О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 января 2000 года N 15 "Об утверждении Правил выдачи и отказа в выдаче согласия на открытие филиалов и представительств страховых (перестраховочных) организаций", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1073

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2002 года N 470. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 января 2003 года за N 2112. Утратило силу - постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций Республики Казахстан от 9 января 2006 года N 20 (V064068)

      В целях совершенствования нормативной правовой базы,  регулирующей деятельность страховых (перестраховочных) организаций, Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в  постановление  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 января 2000 года N 15 "Об утверждении Правил выдачи и отказа в выдаче согласия на открытие филиалов и представительств страховых (перестраховочных) организаций" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1073, опубликованное 13-26 марта 2000 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Республики Казахстан", с учетом изменений и дополнений, утвержденных  постановлением  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 апреля 2001 года N 107 "Об утверждении изменений и дополнений в Правила выдачи и отказа в выдаче согласия на  открытие филиалов и представительств страховых (перестраховочных) организаций") следующие дополнения и изменение:
      в Правилах выдачи и отказа в выдаче согласия на открытие филиалов и представительств страховых (перестраховочных) организаций, утвержденных указанным постановлением: 
      пункт 1 дополнить абзацем третьим следующего содержания:
      "Филиал страховой организации должен иметь не менее одного персонального компьютера, оснащенного модемом для приема и передачи электронной почты.";
      пункт 8 дополнить подпунктом 7) следующего содержания:
      "7) документ, подтверждающий место нахождения филиала или представительства.";
      дополнить пунктом 8-1 следующего содержания:
      "8-1. К заявлению о выдаче согласия на открытие на территории Республики Казахстан представительства страховой организации - нерезидента Республики Казахстан помимо документов, предусмотренных пунктом 8 настоящих Правил, прилагается разрешение соответствующего органа страхового надзора государства страховой организации - нерезидента Республики Казахстан на открытие представительства на территории Республики Казахстан либо документ, подтверждающий, что по законодательству соответствующего государства такое разрешение не требуется.
      Документы, представляемые страховой организацией - нерезидентом Республики Казахстан, подлежат легализации в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.";
      в пункте 10 цифры "7, 8, 9" заменить цифрами "7, 8, 8-1, 9".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан. 

      3. Департаменту финансового надзора (Бахмутова Е.Л.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан и страховых (перестраховочных) организаций.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г. 

 
      Председатель
  Национального банка
  Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1073 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беру және келісім беруден бас тарту ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 15 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқарамасының қаулысы. 2002 жылғы 26 қараша N 470. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2112. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20   қаулысымен .
_____________________________

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беру және келісім беруден бас тарту ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 15  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1073 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 13-26 наурызда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беру және келісім беруден бас тарту ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 107 қаулысымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беру және келісім беруден бас тарту ережесінде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Сақтандыру ұйымы филиалының электронды почта қабылдауға және жіберуге арналған модеммен жарақтандырылған кемінде бір дербес компьютері болуы керек.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жерін растайтын құжат.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру ұйымының өкілдігін ашуға келісім беру туралы өтінішке осы Ереженің 8-тармағында көзделген құжаттармен қатар Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру ұйымы мемлекетінің тиісті сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында өкілдікті ашуға рұқсаты, не тиісті мемлекеттің заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтінін растайтын құжат қоса беріледі.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру ұйымы ұсынатын құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен заңдастырылуы тиіс.";
      10-тармақтағы "7, 8, 9" деген сандар "7, 8, 8-1, 9" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
       Төрағасы