О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 августа 1999 года N 276 «Об утверждении Правил ведения документации по кредитованию банками второго уровня», зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 904

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 4 августа 2003 года N 287. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 сентября 2003 г. за N 2476. Утратило силу - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 февраля 2007 года N 49 (вводится в действие с 1 апреля 2007 года).

       Сноска. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 4 августа 2003 года N 287 утратило силу - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 февраля 2007 года  N 49  (вводится в действие с 1 апреля 2007 года).

      В целях совершенствования нормативной правовой базы, регулирующей деятельность банков второго уровня, Правление Национального Банка Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. В  постановление  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 августа 1999 года N 276 «Об утверждении Правил ведения документации по кредитованию банками второго уровня» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 904, опубликованное 27 сентября - 10 октября 1999 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан «Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы» и «Вестник Национального Банка Казахстана»), с изменениями и дополнениями, утвержденными постановлениями Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 января 2001 года  N 15  (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1424), от 1 августа 2002 года  N 279  (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1965) и от 21 апреля 2003 года  N 130  (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 2344), внести следующие дополнения:
      в Правилах ведения документации по кредитованию банками второго уровня, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 1 дополнить восьмым абзацем следующего содержания:
      «инвестиционный заҰм (кредит) - заҰм (кредит), соответствующий следующим требованиям:
      1) срок займа семь и более лет;
      2) условиями договора займа установлен запрет на досрочное (полное или частичное) погашение;
      3) заем предоставляется юридическому лицу в соответствии с его бизнес-планом, предусматривающим реализацию комплекса мероприятий, направленных на создание, расширение и модернизацию материального производства, производственной и транспортной инфраструктуры.»;
      пункт 11 дополнить девятнадцатым абзацем следующего содержания:
      «Бизнес-план должника, в соответствии с которым предоставляется инвестиционный заҰм (кредит), не ограничиваясь нижеследующим, должен предусматривать следующие сведения:
      товары, предполагаемые для производства в рамках бизнес-плана;
      рынки сбыта, в том числе прогнозируемые объемы производства и себестоимости товаров;
      основные элементы маркетинга (схемы распространения товаров, ценообразование, методы стимулирования продаж);
      детализированный по годам план производства совместно со схемой технологических связей (процессов контроля качества продукции и оценкой возможных издержек производства, приобретения производственного оборудования);
      оценка рисков и управления ими;
      детализированные по годам финансовый план (финансовые показатели реализации бизнес-плана по годам, источники и объемы финансирования бизнес-плана и погашения инвестиционного кредита) и смета расходов.». 

      2. Департаменту финансового надзора (Бахмутова Е.Л.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата и территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан, а также банков второго уровня.

      3. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
 
      Председатель
  Национального Банка

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 904 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 287 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2476. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы   N 49   (қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз) қаулысымен.
_____________________________

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 904 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 27 қыркүйек-10 қазанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 қаңтардағы  N 15  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1424 тіркелген), 2002 жылғы 1 тамыздағы  N 279  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1965 тіркелген) және 2003 жылғы 21 сәуірдегі  N 130  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2344 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістер және толықтырулармен бірге) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесінде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      "инвестициялық заем (кредит) - бұл мынадай талаптарға сәйкес келетін заем (кредит):
      1) заем мерзімі жеті және одан астам жылдар;
      2) заем шартының талаптарымен тез арада өтеуге (толық немесе ішінара) тыйым салу белгіленген;
      3) материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қарастыратын заңды тұлғаға оның бизнес-жоспарына сәйкес беріледі.";

      11-тармақ мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Инвестициялық заемдарда (кредиттерде) борышкердің бизнес-жоспары төмендегілермен шектелмей, мынадай мәліметтерді қарастыруға тиіс:
      бизнес-жоспар шеңберінде өндіріс үшін ұсынылатын тауарлар;
      өткізу рыноктары, оның ішінде өндірістің болжанатын көлемі және тауарлардың өзіндік құны;
      маркетингтің негізгі элементтері (тауарларды тарату кестесі, баға белгілеу, сатуды ынталандыру әдістері);
      технологиялық байланыстар кестесімен бірлесіп жасалған жылдар бойынша өндірістің жан-жақты жоспары (өнім сапасын бақылау және өндірістің ықтимал шығындарын бағалау процестері, өндіріс жабдықтарын сатып алу);
      тәуекелдерді бағалау және оларды басқару;
      жылдар бойынша жан-жақты қаржы жоспары (жылдар бойынша бизнес-жоспарын іске асырудағы қаржы көрсеткіштері және бизнес-жоспарды қаржыландыру көлемі мен инвестициялық кредитті өтеу) және шығыстар сметасы.".

      2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы