Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2013 № 397 бұйрығымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 64-бабының 2-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. "Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 661 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 467 бұйрығымен (N 3888 нормативтік-құқықтық актілерінің реестрінде тіркелген, "Юридическая газетаның" 2005 жылға 23 қарашадағы N 217 (951) нөмірінде жарияланған) өзгерістер енгізілген "Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 661 бұйрығының (N 2511 нормативтік-құқықтық актілерінің тізілімінде тіркелген, "Официальная газетаның" 2003 жылғы 25 қазандағы N 43 (148) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ж. Досқалиев
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 12 қарашадағы
N 696 бұйрығымен бекітілген
Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының (бұдан әрі – уәкілетті орган) ғылыми-медициналық сараптаманы жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Ғылыми-медициналық сараптаманы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы құрған алқалы сараптау органы (бұдан әрі – уәкілетті органның Ғылыми кеңесі) жүргізеді.
3. Ғылыми-медициналық сараптаманың объектілерін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар құрған алқалы сараптау органы (бұдан әрі – ұйымның Ғылыми кеңесі) бекітеді.
2. Ғылыми-медициналық сараптаманың негізгі қағидаттары мен міндеттері
4. Ғылыми-медициналық сараптаманың негізгі қағидаттары:
1) тәуелсіздік және объективтілік;
2) медицина ғылымын дамытудың әлемдік деңгейіне бағдарлану;
3) сараптамаға берілген материалдардағы ақпараттар негізінде ғылыми-медициналық қызмет объектілері (бұдан әрі – объектілер) бойынша қорытындылар жасау;
4) объектілер бойынша ақпараттардың құпиялылығын және оны, сондай-ақ сарапшылар мен олардың жұмыстарының қорытындылары туралы мәліметтерді сараптамада көзделмеген мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмеуін қамтамасыз ету болып табылады.
5. Ғылыми-медициналық сараптаманың негізгі міндеттері:
1) ұсынылатын ғылыми-медициналық объектілердің тиімділігі мен нәтижелілігін анықтау;
2) ғылыми-техникалық қызметтің қаржыландырылатын объектілерінің алынған нәтижелерінің (орындау, аяқтау және енгізу сатысында) маңыздылығын бағалау және қаржыландыруды жалғастыру, өзгерту және тоқтау туралы ұсынымдарды әзірлеу;
3) жоспарланатын объектілердің ғылыми дәлелділігін және іске асырудың мүмкіндігін бағалау болып табылады.
3. Ғылыми-медициналық сараптаманың объектілері
6. Сараптауға жататын ғылыми-медициналық сараптаманың объектілері:
1) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары;
2) республикалық мақсатты ғылыми-медициналық бағдарламалар;
3) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың нәтижелері;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылатын ғылыми жұмыстар;
5) денсаулық сақтау практикасына енгізу үшін жоспарланатын ғылыми-медициналық әзірлемелер болып табылады
4. Ғылыми-медициналық сараптама жүргізудің тәртібі мен шарттары
7. Ғылыми-медициналық сараптама объектілерін әзірлеушілер (бұдан әрі – Әзірлеуші) уәкілетті органға мынадай материалдарды жолдайды:
1) Әзірлеуші-ұйымның бірінші басшысының қолы қойылған ілеспе хат;
2) ұйымның Ғылыми кеңесі отырысының ғылыми-медициналық сараптама объектісін бекіту туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
3) объектінің 2 қағаздық данасын және Microsoft Word редакторының "doc" немесе "rtf" мәтіндік файлы түрінде "А 3,5" дискеттегі электрондық нұсқасы.
8. Ғылыми-медициналық сараптама оның объектілерін уәкілетті органға ұсынған күннен бастап 90 күнтізбелік күнге дейінгі мерзім ішінде жүргізіледі.
9. Уәкілетті органның Ғылыми кеңесі сарапшылар қорытындыларының нәтижесі бойынша:
1) оң сараптама қорытындысын;
2) пысықтаудың қажеттігі туралы сараптама қорытындысын;
3) теріс сараптама қорытындысын шығарады.
10. Сараптау қорытындысы алқалы сараптау органының қаулысы түрінде рәсімделеді де, уәкілетті орган бекітеді.
11. Қабылданған шешім туралы уәкілетті орган бір ай мерзімде Әзірлеушіні хабардар етеді.
12. Бұрын пысықтауға жіберілген және кемшіліктері жойылмай қайта ұсынылған ғылыми-медициналық сараптама объектілері қаралмайды.