О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 февраля 2003 года N 62 "Об утверждении Инструкции по лицензированию производства гербовой бумаги", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 2233

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 17 сентября 2003 года N 341. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 октября 2003 г. за N 2534. Утратило силу - постановлением Правления Национального Банка РК от 27 августа 2005 года N 93 (V053847) (порядок введения в действия см. п.3 пост. N 93 (V053847)

      В целях совершенствования нормативной правовой базы, регулирующей порядок лицензирования деятельности по производству гербовой бумаги, Правление Национального Банка Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. В  постановление  Правления Национального Банка Республики Казахстан "Об утверждении Инструкции по лицензированию производства гербовой бумаги" от 25 февраля 2003 года N 62 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 2233, опубликованное 21 апреля - 4 мая 2003 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана") внести следующие изменения и дополнения:
      в Инструкции по лицензированию производства гербовой бумаги, утвержденной указанным постановлением:
      пункт 4 дополнить словами "(далее - квалификационные требования)";
      во втором абзаце подпункта 3) пункта 5 слова "и порядок его уплаты устанавливаются налоговым" заменить словом "устанавливается";
      пункт 8 изложить в следующей редакции:
      "8. Для определения соответствия заявителя квалификационным требованиям Национальный Банк создает постоянно действующую комиссию (далее - комиссия).";
      дополнить пунктами 8-1 и 8-2 следующего содержания:
      "8-1. По результатам проверки заявителя комиссией составляется Акт о готовности юридического лица (физического лица, осуществляющего предпринимательскую деятельность без образования юридического лица) к осуществлению деятельности по производству гербовой бумаги (далее - акт).
      8-2. Акт составляется в 2 (двух) экземплярах и подписывается председателем, всеми членами комиссии и первым руководителем заявителя либо лицом, его замещающим. Один экземпляр акта передается заявителю.
      На основании акта комиссией составляется письменное заключение о возможности или невозможности выдачи заявителю лицензии на осуществление деятельности по производству гербовой бумаги.";
      пункт 10 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Лицензия выдается первому руководителю заявителя или иному лицу на основании соответствующей доверенности заявителя.";
      пункт 11 исключить;
      в наименовании Главы 3 после слов "отзыв лицензии" союз "и" заменить союзом "или";
      в пункте 15 слова "и приостановление ее действия" исключить;
      дополнить пунктами 15-1 - 15-4 следующего содержания:
      "15-1. В целях контроля за соблюдением требований настоящей Инструкции и законодательства Республики Казахстан, регулирующего лицензирование производства гербовой бумаги, Национальный Банк осуществляет плановые и внеплановые проверки деятельности лицензиата.
      При выявлении нарушений требований законодательства Республики Казахстан, регулирующего лицензирование производства гербовой бумаги, Национальный Банк вправе приостановить действие лицензии на срок до шести месяцев. В постановлении Правления Национального Банка о приостановлении действия лицензии указываются основания и срок приостановления действия лицензии.
      15-2. При приостановлении действия лицензии лицензиат ежемесячно уведомляет Национальный Банк о мерах, принятых им для устранения причин приостановления действия лицензии.
      15-3. Действие лицензии возобновляется на основании соответствующего постановления Правления Национального Банка при представлении лицензиатом документов, свидетельствующих об устранении причин приостановления действия лицензии.
      15-4. Национальный Банк вправе осуществить проверку деятельности лицензиата в целях получения подтверждения информации об устранении нарушений, явившихся основанием для приостановления действия лицензии.";
      приложение 2 исключить.      

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Управлению платежных систем (Мусаев Р.Н.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата и территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан.

      4. Управлению по обеспечению деятельности руководства Национального Банка Республики Казахстан (Терентьев А.Л.) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан обеспечить публикацию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Жамишева Б.Б.

       Председатель
   Национального Банка 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2233 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялау бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 25 ақпандағы N 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N 341 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 қазанда тіркелген. Тіркеу N 2534. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 93 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 93   қаулысымен .
_________________________

      Елтаңбалық қағаз шығару бойынша қызметті лицензиялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялау бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 25 ақпандағы N 62  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2233 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 21 сәуір - 4 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялау бойынша нұсқаулыққа:
      4-тармақ "(бұдан әрі - біліктілік талаптары)" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтың 3) тармақшасындағы екінші абзацта мемлекеттік тілдегі мәтініндегі "мен оны төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленеді" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Ұлттық Банк өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады.";

      мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "8-1. Комиссия өтініш берушіні тексеру нәтижелері бойынша заңды тұлғаның (заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның) елтаңбалық қағаз шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға дайындығы туралы акт (бұдан әрі - акт) жасайды.

      8-2. Акт 2 (екі) данада жасалады және оған комиссия төрағасы, барлық мүшелері және өтініш берушінің бірінші басшысы не оның орнындағы адам қол қояды. Актінің бір данасы өтініш берушіге беріледі.
      Комиссия актісінің негізінде өтініш берушіге елтаңбалық қағаз шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы жазбаша қорытынды жасайды.

      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Лицензия өтініш берушінің тиісті сенімхаты негізінде өтініш берушінің бірінші басшысына немесе өзге тұлғаға беріледі.";

      11-тармақ алынып тасталсын;
      3-тараудың атауындағы "лицензияны қайтарып алу" деген сөздерден кейінгі "және" деген шылау "немесе" деген шылаумен ауыстырылсын;

      15-тармақтағы "және қолданылуын тоқтата тұру" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 15-1-15-4 тармақтармен толықтырылсын:
      "15-1. Осы Нұсқаулықтың және Қазақстан Республикасының елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялауды реттейтін заңдары талаптарының сақталуын бақылау мақсатында Ұлттық Банк лицензиаттың қызметін жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялауды реттейтін заңдарының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде Ұлттық Банк лицензияның қолданылуын алты ай мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Ұлттық Банк Басқармасының лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулысында лицензияның қолданылуын тоқта тұру негіздері және мерзімі көрсетіледі.

      15-2. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат ай сайын лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерін жою үшін өзі қабылдаған шаралар туралы Ұлттық Банкке хабарлайды.

      15-3. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерін жою жөнінде куәландыратын құжаттарды берген кезде лицензияның қолданылуы Ұлттық Банк Басқармасының тиісті қаулысы негізінде жаңғыртылады.

      15-4. Ұлттық Банк лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіздеме болып табылатын құқық бұзушылықтарды жою жөніндегі ақпаратқа растама алу мақсатында лицензиаттың қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.";

      2-қосымша алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмішевке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы