Об утверждении Правил проведения научно-медицинской экспертизы

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 сентября 2003 года N 661. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 сентября 2003 года N 2511. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 12 ноября 2009 года № 696

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 12.11.2009 № 696 (порядок введения в действие см. п. 6).

      Во исполнение  Закона Республики Казахстан от 4 июня 2003 года N 430 "О системе здравоохранения" приказываю:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения научно-медицинской экспертизы.

      2. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на директора Департамента медицинской науки и образования Хамзину Н.К.

      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

       И.о. Министра

        

Утверждены          
приказом и.о. Министра   
здравоохранения       
Республики Казахстан    
от 8 сентября 2003 года N 661

      

Правила
проведения научно-медицинской экспертизы

  1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения научно-медицинской экспертизы (далее - Правила) разработаны в соответствии с  Законом Республики Казахстан "О системе здравоохранения" и определяют порядок проведения экспертизы научной деятельности в области здравоохранения Республики Казахстан. K090193
      2. Научно-медицинская экспертиза проводится коллегиальным экспертным органом (Ученым советом), создаваемым уполномоченным органом Республики Казахстан в области здравоохранения (далее - уполномоченный орган).

  2. Основные принципы и задачи научно-медицинской
экспертизы

      3. Основными принципами научно-медицинской экспертизы являются:
      1) независимость и объективность;
      2) ориентация на мировой уровень развития медицинской науки;
      3) вынесение заключений по объектам научно-медицинской деятельности (далее - объекты) исключительно на основании информации, содержащейся в материалах, представленных на экспертизу;
      4) обеспечение конфиденциальности информации по объектам и недопустимость использования ее для целей, не предусмотренных экспертизой, а также сведений об экспертах и результатах их работы.
      4. Основными задачами экспертизы являются:
      1) определение эффективности и результативности предлагаемых научно-медицицинских объектов;
      2) оценка значимости полученных результатов (на стадиях выполнения, завершения и внедрения) финансируемых объектов научно-технической деятельности и разработка рекомендаций о продолжении, изменении и прекращении финансирования;
      3) оценка научной состоятельности и возможности реализации планируемых объектов.

      

3. Объекты научно-медицинской деятельности,
подлежащие экспертизе

      5. Объектами научно-медицинской деятельности, подлежащими экспертизе являются:
      1) проекты программ фундаментальных и прикладных научных исследований;
      2) республиканские целевые научно-медицинские программы;
      3) результаты завершенных научно-медицинских программ и проектов;
      4) научные работы, выдвигаемые на соискание государственных наград Республики Казахстан;
      5) научно-медицинские разработки, планируемые для внедрения в практику здравоохранения.

      

4. Порядок и условия проведения научно-медицинской
экспертизы

      6. Разработчики объектов направляют в уполномоченный орган следующие материалы:
      1) сопроводительное письмо за подписью первого руководителя организации-разработчика;
      2) выписку из протокола заседания Ученого совета организации-разработчика об утверждении объекта научно-технической деятельности;
      3) 2 экземпляра и электронную версию объекта на дискете 3,5" в редакторе Microsoft Word в виде текстового файла *doc или *rtf.
      7. Материалы по объектам экспертизы направляются экспертам коллегиального экспертного органа (члену Ученого совета).
      8. По результатам проведенной экспертизы эксперты в сроки, не превышающие десяти календарных дней составляют заключение, содержащее объективные, мотивированные, научно-обоснованные выводы по объектам экспертизы.
      9. По результатам обсуждения заключения экспертов коллегиальный экспертный орган выносит:
      1) положительное экспертное заключение;
      2) экспертное заключение о необходимости доработки;
      3) отрицательное экспертное заключение.
      10. Экспертное заключение оформляется в виде постановления коллегиального экспертного органа и утверждается уполномоченным органом.
      11. О принятом решении уполномоченный орган информирует организацию-разработчика в месячный срок.
      12. Объекты экспертизы, дважды направленные на доработку и вновь представленные с неустраненными замечаниями, в дальнейшем не рассматриваются.
      13. Научно-медицинская экспертиза проводится в срок, не превышающий девяносто календарных дней со дня представления объектов научно-медицинской деятельности в уполномоченный орган.  <*>
     Сноска. В пункт 13 внесены изменения - приказом Министра здравоохранения РК от 22 сентября 2005 года N  467 (вступает в силу со дня гос.регистрации в МЮ РК).
      14. Споры, связанные с процедурой проведения научно-медицинской экспертизы, рассматриваются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 661 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2511. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы N 696 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.11.2009 N 696 Бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді).

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы N 430  Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Медициналық ғылым және білім департаментінің директоры Н.Қ.Хамзинаға жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің 
2003 жылғы 8 қыркүйектегі  
N 661 бұйрығымен       
бекітілген          

  Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу
ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметке сараптама жүргізудің тәртібін айқындайды. K090193

      2. Ғылыми-медициналық сараптаманы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі - уәкілетті орган) құрған алқалы сараптау органы жүргізеді.

  2. Ғылыми-медициналық сараптаманың негізгі
қағидаттары мен міндеттері

      3. Ғылыми-медициналық сараптаманың негізгі қағидаттары:
      1) тәуелсіздік және объективтілік;
      2) медицина ғылымын дамытудың әлемдік деңгейіне бағдарлану;
      3) сараптамаға берілген материалдардағы ақпараттардың айрықша негіздерінде ғылыми-медициналық қызмет объектілері (бұдан әрі - объектілер) бойынша қорытындылар жасау;
      4) объектілер бойынша ақпараттардың құпиялылығын және оны, сондай-ақ сарапшылар мен олардың жұмыстарының қорытындылары туралы мәліметтерді сараптамада көзделмеген мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмеуін қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Сараптаманың негізгі міндеттері:
      1) ұсынылатын ғылыми-медициналық объектілердің тиімділігі мен нәтижелілігін анықтау;
      2) ғылыми-техникалық қызметтің қаржыландырылатын объектілерінің алынған нәтижелерінің (орындау, аяқтау және енгізу сатысында) маңыздылығын бағалау және қаржыландыруды жалғастыру, өзгерту және тоқтату туралы ұсынымдарды әзірлеу;
      3) жоспарланатын объектілердің ғылыми дәлелділігін және іске асырудың мүмкіндігін бағалау болып табылады.

  3. Сараптауға жататын ғылыми-медициналық
қызметтің объектілері

      4. Сараптауға жататын ғылыми-медициналық қызметтің объектілері:
      1) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары;
      2) республикалық мақсатты ғылыми-медициналық бағдарламалар;
      3) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалар мен жобалардың нәтижелері;
      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылатын ғылыми жұмыстар;
      5) денсаулық сақтау практикасына енгізу үшін жоспарланатын ғылыми-медициналық әзірлемелер болып табылады.

  4. Ғылыми-медициналық сараптама жүргізудің
тәртібі мен шарттары

      6. Объектілерді әзірлеушілер уәкілетті органға мынадай материалдарды жолдайды:
      1) әзірлеуші-ұйымның бірінші басшысының қолы қойылған ілеспе хат;
      2) әзірлеуші-ұйымның Ғылыми кеңесі отырысының ғылыми-техникалық қызмет объектісін бекіту туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
      3) объектінің 2 данасын және Microsoft Word редакторының *doc немесе *rtf мәтіндік файлы түрінде 3,5" дискеттегі электрондық нұсқасы.

      7. Сараптама объектілері бойынша материалдар алқалы сараптау органының сарапшыларына (Ғылыми кеңестің мүшесіне) жолданады.

      8. Жүргізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша сарапшылар он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде сараптау объектілері бойынша объективті, дәлелденген, ғылыми негізделген қорытынды жасайды.

      9. Сарапшылардың қорытындыларын талқылау нәтижелері бойынша алқалы сараптау органы:
      1) оң сараптама қорытындысын;
      2) пысықтаудың қажеттігі туралы сараптама қорытындысын;
      3) теріс сараптама қорытындысын шығарады.

      10. Сараптау қорытындысы алқалы сараптау органының қаулысы түрінде ресімделеді де, уәкілетті орган бекітеді.

      11. Қабылданған шешім туралы уәкілетті орган бір ай мерзімде әзірлеуші-ұйымды хабардар етеді.

      12. Екі мәрте пысықтауға жіберілген және кемшіліктері жойылмай қайта ұсынылған сараптау объектілері бұдан әрі қаралмайды.

      13. <*>
       Ескерту: 13-тармақ алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 467   бұйрығымен .

      14. Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу рәсіміне байланысты даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қаралады.