Об утверждении Правил осуществления мониторинга и контроля за деятельностью инвесторов

Приказ Председателя Комитета по инвестициям Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 26 марта 2003 года N 19-п. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 апреля 2003 года N 2253. Утратил силу - приказ Председателя Комитета по инвестициям Министерства индустрии и торговли РК от 9 августа 2005 года N 59-п (V053818)

     В целях реализации Закона Республики Казахстан от 8 января 2003 года "Об инвестициях" и в соответствии с подпунктом 17) пункта 10 и подпунктом 3) пункта 11 Положения о Комитете по инвестициям Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 ноября 2002 года N 1220, приказываю:

     1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления мониторинга и контроля за деятельностью инвесторов.

     2. Настоящий приказ вступает в силу со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     Председатель

Утверждены         
приказом Председателя   
Комитета по инвестициям  
Министерства индустрии и  
торговли Республики Казахстан
от 26 марта 2003 года N 19-п
"Об утверждении Правил   
осуществления мониторинга и
контроля за деятельностью  
инвесторов"        

Правила осуществления мониторинга и контроля
за деятельностью инвесторов

     Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об инвестициях" (далее - Закон), постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 ноября 2002 года N 1220 "Некоторые вопросы Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан" и устанавливают порядок осуществления Комитетом по инвестициям Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан (далее - Комитет) мониторинга и контроля за реализацией инвестиционных проектов, исполнением инвесторами взятых на себя обязательств и внесения изменений и (или) дополнений в контракты, заключенные с инвесторами на предоставление инвестиционных преференций (далее - Контракт).

1. Осуществление мониторинга и контроля
за реализацией инвестиционных проектов

     1. Целями осуществления мониторинга и контроля за деятельностью инвесторов являются:
     1) повышение эффективности системы государственной поддержки инвестиций;
     2) обеспечение контроля за исполнением обязательств инвесторами согласно условиям Контракта;
     3) обеспечение ускоренного развития производства товаров, выполнения работ и оказания услуг в приоритетных видах деятельности.

     2. Мониторинг и контроль за деятельностью инвесторов предусматривает анализ отчетов, предоставляемых инвесторами по форме, установленной уполномоченным государственным органом по статистике, аудиторских заключений и осуществление проверок по вопросам исполнения инвесторами контрактных обязательств.

     3. По результатам мониторинга и контроля в случае неисполнения или ненадлежащего исполнения инвестором условий Контракта, Комитет расторгает контракт или вносит изменения и (или) дополнения в контракт.

2. Порядок осуществления мониторинга и контроля

     4. Осуществление Комитетом мониторинга и контроля за деятельностью инвесторов подразделяется на следующие виды:
     1) проверка отчетности, предоставляемой инвесторами о реализации инвестиционных проектов;
     2) проверка аудиторских заключений;
     3) проверка, в том числе документальная с посещением объекта инвестиционной деятельности;
     4) анализ и обобщение полученной отчетности.

     5. Проверка с посещением объекта инвестиционной деятельности проводится на основании приказа Председателя Комитета согласно графику, утверждаемому приказом Председателя Комитета.
     Внеочередная выездная проверка проводится только в случаях, когда имеются достаточные основания полагать об имеющихся нарушениях условий Контракта либо законодательства Республики Казахстан об инвестициях.

     6. По результатам выездной проверки проверяющий подготавливает и подписывает Акт текущего состояния исполнения инвестиционных обязательств по Рабочей программе (далее - Акт), прилагаемой к Контракту.

     7. На основании Акта сотрудник, осуществляющий проверку, готовит отчет о результатах реализации Рабочей программы и Контракта.

     8. В случае неисполнения или ненадлежащего исполнения условий Контракта, Комитет направляет Инвестору уведомление в письменной форме с указанием видов нарушений и устанавливает срок не более трех месяцев для их устранения.

     9. Информация о расторжении Контракта, в целях обеспечения защиты и экономических интересов государства, направляется в налоговые, при необходимости, в таможенные и иные государственные органы для принятия соответствующих мер.

     10. Информация о расторжении Контракта, которым Инвестору был предоставлен государственный натурный грант, направляется в соответствующие государственные органы в сфере управления государственным имуществом и земельными ресурсами для обеспечения возврата натурного гранта в государственную собственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Инвесторлардың қызметіне бақылау және мониторингті жүзеге асырудың Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 26 наурыздағы N 19-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2253. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті Төрағасының 2005 жылғы 9 тамыздағы N 59-п бұйрығымен. 

       Ескерту: Бұйрықтың   күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті Төрағасының 2005 жылғы 9 тамыздағы N 59-п   бұйрығымен .
___________________________________

      2003 жылғы 8 қаңтардағы "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  жүзеге асыру мақсатында және 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220 Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті туралы Ережесінің 10-шы тармағының 17)-ші тармақшасына және 11-ші тармақтың 3)-ші тармақшасына сәйкес Бұйырамын:
      1. Қосы беріліп отырған Инвесторлардың қызметіне бақылау және мониторингті жүзеге асыру Ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға

"Инвесторлардың қызметіне
бақылау және мониторингті
жүзеге асырудың Ережесін
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігі Инвестициялар
жөніндегі комитеті төрағасының
2003 жылғы 26 наурыздағы
N 19-п бұйрығымен бекітілген

  Инвесторлардың қызметіне бақылау және мониторингті
жүзеге асырудың Ережесі

      Осы Ереже "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы  Заңына  (бұдан әрі - Заң), "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220  қаулысына  сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) инвесторлардың өзіне алған міндеттемелерін орындауы және инвестициялық жобаларды іске асыру, инвесторлардың инвестициялық преференцияларды беруге, инвесторлармен жасасқан келісім-шарттарға (бұдан әрі - Келісім-шарт) өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізудің мониторингі және оған бақылауды жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.

  1. Инвестициялық жобаларды іске асырудың мониторингі
мен оған бақылауды жүзеге асыру

      1. Инвесторлардың қызметіне мониторинг пен бақылауды жүзеге
асырудың негізгі мақсаттары:
      1) инвестицияларды мемлекеттік қолдау жүйесінің тиімділігін арттыру;
      2) Келісім-шарттың шарттарына сәйкес инвесторлар міндеттемелерінің орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
      3) қызметтің басым түрлерінде тауарлар өндірісін, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің орындалуын жеделдететін дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Инвестициялық жобаларды іске асырудың мониторингі
мен оған бақылау жасау статистика бойынша уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша инвесторлар ұсынатын есептерге талдауды, және инвесторлардың келісім-шарт міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша аудиторлық қорытындылар мен тексеруді жүзеге асыруды көздейді.

      3. Мониторинг пен бақылау нәтижелері бойынша инвестор Келісім-шарт шарттарын орындамаған немесе талаптағыдай орындамаған жағдайда Комитет келісім-шартты бұзады немесе келісім-шартқа өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді.

  2. Мониторинг және бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      4. Инвесторлар қызметіне мониторинг пен бақылауды Комитеттің жүзеге асыруы мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) инвесторлардың инвестициялық жобаларды іске асыру туралы ұсынған есеп-қисабын тексеру;
      2) инвестициялық жобаларды іске асыру туралы инвесторлар ұсынған есеп-қисапты тексеру;
      3) аудиторлық қорытындыларды тексеру;
      4) тексеру, оның ішінде инвестициялық қызмет объектісіне барып құжаттық тексеру;
      5) алынған есеп-қисапты талдау және жинап, қарау.

      5. Инвестициялық қызмет объектісіне барып тексеру Комитет Төрағасының бұйрығы негізінде Комитет Төрағасының бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
      Кезектен тыс барып тексеру Келісім-шарттың немесе Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнама шарттарын бұзушылықтардың болуын жорамалдауға жеткілікті негіз болған жағдайда жүргізіледі.

      6. Барып тексеру нәтижелері негізінде тексеруші Келісім-шартқа қоса берілетін Жұмыс бағдарламасы бойынша инвестициялық міндеттемелерді орындаудың ағымдағы жағдайы кесімін (бұдан әрі - Кесім) дайындап, қол қояды.

      7. Кесім негізінде тексеруді жүзеге асыратын қызметкер Жұмыс бағдарламасы мен Келісім-шартты іске асыру нәтижелері туралы есеп дайындайды.

      8. Келісім-шарттың шарттары орындалмаған немесе талаптағыдай орындалмаған жағдайда Комитет Инвесторларға бұзушылықтардың түрлерін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жібереді және оларды жоюға үш айдан артық емес мерзім беріледі.

      9. Келісім-шарттың бұзылғаны туралы ақпарат мемлекеттік қорғау және экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шараларды қабылдау үшін салық, қажет болған жағдайда кедендік және өзге де мемлекеттік органдарға жіберіледі.

      10. Инвесторларға мемлекеттік заттай грант берілген Келісім-шартты бұзу туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес заттай грантты мемлекеттік меншікке қайтаруды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мүлік және жер ресурстарын басқару саласындағы тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі.