Об утверждении Инструкции определения статуса оралмана и включения их в квоту иммиграции оралманов

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по миграции и демографии от 8 августа 2003 г. N 60-П. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 августа 2003 г. за N 2430. Утратил силу - приказом Председателя Агентства РК по миграции и демографии от 17 августа 2004 года N 70-П (V043078)

      В соответствии с Законом  Республики Казахстан "О миграции населения", приказываю:

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию определения статуса оралмана и включения их в квоту иммиграции оралманов.

      2. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Приказ  Агентства Республики Казахстан по миграции и демографии от 12 мая 1999 года N 5 "Об утверждении Инструкции о порядке определения статуса репатрианта (оралман), реэмигранта, переселенца, а также вынужденного переселенца", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 19 мая 1999 года N 767, признать утратившим силу.

      И.о. Председателя

                                               УТВЕРЖДЕНА
                                       Приказом И.о. Председателя
                                          Агентства Республики
                                 Казахстан по миграции и демографии
                                      от 8 августа 2003 года N 60-П

                               Инструкция
                     определения статуса оралмана
              и включения их в квоту иммиграции оралманов

                         1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция разработана в соответствии с Законом  Республики Казахстан "О миграции населения" и предусматривает определение статуса оралмана и включения их в квоту иммиграции.
      2. В настоящей Инструкции используются следующие понятия и термины:
      1) оралманы - иностранцы или лица без гражданства казахской национальности, постоянно проживавшие на момент приобретения суверенитета Республикой Казахстан за ее пределами и прибывшие в Казахстан с целью постоянного проживания;
      2) квота иммиграции оралманов - число семей оралманов, ежегодно допускаемых к переселению на территорию Республики Казахстан, на которых распространяются льготы и компенсации в соответствии с Законом ;
      3) территориальный орган - территориальные подразделения Агентства Республики Казахстан по миграции и демографии, осуществляющие отбор семей оралманов и включение их в квоту иммиграции оралманов (далее - территориальный орган);
      4) уполномоченный орган по вопросам миграции населения - центральный исполнительный орган, осуществляющий реализацию политики и координирующий работу в области миграции населения (далее - уполномоченный орган).
      3. Действие настоящей Инструкции распространяется на иностранцев или лиц без гражданства казахской национальности, постоянно проживавших на момент приобретения суверенитета Республикой Казахстан за ее пределами, целью которых является постоянное проживание в Республике Казахстан. Этим моментом определить дату 16 декабря 1991 года - День независимости Республики Казахстан.

                 2. Документы, необходимые для определения
                  статуса оралмана и включения их в квоту
                             иммиграции оралманов

      4. Лица, ходатайствующие о предоставлении статуса оралмана и включении их в квоту иммиграции оралманов представляют следующие документы:
      1) ходатайство о предоставлении статуса оралмана и включении их в квоту иммиграции оралманов;
      2) автобиографию;
      3) документы, удостоверяющие личность ходатайствующего и членов семьи, переселившихся с ним (заверенные нотариусом копии паспортов, удостоверений личности, свидетельств о рождении, свидетельств о браке или развода, аттестатов, дипломов, военных билетов).

                  3. Условия определения статуса оралмана
                и включения их в квоту иммиграции оралманов

      5. Ходатайства лиц о предоставлении статуса оралмана и включении их в квоту иммиграции оралманов подаются одним из совершеннолетних членов семьи лично в дипломатические представительства, консульские учреждения Республики Казахстан за рубежом или непосредственно в уполномоченный орган.
      6. Включение семей оралманов в квоту иммиграции предусматривает:
      1) изучение документов ходатайствующих, с целью проверки (оценки) достоверности сведений;
      2) присвоение статуса оралмана;
      3) включение в квоту иммиграции оралманов.
      7. Решение о предоставлении статуса оралмана и включении в квоту иммиграции принимается комиссией, созданной руководителем территориального органа в течение двух месяцев со дня выхода Указа Президента Республики Казахстан о квоте иммиграции оралманов на каждый календарный год.
      8. Лицам, признанным оралманами, а также включенным в ежегодную квоту иммиграции оралманов, выдается удостоверение установленного образца и заполняется карточка учета оралманов.
      9. При отказе в признании лица оралманом или включении в квоту иммиграции ходатайствующему в месячный срок со дня принятия решения вручается письменное уведомление в виде копии решения.

Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 60-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2430. Күші жойылды - ҚР көші-қон және демография жөніндегі Агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 17 тамыздағы N 70-ө (V043078) бұйрығымен.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 19 мамырда N 767 тіркеуден өткен "Оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы, сондай-ақ мәжбүрлі түрде қоныс аударушы мәртебесін анықтау тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі Агенттігінің 1999 жылғы 12 мамырдағы N 5  бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.

       Төраға
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасының  
Көші-қон және демография  
жөніндегі агенттігі    
төрағасы м.а.       
2003 жылғы 8 тамыздағы   
N 60-ө бұйрығымен     
БЕКІТІЛГЕН         

  Оралман мәртебесін айқындау және оларды
оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу
нұсқаулығы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандарды көшіп келу квотасына енгізуді көздейді.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) оралмандар - ұлты қазақ шетелдіктер немесе Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген азаматтығы жоқ адамдар;
      2) оралмандардың көшіп келу квотасы - Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударуға жыл сайын жол берілетін, Заңға сәйкес жеңілдіктер мен өтем берілетін оралмандар отбасыларының саны;
      3) аумақтық орган - Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің оралмандар отбасыларын іріктеуді және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді жүзеге асыратын аумақтық органы (бұдан әрі - аумақтық орган);
      4) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - халықтың көші-қоны саласындағы саясатты іске асырушы және жұмысты үйлестіруші орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган).

      3. Осы Нұсқаулықтың күші мақсаты Қазақстанға тұрақты тұру болып табылатын, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған, ұлты қазақ шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға тарайды. Бұл кезең 1991 жылғы 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні деп белгіленсін.

  2. Оралман мәртебесін айқындау және оларды
оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу
үшін қажетті құжаттар

      4. Оралман мәртебесін беру және өздерін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш білдіруші адамдар мына құжаттарды табыс етеді:
      1) оралман мәртебесін беру және өздерін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш;
      2) қысқаша өмірбаян;
      3) өтініш білдірушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорттарының, жеке куәліктерінің, туу туралы куәліктерінің, неке туралы немесе ажырасқандығы туралы куәліктерінің, аттестаттарының, дипломдарының, әскери билеттерінің нотариат куәландырған көшірмесі).

  3. Оралман мәртебесін айқындау және оларды
оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу
шарттары

      5. Оралмандар мәртебесін беру және өздерін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті отбасының кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің бірі өз қолымен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе тікелей уәкілетті органға тапсырады.

      6. Оралмандардың отбасыларын көшіп келу квотасына енгізу:
      1) өтініш білдірушілердің құжаттарын мәліметтердің дұрыстығын тексеру (бағалау) мақсатымен зерделеуді;
      2) оралман мәртебесін беруді;
      3) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді көздейді.

      7. Оралман мәртебесін беру және көшіп келу квотасына енгізу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Президентінің әрбір күнтізбелік жылға арналған Көшіп келу квотасы туралы Жарлығы шыққан күннен бастап екі ай ішінде аумақтық орган басшысы құрған комиссия қабылдайды.

      8. Оралман деп танылған және жыл сайынғы оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі және оралмандардың есеп карточкасы толтырылады.

      9. Адамды оралман деп танудан немесе көшіп келу квотасына енгізуден бас тартылған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзім ішінде өтініш білдірушіге шешімнің көшірмесі түрінде жазбаша хабарлама беріледі.