiлдiгiнiң орналасуы үшiн ғимараттардың берiлуiн қамтамасыз ететiн болсын;
      3) бiр ай мерзiмде белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi бiр ай мерзiмде қазыналық кәсiпорынның жарғысын әзiрлеудi қамтамасыз етiп, бекiтетiн болсын, онда оның мынадай негiзгi функцияларын көздесiн:
      1) Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, парламентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, басқа да нормативтiк құқықтық актiлер мен мемлекеттiк органдардың қызметi туралы барлық ресми ақпаратты тегiн тарату;
      2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, үкiметi мен басқа да мемлекеттiк органдардың түсiндiрмелерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тапсырмалары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында iшкi және сыртқы саясат мәселелерi жөнiнде мәлiмдемелер, түсiнiктер мен нақтылауларды жариялау;
      4) шетел бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қызметiн ақпараттық қолдау;
      5) шетел бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын жинау және оларды Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында тарату;
      6) Республика өмiрiнiң барлық салалары туралы алуан жанарлық әрi бәсекеге қабiлеттi төл материалдарын дайындау, оларды Қазақстан мен шетелдiң бұқаралық ақпарат құралдарында тарату;
      7) ресми және өзге де фотоақпаратты жинау, жинақтау және тарату.
      4. "Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы информация агенттiгiн (ҚазТАГ) қайта құру туралы" Қазақ ССР Президентiнiң 1991 жылғы 22 шiлдедегi N 382 Қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
              Президентi